Jas Alash Telegram channel photo

Jas Alash

@jasalashkzPublic Channel

Бізден тек сапалы жаңалық! Парақшаға тіркелуді ұмытпаңыз🤝

74

Last views

2.3k (2,340 subscribers)
Мүшелер
—
Rating
65
Total Posts
Oct 16, 2026, 2:25 AM
Жаңартылған
Apr 13, 2026
Created
Stats

Сіз қазақ тіліндегі контентті көріп отырсыз. Басқа тілдегі контентті көру үшін сайт тілін өзгертіңіз.

Channel Information

Channel Information
Channel NameJas Alash
Username@jasalashkz
CategoryЖаңалықтар және газеттер
Languageқазақ тілі
CountryҚазақстан
Мүшелер2,340
Channel TypePublic Channel
Created2026 ж. 13 сәу.
Last Updated2026 ж. 16 қаз. • 6 күн бұрын
StatusActive

Рейтинг

Жалпы рейтинг
#45562+206
Тіл бойынша рейтинг
#55Өзгеріс жоқ
Санат бойынша рейтинг
#428+5

Жазылушылардың өсуі

Барлығы: 2.3K30 Days growth: +1516.9%
09/1609/2109/2610/0110/0610/1110/15
Жазылушылардың өсуі - 30 Days
DateSubscribers
16:09:20262,189
17:09:20262,189
18:09:20262,167
19:09:20262,167
20:09:20262,167
21:09:20262,167
22:09:20262,167
23:09:20262,167
24:09:20262,167
25:09:20262,167
26:09:20262,167
27:09:20262,167
28:09:20262,167
29:09:20262,167
30:09:20262,167
01:10:20262,167
02:10:20262,167
03:10:20262,167
04:10:20262,167
05:10:20262,167
06:10:20262,167
07:10:20262,167
08:10:20262,167
09:10:20262,167
10:10:20262,167
11:10:20262,167
12:10:20262,167
13:10:20262,167
14:10:20262,167
15:10:20262,340
Жазылушылардың өсуі - Weekly
DateSubscribers
Week of 06:04:20261,570
Week of 13:04:20261,565
Week of 20:04:20261,565
Week of 27:04:20261,636
Week of 04:05:20261,636
Week of 11:05:20261,636
Week of 18:05:20261,858
Week of 25:05:20261,858
Week of 01:06:20261,858
Week of 08:06:20261,858
Week of 15:06:20261,858
Week of 22:06:20261,858
Week of 29:06:20262,031
Week of 06:07:20262,031
Week of 13:07:20262,031
Week of 20:07:20262,031
Week of 27:07:20262,031
Week of 03:08:20262,031
Week of 10:08:20262,031
Week of 17:08:20262,138
Week of 24:08:20262,138
Week of 31:08:20262,160
Week of 07:09:20262,189
Week of 14:09:20262,167
Week of 21:09:20262,167
Week of 28:09:20262,167
Week of 05:10:20262,167
Week of 12:10:20262,340
Жазылушылардың өсуі - Monthly
DateSubscribers
April 20261,565
May 20261,858
June 20261,858
July 20262,031
August 20262,160
September 20262,167
October 20262,340
Жазылушылардың өсуі - Yearly
DateSubscribers
20262,340

Top 10 posts

Most viewed posts from this channel

By views
  1. #1«Мен онымен дос емеспін»: Трамптың әйелі Эпштейнге қатысы болмағанын а296
  2. #2«41 млн теңге»: Алматыда мектеп бітіру кешіне жиналған қаржы қоғамда р292
  3. #3Төрехан Сабырхан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды289
  4. #4Трамп Иранды Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алмауға шақырды286
  5. #5Лавров: «Ресей Украина бойынша АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыруға дайы285
  6. #6«Ирандағы соғыстың кесірінен АҚШ-тың Украинаға уақыты жоқ» - Зеленский284
  7. #7Маңғыстауда өзбек блогері даулы видео үшін айыппұл арқалады281
  8. #8Ирандағы шиеленіс Ресейдің мұнайдан түсетін кірісін арттыруы мүмкін – 280
  9. #9Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін278
  10. #10Жаңаөзенде қызды күштеп алып қашпақ болған 5 жігіт сотталды276

Соңғы посттар

Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 18:32

Video
«Қымбаттатпаңдар!»: Миланда наразылық соңы полициямен қақтығысқа ұласты

Милан қаласының орталығында басталған жаппай наразылықтар Болонья мен Турин қалаларына да тарады. Наразылыққа өмір сүру құнының шектен тыс өсуі, азық-түлік пен жанармай бағасының күрт қымбаттауы және әскери қақтығыстарға қарсылық себеп болған.

