Құрылтайда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
Құрылтайға ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-президенті, Аустрия Парламенті Ұлттық кеңесінің депутаты Гудрун Куглер келді. Кездесу Құрылтайдың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, жуырда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалған депутат Дана Медеуованың төрағалығымен өтті.
Кездесуге қатысушылар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, климаттың өзгеруі мен демографиялық тұрақтылық мәселелерін, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
Кездесуде климаттық және демографиялық өзгерістердің өзара байланысына, су қауіпсіздігі мәселелеріне және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды.
Талқылауға Құрылтай депутаттары Әсел Баденова, Евгений Больгерт, Шахмардан Байманов, Юлия Кучинская, Айдос Сарым және Нұргүл Тау қатысты.
Толығырақ•
В Курултае обсудили перспективы сотрудничества с Парламентской ассамблеей ОБСЕ
Курултай посетила Вице-президент Парламентской ассамблеи ОБСЕ, депутат Национального совета Австрии Гудрун Куглер. Встреча прошла под председательством депутата Курултая Даны Медеуовой, недавно назначенной Специальным представителем ПА ОБСЕ по вопросам изменения климата.
Стороны обсудили развитие межпарламентского сотрудничества, вопросы климатической и демографической устойчивости, а также перспективы реализации совместных инициатив.
Особое внимание уделили климатическим и демографическим изменениям, водной безопасности и инициативе Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева по созданию Международной водной организации под эгидой ООН.
В обсуждении также приняли участие депутаты Курултая Асель Баденова, Евгений Больгерт, Шахмардан Байманов, Юлия Кучинская, Айдос Сарым и Нургул Тау.
Подробнее