«Италия алаңға шығады» (Italia in piazza) ұранымен өткен шеруге бастапқыда жастар мен студенттер қатысып, бейбіт түрде басталған. Алайда кейін Миланның орталығындағы Дуомо алаңы маңында радикалды топтар мен полиция арасында қақтығыс болған.

Полиция наразылық білдірушілерді алаңнан тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолданды. Негізгі метро станциясы жабылып, туристер қала орталығынан эвакуацияланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 50-ден астам адам ұсталған. Сондай-ақ ондаған демонстрант пен полиция қызметкерінің жарақат алғаны хабарланды.

Италиядағы наразылықтар Бельгия мен көршілес Францияда соңғы күндері өтіп жатқан жаппай шерулермен тұспа-тұс келді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
74002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 17:51

Photo1/2
Қадыровтың ұлы Шешенстан шенеуніктерінің балаларынан жеке «арнайы жасақ» құрды

Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров «К-13 командасы» деп аталатын жаңа күштік құрылым құрған. Бұл жасаққа іріктеудің басты талабы - дәулетті отбасыда дүниеге келу.

«Вёрстка» басылымының зерттеуінше, 18 қарулы мүшенің жартысынан астамы Қадыровтар әулетінің туыстары немесе Шешенстандағы жоғары лауазымды шенеуніктер мен күштік құрылым өкілдерінің балалары.

Элиталық жасақ құрамында Шешенстан премьер-министрінің ұлы, ықпалды шенеуніктердің жиендері, Қадыровтың өзі мен жұбайының туыстары бар. Тіпті «Нохчо» ансамблінде биші болған, кейін күзетшіге айналған адам да осы топтан орын тапқан.

«К-13» жасағының мүшелері кез келген уақытта, кез келген жерде берілген тапсырманы орындауға дайын екенін салтанатты түрде мәлімдеген. Алайда бұл отбасылық жасақтың нақты немен айналысатыны белгісіз. Журналистер оның шынайы операциялары немесе жетістіктері туралы ешқандай дерек таппаған.

📌Әзірге расталған жалғыз «арнайы операциясы» - автомат асынып, фотоға түсу.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
78005
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 17:20

Photo1/2
«Путиннің Трамп пен Си Цзиньпинмен бір үстел басында отыруына орын жоқ» - Сибига

Украина, АҚШ және Ресей басшыларының үшжақты кездесуі соғыстың аяқталуын жеделдетуі мүмкін. Ал Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының басқосуы керісінше әсер етіп, Владимир Путинді соғысты жалғастыруға итермелеуі ықтимал. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига мәлімдеді.

Оның айтуынша, Путинді мұндай кездесуге шақыру Ресей президентінің өзін ұлықтауға деген ұмтылысын қанағаттандырып, оған лайықсыз мәртебе берер еді.

Сибига Ресей президентін әскери қылмыскер деп атап, Ресейді жаһандық проблемаға теңеді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
77004
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 16:50

Photo1/2
Нетаньяху Таяу Шығыстағы жаңа геосаяси тәртіптің картасын таныстырды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ұлттық қауіпсіздік доктринасын таныстыру барысында Таяу Шығыстың геосаяси картасын көрсетті.

Картада Таяу Шығыс пен Африка мүйізіндегі ықтимал одақтастықтар мен ықпал ету аймақтары бейнеленген. Онда үш негізгі геосаяси бірлестік көрсетілген: «Сүнниттік алмаз», «Қарсылық осі» және «Алтыбұрышты альянс».

🟢 «Сүнниттік алмаз» - Түркия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Мысыр. Картада бұл елдер жасыл түспен белгіленген.

Ашық жасыл түспен осы бірлестікке достық қарым-қатынастағы мемлекеттер мен аумақтар көрсетілген. Олардың қатарында Сирия, Иордания, Палестина, Кувейт, Бахрейн, Катар, Йеменнің ресми үкіметі, Судан, Эритрея, Сомали және Ливиядағы Ұлттық келісім үкіметі бар. Сондай-ақ картада Пунтленд пен Сомалилендті қоспағанда, Сомали аумағы осы топқа енгізілген.

🔴 «Қарсылық осіне» Иран, Халықтық жұмылдыру күштері («Хашд аш-Шааби»), Йемендегі хуситтер, Ливанның «Хезболла» қозғалысы және ХАМАС кірген.

🔵 «Алтыбұрышты альянс» - Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері және олардың аймақтағы серіктестері. Картада бұл топқа достық көзқарастағы елдер мен күштер ретінде Грекия, Кипр Республикасы, Эфиопия, Сомалиленд, Пунтленд және Жедел әрекет ету күштері (RSF) көрсетілген.

❕Әзербайжан мен Үндістан жеке санатқа енгізілген. Картаға сәйкес, бұл екі ел бірнеше геосаяси бірлестікпен қарым-қатынас орнатқан.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
75002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 16:28

Video
Алматыда ескі ғимараттар заманауи стильде реставрацияланды

Алматы қаласында тарихи және тұрғын үйлердің қасбеттерін реставрациялау мен абаттандыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

Әлеуметтік желілерде мегаполистің өзгерген көшелері мен жаңартылған ғимараттарының «дейін және кейін» форматындағы бейнекөріністері таралды.

Видеода көрсетілгендей, бұрын тозығы жеткен, қасбеттері өңсізденген көпқабатты үйлер жаңаша реңк алып, заманауи сәулет талаптарына сай жөнделген:

🔺Қасбеттердің жаңаруы: Тозығы жеткен ескі үйлердің сыртқы қабырғалары сырланып, сәнді әрі ашық түсті материалдармен қапталған. Кейбір ғимараттардың төменгі қабаты гранит пен мәрмәр стилінде өңделген.

🔺Балкондар мен терезелер: Ретсіз тұрған балкондар мен терезе жақтаулары бірізді эстетикалық көрініске келтірілген.

🔺Абаттандыру және көгалдандыру: Ғимараттардың айналасы тазаланып, жаңа тротуар плиткалары төселген, гүлзарлар мен жасыл желектер отырғызылған.

Сонымен қатар, тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы көше заманауи дәмханалары ашылуда.
Алматылықтар бұл өзгерістерді оң бағалап, қаланың тарихи колоритін сақтай отырып жаңарту аймақтың көркін аша түскенін атап өтті.

📌Қаладағы мұндай реставрациялау жұмыстары тұрғындарға жайлы орта қалыптастырып, туристік тартымдылықты арттыруға бағытталған.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
76003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 16:20

Photo1/2
Алматының 43 мың тұрғыны қаладан көшіп кетуге шешім қабылдаған

Almaty Air Initiative зерттеушілері Алматы тұрғындарының ауаның ластануына қатысты көзқарасын анықтау үшін сауалнама жүргізді. 2026 жылғы 18 ақпан мен 11 наурыз аралығында қаланың барлық ауданынан 18 жастан асқан мың адам сауалнамаға қатысқан.

Зерттеу нәтижесі тұрғындардың басым бөлігі ауаның ластануын денсаулыққа қауіп төндіретін мәселе деп санайтынын көрсетті. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда тұрақты өсіп келеді. Алайда қала тұрғындарының көбі ауа сапасын қайдан тексеруге болатынын және әкімдік ауаны тазарту үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын білмейді.

Әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың айтуынша, Алматыдағы шамамен 43 мың ересек тұрғын қаладан көшіп кетуді ұйғарған. Көшу мүмкіндігін қарастырып жүргендердің 57,2 пайызы бұған негізгі себеп ретінде ауаның ластануы мен денсаулыққа қатысты мәселелерді атаған.

Сауалнамаға қатысқандардың 31,3 пайызы әкімдік ауа сапасын жақсарта алатынына сенбейді және қаладан көшу туралы шешім қабылдап қойған. Ал 18,1 пайызы жағдайдың жақсаратынына үміт артады.

Almaty Air Initiative басшысы Жұлдыз Саулебекованың сөзінше, қала тұрғындары түтіннің пайда болуына жылу электр орталықтарын (ЖЭО) жиі кінәлай бастаған. Дегенмен алматылықтар ауаны ластайтын негізгі көз ретінде әлі де автокөліктерді атайды.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
77002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 16:16

Photo1/8
Жаңаөзенде мұнай компанияларының басшылары ұсталғаны хабарланды

Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңаөзенде ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері қатысқан ұстау шаралары өткен. Тараған ақпаратта ұсталғандар қатарында «Jana Oil Service» ЖШС-ның (бұрынғы «Кезби») және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басшылары бар екені айтылған.

Хабарламада мердігер ұйым өкілдері мен қылмыстық топ арасында сөз байласу болуы мүмкін екені жазылған. Болжам бойынша, кәсіпорын жұмысшыларын ереуілдер мен жаппай наразылықтарға арандату арқылы тапсырыс беруші «Өзенмұнайгаз» АҚ-дан қосымша қаржы алуға әрекет жасалған.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмады. Ұстау шараларының себептері мен аталған адамдардың іс жүргізу мәртебесі туралы уәкілетті органдар мәлімет бермеген.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
74003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 15:45

Photo1/2
Шымкентте автобус жолақысы 100 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық көліктегі жолақыны қазіргі деңгейде ұстап тұру қиындап барады.

«Қоғамдық көліктегі жолақыны 70 теңге деңгейінде ұстап тұра алмаймыз. Қарттар мен жастарға арналған жеңілдіктерді сақтаймыз, алайда тарифті кемінде 100 теңгеге көтеру қажет. Себебі жолақы құнының айырмасын мемлекет субсидия есебінен өтеп отыр, ал шығындар өсіп жатыр», - деді Ғабит Сыздықбеков.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
82003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 15:16

Photo1/2
Ким Чен Ынның 50 метрлік бассейні бар яхтасы спутниктен байқалды

Ким Чен Ынның сән-салтанаты келіскен яхтасы спутниктен түсірілген суреттерден байқалды.

Британдық BBC журналистері Солтүстік Кореяның Вонсан портындағы спутниктік суреттерді зерттеген. Кадрларда жоғарғы палубасында ұзындығы 50 метрлік, төрт жүзу жолағы бар бассейн және су сырғанақтары орнатылған кеме көрінеді.

Яхтаның нақты Ким Чен Ынға тиесілі екенін дәлелдеу мүмкін болмаған. Алайда BBC дерегінше, Солтүстік Корея басшылығына қатысы жоқ адамның мұндай нысанға иелік етуі екіталай.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
84003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 14:40

Photo1/2
Каспий теңізі тартылып, Ресейдегі арал жоғалып кетуі мүмкін

Каспий теңізі тартылып, Ресейдегі аралдардың бірі құрлықпен қосылуы мүмкін.

Ресей аумағындағы Нордовый аралы Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты біртіндеп жағалауға жақындап келеді. Аумағы шамамен 63 гектар болатын арал алдағы 20 жылда материкпен толық бірігуі мүмкін.

Нордовый аралы Кизляр шығанағында орналасқан. Соңғы жылдары теңіз суы шегініп, арал мен құрлық арасындағы таяз бұғаздар құрғай бастаған. Соның салдарынан олардың арасында жаңа жер телімдері пайда болып жатыр. Соңғы бес жылда Каспий теңізінің деңгейі шамамен 1,5 метрге төмендеген.

Егер су деңгейі осылай төмендей берсе, алдағы 20 жылда теңіз тағы 4-5 метрге тартылуы мүмкін. Бұл жағдайда Нордовый аралы құрлықпен тұтасып, түбекке айналуы ықтимал. Осындай өзгерістер басқа аралдарда да болып, олардың орнында жаңа құрлық аумақтары пайда болуы мүмкін.

📌Мамандардың айтуынша, соңғы 4-5 жылда Каспийдің солтүстік бөлігінде теңіз суының шегінуінен жаңа жерлер қалыптаса бастаған. Мұндай құбылыс Каспий итбалықтары мекендейтін Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Үшарал және Долгий аралдарының маңында да байқалады.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
82001
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 14:20

Video
Қазақстаннан интернет-алаяқтыққа қатысы бар 13 Қытай азаматы шығарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктер халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған.

Тексеру кезінде олардан компьютерлер, ұялы телефондар, Starlink жабдықтары және криптоәмияндардағы қомақты қаражат табылған.

2026 жылғы 16 қазанда ұсталған 13 адам Қазақстаннан әкімшілік тәртіппен шығарылып, одан әрі тергеу жүргізу үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылды.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
89003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 14:03

Video
👀Әлемде не болып жатыр?

🇰🇿 Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогын жеңіп алды. Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогында топ жарды. Командалық жарыстың финалында қазақстандық спортшылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді. Бұған дейін олар жартылай финалда Франциядан, ширек финалда Мысырдан басым түскен. Сондай-ақ Түркия мен Гонконг құрамаларын ұтты. Қазақстан атынан Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.

🇾🇪 Йемендегі әуе соққысынан кемінде тоғыз адам қаза тапты. Йеменнің солтүстігіндегі Саада провинциясына жасалған әуе соққысынан кемінде тоғыз адам, оның ішінде бес бала мен екі әйел қаза тапқан. Тағы кемінде 19 адам жараланған. Хусит өкілдері шабуылға Сауд Арабиясын айыптады. Алайда Сауд Арабиясы бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ. Оқиға аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтырып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр.

🇺🇸🇮🇷 АҚШ Иранға қарсы жаңа әскери жоспар әзірледі. АҚШ Иранмен әскери қақтығыс қайта басталған жағдайда қолданылуы мүмкін жаңа жоспарлар әзірлеген. Олардың қатарында Иранның энергетикалық инфрақұрылымы мен ядролық нысандарына GBU-43/B MOAB бомбасымен соққы беру мүмкіндігі де бар. Бұл - АҚШ арсеналындағы ең ірі ядролық емес бомбалардың бірі. Lenta.ru басылымының хабарлауынша, Иран АҚШ-тың ең қуатты қаруын қолдану қаупіне дайындалып жатыр. Бұл туралы Ислам Республикасының қорғаныс министрі Мехрдад Эхлаки мәлімдеген.

🇧🇬 Тель-Авивтен Венаға ұшқан ұшақ Софияға шұғыл қонды. Austrian Airlines әуе компаниясының Тель-Авивтен Венаға бағыт алған Airbus A320 ұшағы бортта бомба бар деген анонимді хабардан кейін Болгария астанасы Софияға шұғыл қонды. Болгария Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақта 51 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Румыния шекарасына жақын жерде ұшқыштар бағытты өзгерту туралы шешім қабылдаған. Әскери ұшақ лайнерді қонуға дейін сүйемелдеген. Жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
83001
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 13:20

Photo1/2
Садыр Жапаров Мұхтар Әблязовпен 2020 жылы телефон арқылы сөйлескенін айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың айтуынша, қазақстандық олигарх, қазір шетелде тұратын Мұхтар Әблязов одан Бішкекке келіп, Қазақстанда төңкеріс ұйымдастыруға рұқсат сұраған. Бұл туралы Жапаров Super.kg басылымына берген сұхбатында айтты.

Президенттің сөзінше, сол кезде телефонды оған қазір түрмеде отырған Мелис Аспеков берген. Жапаров пен Әблязов небәрі екі минут сөйлескен. Бұл Әблязов айтқандай 40 минутқа созылмаған.

«Әблязов Атамбаевтың тұсында Қырғызстан азаматтығын алғанын және қырғыз паспорты бар екенін айтты. Оны тыңдаған соң, үзілді-кесілді жауап бердім. Біріншіден, көрші елдердің саясатына араласпаймын. Екіншіден, сіз үшін Қазақстанмен қарым-қатынасымды бұзбаймын. Одан да келмей-ақ қойыңыз, өз ісіңізбен айналысыңыз дедім», - деді Жапаров.

Мемлекет басшысы Әблязовпен бұған дейін таныс болмағанын да атап өтті.

«Қазақстан халқынан Франциядағы жеке өміріне ақша сұрап жүрген кедей адамнан мен ақша сұрады дегенге кім сенеді? Бұл қисынсыз. Төңкеріс болып қойған соң, мен билікке келген едім. Ол кезде маған ақша қажет емес болатын. Мені түрмеден шығарып, президенттікке жеткізген халық мені ақшасыз да сайлай алатын», - деді Қырғызстан президенті.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
100001
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 12:52

Photo1/4
Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды

Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Пара Азия ойындарында Еркін Ғаббасов пен Давид Дегтярев чемпион атанды.

Еркін Ғаббасов пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеудің R1 дисциплинасында 249,1 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Ол жарыс рекордын жаңартып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Ал Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 192 келіні көтерді. Осы нәтижесімен ол да Пара Азия ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов Қазақстан қоржынына осы жарыстағы алғашқы алтынды салса, Давид Дегтярев екінші алтынды әкелді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
94002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 19 қаз., 12:45

Photo1/2
«Шымкент - өзбек»: Ақтөбелік жанкүйерлердің сөздері дау тудырды

Ақтөбеде өткен футбол кездесуінде жергілікті клуб жанкүйерлері Шымкенттің «Ордабасы» командасына бағытталған арандатушылық сипаттағы баннер ілді. Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Матч кезінде жанкүйерлер Өзбекстанның мемлекеттік туы бейнеленген әрі «NO SHYMSIDE, NO TEXAS FANS!» деген жазуы бар баннерді трибунаға шығарған. Желі қолданушылары мұны өңіраралық және ұлтаралық араздықты қоздыру әрекеті болуы мүмкін деп бағалады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе өңірлік араздықты қоздыруға қатысты жауапкершілікті көздейді. Алайда бұл оқиғаға құқықтық бағаны тиісті органдар беруі керек.

📌Стадиондарда кемсітушілік пен араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Оқиғаға қатысты жауапты тұлғалардың әрекеті тексеріліп, заң аясында бағалануы қажет.

Адвокат Аянхан Омаров бұл іс бойынша Бас прокуратураға арыз жолдады.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
TikTok | Instagram | Сайт
92003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

Video
Непалда су электр станциясының туннелінен 9 күннен кейін екі адам құтқарылды

26 тамызда болған жойқын су тасқыны кезінде екі жұмысшы туннельдің ішінде қалып қойған. Құтқарушылар оларды тоғыз күннен кейін тауып, екеуін де тікұшақпен Катмандуға жеткізді. Олардың жағдайы тұрақты.

Қазір туннель ішінде болуы мүмкін басқа адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
59002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

👀Әлемде не болып жатыр?

🇬🇷 Грекияда Батыс Ніл безгегі өршіп тұр. Аурудан көз жұмғандар саны күн сайын артып келеді. Ең күрделі жағдай Аттиканың шығыс бөлігінде және Афинаның солтүстік маңындағы аудандарда байқалады. Жыл басынан бері инфекциядан кемінде 24 адам қайтыс болған. Ал соңғы бір аптада дәрігерлер тағы 58 науқасты анықтады. Елде расталған жағдайлардың жалпы саны 290-ға жетті. Ауру 13 өңірдің алтауында тіркелген. Мамандардың айтуынша, Батыс Ніл безгегі әдетте қыркүйек айында ең қарқынды таралады.

🇦🇷 Аргентина Фолкленд (Мальвин) аралдарына қатысты дауды қайта ушықтырды. Аргентина өз аумағы деп санайтын, алайда бүгінде Ұлыбританияның бақылауындағы аралдарға қатысты президент Хавьер Милей қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Ол аралдар маңында мұнай мен газ өндіретін компанияларға салынған санкцияларды күшейтіп, елдің оңтүстік аймақтарының қорғанысын нығайтуды жоспарлап отыр.

🛢 Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында мұнай бағасы күрт қымбаттады. Нарық қатысушылары Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты Таяу Шығыс пен Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізу үзіліп қалуы мүмкін деп алаңдайды. 4 қыркүйек сағат 01:00-дегі жағдай бойынша Brent мұнайы 0,2%-ға қымбаттап, барреліне 95,67 долларға, ал WTI 0,3%-ға өсіп, 91,56 долларға жетті. Бір апта ішінде Brent 7,1%-ға, WTI 9,8%-ға қымбаттаған. Бұл – 20 шілдеден бергі ең жоғары апталық өсім.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
57002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

Photo
Қазақстан мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге жарты жылда 2,1 трлн теңге жұмсады

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның мемлекеттік қарызына қызмет көрсету шығындары 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3%-ға көп.

Қазір қарыз бойынша пайыздар мен басқа да төлемдер бюджет шығыстарының шамамен 11%-ын құрайды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,6% болған.

Ал мемлекеттік қарыздың көлемі бір жылда 14,7%-ға өсіп, 40,9 трлн теңгеге жетті. Бұл болжамды жалпы ішкі өнімнің шамамен 22%-ына тең.

Осылайша, қарызға қызмет көрсету шығындары мемлекеттік қарыздың өзінен екі есеге жуық жылдам өсіп отыр. Бюджеттен кредиторларға төленетін қаражат көбейген сайын, ел ішіндегі мектептер, ауруханалар, жолдар және басқа да қажетті салаларға бөлінетін қаржы азаюы мүмкін.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
60002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

Video
Алматы паркингіндегі өрттен 100-ге жуық тұрғын түнде эвакуацияланды

Алматының Бостандық ауданындағы Абай көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары түнде өрт салдарынан үйлерінен шығарылды.

Оқиға паркингте болған. Онда электр қуатын беретін кабель тұтанған.

Төтенше жағдайлар қызметіне хабар түскеннен кейін 5 минут ішінде алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 100-ге жуық адамды, оның ішінде 19 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт көп ұзамай сөндіріліп, тұрғындарға пәтерлеріне қайта оралуға рұқсат берілді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
60003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

Photo
Орал маңындағы қосалқы станцияда 10 жастағы бала тоққа түсіп, қаза тапты

Оралға жақын Круглоозерное ауылында 10 жастағы бала электр қосалқы станциясының аумағында тоқ соғып, көз жұмды. Оқиға 1 қыркүйек күні кешке болған. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2015 жылы туған бала электр қосалқы станциясына кіріп, тоққа түскен. Ол оқиға орнында қайтыс болған.

Жергілікті тұрғындар нысанның қоршалмағанын және есіктерінің құлыпталмағанын айтқан. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ведомство ата-аналарға балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отыруды ескертті.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
61002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

«Құдайдан кешірім сұрадым»: Атыраудағы бір отбасыны өлтірген Сәрсемалиев Меккеге барған Атырау облысында бір отбасының бірнеше мүшесін өлтірді деп айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмыстан кейін Меккеге барғанын айтып берді. Оның сөзінше, елден…
60002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

Video
«Полиция шақырыңыз, қазақша сөйлемеймін»: жолаушы Qatar Airways-ке шағымданды

Алматы әуежайында жолаушы мен Qatar Airways қызметкері арасында жанжал болған. Жолаушының айтуынша, балаларға арналған екі бустерді багаж ретінде тіркеу кезінде әрқайсысы үшін шамамен 250 доллардан төлеу талап етілген.

Мәселені қазақ тілінде түсіндіруге тырысқан кезде менеджер мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартып, полиция шақырған. Жолаушы бұл жағдайды тілдік кемсітушілік деп бағалап, әуе компаниясына ресми шағым түсірген.

Оның сөзінше, Qatar Airways тарапынан келген жауапта қызметкерге қатысты нақты қандай шара қолданылғаны көрсетілмеген. Сонымен қатар жолаушы рейстің кейіннен тоқтатылғанын айтып, осыған байланысты Дохада қосымша қонақүй шығындары болғанын мәлімдеді.

Жолаушы оқиғаға қатысты толық бейнежазбалар бар екенін айтып, компаниядан қызметкердің әрекетіне құқықтық баға беріп, тиісті шара қолдануды талап етіп отыр.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
59006
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

Photo
Трамп: «Ресейдің аумағы өте үлкен әрі құнды, біз онымен достасуымыз керек»

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен және Украинамен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай байланыстар Америка үшін бизнес тұрғысынан тиімді болмақ.

Трамп Ресей аумағының геосаяси және экономикалық әлеуетіне де тоқталды. Ол Ресейдің жер көлемі өте үлкен әрі құнды екенін атап өтті.

АҚШ президенті Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнату екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Бұл бизнес үшін өте тиімді болар еді. Ресейдің аумағы өте үлкен, жері де аса құнды», - деді Трамп.

Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен кездескісі келетінін де айтты. Оның пікірінше, мұндай кездесу Украинадағы қақтығыс аяқталуға жақындаған кезде өтуі мүмкін.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
57002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

Photo
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болды

Бұл қызметте ол Марат Сұлтанғазиевтің орнына келді.

Шыңғыс Әрінов 2024 жылдан 2026 жылға дейін төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған еді.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
59003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 06 қыр., 11:03

Photo
Қазақстандық қол күрес шеберлері Көшпенділер ойындарында 12 медаль жеңіп алды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары қол күресінен 7 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Жарыс барысында отандық спортшылар сол және оң қол санаттарында бақ сынап, жоғары нәтиже көрсетті.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
63002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 29 сәу., 13:21

Video
Мәскеу Берлиндегі шенділердің жеке парақшаларын бұғаттаған болуы мүмкін

Германия үкіметі Ресей тарапынан ұйымдастырылған болуы мүмкін фишингтік кибершабуылдарға назар аударып жатыр. Шабуылдар Signal арқылы жүзеге асқан.

Нысанаға жоғары лауазымды саясаткерлер, соның ішінде екі министр, әскери қызметкерлер мен журналистер алынған.

Федералдық прокуратура өкілінің мәліметінше, болжамды кибершабуылдар бойынша алдын ала тергеу 2026 жылдың ақпан айының ортасынан бері жүргізіліп жатыр.

Ал Der Spiegel басылымының жазуынша, шабуылдар нәтижесінде Signal мессенджеріндегі шамамен 300 аккаунт бұзылған.

Видео: ТРТ

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
190003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 29 сәу., 13:21

Photo
Түркия Израиль президентінің ұшағына әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат бермеді

Түркия билігі Израиль президенті Ицхак Герцог отырған ұшаққа өз әуе кеңістігі арқылы ұшуға рұқсат бермеген.

Ақпаратқа сәйкес, Ицхак Герцог Астана қаласына бағыт алған. Алайда Анкараның шешімінен кейін ұшақ бағытын өзгертіп, Еуропа мен Ресей аумағы арқылы ұшуға мәжбүр болған.

Хабарламада Түркия аспаны Израильдің ресми делегациялары үшін жабық екені айтылған. Ал израильдік әуе компанияларына тек транзиттік рейстер үшін ғана Түркия әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат етіледі.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
70006
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 29 сәу., 13:21

Photo
Шымкентке де LRT қажет

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Шымкент қаласында LRT салу қажет деп санайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

Оның сөзінше, мұндай ірі инфрақұрылымдық жобалар жан-жақты зерттеуді талап етеді, алайда халық саны көп қалалар үшін LRT жүйесі маңызды.

«Мұндай жобалар кешенді түрде қарастырылады, бір ғана орган өз бетінше шешім қабылдамайды. Жоба әкімдікпен бірге талқыланады, белгілі бір талаптар бар: көлік ағынының қарқындылығы, халық саны, инфрақұрылым. Қазір басқа қалаларда күн тәртібінде тұр. Өздеріңіз білесіздер, Алматы қаласында жүзеге асырылып жатыр», - деді вице-министр.

Шымкентке қатысты сұраққа ол бұл бастаманы жеке өзі қолдайтынын атап өтті.

Еске салайық, Астана қаласындағы LRT жобасы бірнеше рет сынға ұшырап, тергеу нысанына айналған. Құрылыс жылдар бойы созылып, жобаны іске асыру барысында қаржы жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалған. Қоғамда бұл жоба «сыбайлас жемқорлықтың символы» деп те аталды. Кейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек жобаның соңғы кезеңге жеткенін көрсеткен болатын.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
58003
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 29 сәу., 13:21

Photo
Бахрейнде Иранмен байланысы бар деген айыппен бес адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бахрейнде бес адам Иранмен байланысы үшін өмір бойына сотталды. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

Елдің Бас прокуратурасының мәліметінше, екі іс бойынша үкім шығарылған. Бірінші іс аясында Ауғанстанның екі азаматы, ал екінші іс бойынша Бахрейннің үш азаматы өмір бойына сотталған.

Олар Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) мүддесіне тыңшылық жасады, сондай-ақ Бахрейн корольдігіне қарсы бағытталған террористік әрекеттерді жоспарлады және елдің ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделеріне зиян келтіруді көздеді деп айыпталған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушылар шетелдік құрылымдармен байланыс орнатып, құпия ақпараттарды беріп отырған және ел ішінде тұрақсыздық тудыруға бағытталған әрекеттерге қатысқан.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
58002
Jas Alash logo
Jas Alash

2026 ж. 29 сәу., 13:21

Photo
Үйқамақтағы Олеся Кексель неге тысқа шықты?

Бас прокуратура үйқамақта отырған Олеся Кексельдің ел ішінде жүргені туралы ақпаратқа пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оның Астанадан Алматыға баруы заң аясында және тергеу әрекеттеріне қатысу қажеттілігімен байланысты болған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 20 ақпан мен 23 сәуір аралығында Кексель Алматыда тергеу шараларына қатысқан. Барлық қажетті процедуралар аяқталған соң, ол Астанаға оралып, қазір де үйқамақта отыр.

Кексель 2025 жылдың қазан айында күдікті мәртебесін алған. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметінде жүрген кезінде азаптау қолданды деген айып тағылған. Осыған байланысты сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақты таңдаған.

Айта кетейік, бұл іс бойынша бұрынғы бюро басшысы Талғат Тәтібаев та күдікке ілінген. Оның ұсталғаны туралы Бас прокуратура 2025 жылдың шілдесінде хабарлаған.

Jas Alash-қа жазылыңыз👇🏻
https://www.tiktok.com/@jasalash.kz?_t=ZM-8ypqKZRyWP7&_r=1 | https://www.instagram.com/jasalash.kz?igsh=aHVmem16Y3Bpa2ls | https://zhasalash.kz/?ysclid=me9jgbw2d9181640865
52001

Showing 30 of 65 posts

Рейтинг

Кіру қажет

Frequently Asked Questions

Jas Alash Telegram арнасы не туралы?+

Jas Alash (@jasalashkz) — tgdio сайтында Жаңалықтар және газеттер санатындағы Telegram арнасы. Рейтинг, пікірлер, ранг және соңғы посттарды қарап, жазылмас бұрын шешіңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 2 340 жазылушы бар.

Jas Alash (@jasalashkz) арнасына Telegram-да қалай қосылуға болады?+

tgdio сайтында арна профилін ашып, Join / Open in Telegram арқылы @jasalashkz арнасына тегін жазылыңыз.

Jas Alash жақсы Жаңалықтар және газеттер арнасы ма?+

tgdio сайтында қосылмас бұрын Jas Alash рейтингін, пікірлерін, рангін және посттарын тексеріңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 2 340 жазылушы бар. ұқсас Жаңалықтар және газеттер арналарымен салыстырыңыз.

Jas Alash статистикасы мен посттарды қайдан көруге болады?+

tgdio сайтында @jasalashkz бетін ашыңыз: жазылушылар статистикасы, ранг, рейтинг және посттар. Stats сілтемесі өсу графигін көрсетеді.