KFF Team Telegram channel photo

KFF Team

@kff_teamPublic Channel

Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️ 🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team 🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal 🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz 🔹 Twitter: @KFF_Team 🔹 TikTok: @kff.team

Футболқазақ тіліҚазақстан

709

Last views

6.9k (6,889 subscribers)
Мүшелер
—
Rating
97
Total Posts
Oct 21, 2026, 8:14 PM
Жаңартылған
Apr 4, 2026
Created
Stats

Сіз қазақ тіліндегі контентті көріп отырсыз. Басқа тілдегі контентті көру үшін сайт тілін өзгертіңіз.

Channel Information

Channel Information
Channel NameKFF Team
Username@kff_team
CategoryФутбол
Languageқазақ тілі
CountryҚазақстан
Мүшелер6,889
Channel TypePublic Channel
Created2026 ж. 4 сәу.
Last Updated2026 ж. 21 қаз. • алдыңгүні
StatusActive

Рейтинг

Жалпы рейтинг
#134989+363
Тіл бойынша рейтинг
#168Өзгеріс жоқ
Санат бойынша рейтинг
#1022+5

Жазылушылардың өсуі

Барлығы: 6.9K30 Days growth: +580.8%
09/2209/2710/0210/0710/1210/1710/21
Жазылушылардың өсуі - 30 Days
DateSubscribers
22:09:20266,831
23:09:20266,831
24:09:20266,831
25:09:20266,831
26:09:20266,831
27:09:20266,831
28:09:20266,831
29:09:20266,831
30:09:20266,831
01:10:20266,831
02:10:20266,831
03:10:20266,831
04:10:20266,831
05:10:20266,831
06:10:20266,831
07:10:20266,831
08:10:20266,831
09:10:20266,831
10:10:20266,831
11:10:20266,831
12:10:20266,831
13:10:20266,812
14:10:20266,812
15:10:20266,812
16:10:20266,812
17:10:20266,812
18:10:20266,812
19:10:20266,812
20:10:20266,812
21:10:20266,889
Жазылушылардың өсуі - Weekly
DateSubscribers
Week of 30:03:20267,569
Week of 06:04:20267,526
Week of 13:04:20267,461
Week of 20:04:20267,461
Week of 27:04:20267,368
Week of 04:05:20267,368
Week of 11:05:20267,312
Week of 18:05:20267,312
Week of 25:05:20267,312
Week of 01:06:20267,279
Week of 08:06:20267,279
Week of 15:06:20267,279
Week of 22:06:20267,279
Week of 29:06:20267,240
Week of 06:07:20267,240
Week of 13:07:20267,116
Week of 20:07:20267,116
Week of 27:07:20267,116
Week of 03:08:20267,022
Week of 10:08:20267,022
Week of 17:08:20266,933
Week of 24:08:20266,933
Week of 31:08:20266,933
Week of 07:09:20266,843
Week of 14:09:20266,831
Week of 21:09:20266,831
Week of 28:09:20266,831
Week of 05:10:20266,831
Week of 12:10:20266,812
Week of 19:10:20266,889
Жазылушылардың өсуі - Monthly
DateSubscribers
April 20267,368
May 20267,312
June 20267,240
July 20267,116
August 20266,933
September 20266,831
October 20266,889
Жазылушылардың өсуі - Yearly
DateSubscribers
20266,889

Top 10 posts

Most viewed posts from this channel

By views
  1. #1«Tottenham Hotspur» клубының футбол жөніндегі бұрынғы директоры Қазақс34.7K
  2. #2🔥 Сәтпаев және Жұмаханов, Сатанов – кеңейтілген тізімде28.6K
  3. #3Бекболат, Тұяқбаев пен Басманов – Ұлттық құрамада 😍10.0K
  4. #4Қазақстан футбол федерациясы Бас хатшысы Скотт Манның ресми мәлімдемес8.6K
  5. #5Ержан Мұсабеков ҚФФ кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясы6.8K
  6. #6❌ Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова төрешілік қызметінен уақытша6.3K
  7. #7🔥 Абраев, Әмір, Нұрымбет және Мағжан Тоқтыбай – кеңейтілген тізімде!4.8K
  8. #8⚡️ Қазақстан U-21 құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Чебурин Бела4.1K
  9. #9УЕФА Семей мен Қызылордадағы стадиондарға тексеріс жүргізеді2.9K
  10. #10📌 «Академия Оңтүстік» – «Тараз» матчының төрешілері ҚФФ аясындағы ойы2.8K

Соңғы посттар

KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 23 қаз., 01:26

Video
Джон ван ’т Шкип УЕФА Конференция лигасы аясындағы «Қайрат» – «Панатинаикос» матчын тамашалады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип Алматыда өткен УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» пен грекиялық «Панатинаикос» арасындағы ойынға барды.

Нидерландтық маманның бұл сапары ұлттық құрамаға шақырылатын футболшыларды жоспарлы түрде бақылау мақсатында жүзеге асты.

Құраманың бапкерлер штабы үшін футболшылардың ойынын тікелей стадионнан көрудің маңызы зор: бұл ойыншылардың қазіргі физикалық бабын, тактикалық сауаттылығын және халықаралық деңгейдегі аса қарқынды матчтарда дұрыс шешім қабылдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Джон ван ’т Шкип ұлттық құраманың ойыншылар тізімін жасақтау үшін жан-жақты мәлімет жинай отырып, отандық футболшылардың ішкі біріншіліктегі, сондай-ақ еуропалық аренадағы ойындарын жіті назарда ұстауды жалғастыруда.

Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында кезекті матчтарын өткізеді. Командамыз 13 қарашада сырт алаңда Молдовамен ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.
7090015
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 22 қаз., 21:18

Video
🇰🇿💪 Ұлттық құрама киелі Түркістанда жиналады

📍Қазақстан ұлттық құрамасы 5-11 қараша күндері аралығында Түркістанда қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

🇲🇩🇸🇰 Қараша айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова (13 қараша) және Словакия (16 қараша) құрамаларына қарсы ойындар күтіп тұр.

#BizdinJigitter💛💙
1,0000022
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 22 қаз., 20:28

Photo1/2
📌 ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн Қазақстан футзал қауымдастығы мен трансляциялар өндірісін қамтамасыз ететін Sport Innovation компаниясы арасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан футбол федерациясы соңғы екі ай бойы Қазақстан футзал қауымдастығы мен трансляциялар өндірісін қамтамасыз ететін Sport Innovation компаниясы арасындағы жағдайды реттеу бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

ҚФФ комментаторлардың еңбегін және олардың Қазақстанда футбол мен футзалды дамытуға, сондай-ақ кеңінен насихаттауға қосып жүрген үлесін жоғары бағалайды. Федерация үшін әрбір комментатордың еңбегі лайықты бағаланып, атқарған жұмысы үшін тиісті төлемдердің уақытылы жүргізілуі маңызды.

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан футзал қауымдастығы мен Sport Innovation компаниясы арасындағы жағдайды, оның ішінде қалған қаржылық мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

Қажетті рәсімдер жақын арада аяқталып, мәселе толық реттеледі деп сенеміз.
9580018
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 22 қаз., 19:33

Photo1/4
«Атлетико Мадрид» бас директоры ҚФФ кеңсесіне келді

«Атлетико Мадрид» футбол клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Марин Қазақстанға сапары аясында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді.

Футбол үйінде Мигель Анхель Хиль Марин Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен жүздесті. Тараптар Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастықты нығайту және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ «Атлетико Мадрид» бас директоры ҚФФ музейіндегі Қазақстан футболының тарихына арналған экспозициялармен танысты. Музейде ел футболының қалыптасуы мен дамуын көрсететін тарихи жәдігерлер ұсынылған.

Сапар барысында Мигель Анхель Хиль Марин «Астана» және «Жеңіс» футбол орталықтарының тәрбиеленушілерімен де кездесіп, жас футболшылармен естелік суретке түсті.

ҚФФ мен «Атлетико Мадрид» арасындағы ынтымақтастық футбол инфрақұрылымын дамыту, жас ойыншыларды даярлау және халықаралық тәжірибе алмасу бағыттарында жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.
9850017
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 22 қаз., 14:52

Photo1/4
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан заманауи футбол инфрақұрылымына, жаттығу базасына және жас ойыншыларды даярлау бағдарламасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Сонымен қатар елдегі футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі жалғасуда.

Бұдан бөлек, Президент ФИФА-мен бірге барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары қолға алынғанына назар аударды.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасы мен испаниялық футбол мектебінің жетістіктеріне айрықша тоқталып, осы озық тәжірибені терең зерделеуге және оны қазақстандық дарынды ойыншылардың жаңа буынын тәрбиелеу ісінде пайдалануға мүдделі екенімізді атап өтті.

«Атлетико Мадрид» клубының бас директоры елімізде футболды қолдауға ерекше назар аударғаны үшін Президентке ризашылығын жеткізді.

Ол Алматы облысындағы «Атлетико Мадрид» академиясының инфрақұрылымы туралы оң пікір білдіріп, оның келешекте футболға арналған үздік оқу-жаттығу кешендерінің бірі болатынын айтты.

📸 Ақорда
1,0900029
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 21 қаз., 21:35

KFF Awards сыйлығына медиа номинациялар бойынша өтінім ашық

Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша үш медиа номинацияға өтінім қабылдауды бастайды. Үздіктер 2 қарашада өтетін жыл қорытындысы KFF Awards салтанатты кешінде марапатталады.

«Үздік клубтық медиа» номинациясына Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лига, Әйелдер лигасы және QJ League клубтарының баспасөз қызметтері қатыса алады. Бағалау кезінде контенттің сапасы мен тұрақтылығы, әлеуметтік желілер мен ресми сайттағы жұмыс, фото және видео материалдар, креативті форматтар, визуалдық стиль және аудиториямен байланыс ескеріледі.

«Үздік контент-креатор» номинациясына футбол туралы жеке авторлық контент жасайтындар қатыса алады. Олардың қатарында YouTube және әлеуметтік желілерде жұмыс істейтін авторлар, авторлық бағдарламалар жүргізетіндер және басқа да жеке форматтағы контент жасаушылар бар. Бұл номинацияда автордың жобаны өзі жүргізуі және контент жасауға қосқан жеке үлесі басты назарға алынады.

«Үздік медиажоба» номинациясы бірнеше адам бірігіп жүргізетін командалық жобаларға арналған. Оған футбол сайттары, подкасттар, Telegram арналары, Instagram аккаунттары, YouTube жобалары, авторлық бағдарламалар және басқа да медиаплатформалар қатыса алады.

Қатысу үшін [email protected] электронды поштасына қысқаша презентация, негізгі платформаларға сілтемелер, маусымдағы 5-10 үздік кейс және 2026 жылғы басты жетістіктер туралы ақпарат жіберу қажет. Командалық жобалар өтінімде команда құрамын және әр қатысушының атқаратын рөлін көрсетуі тиіс.

Өтінімдерді 25 қазанға дейін жіберуге болады.

Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін арнайы комиссия құрылып, барлық материалдарды қарайды. Комиссия әр номинация бойынша үш номинантты анықтайды. Ал жеңімпаздар 2 қарашада өтетін KFF Awards салтанатты кешінде жарияланып, марапатталады.
1,2200020
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 21 қаз., 21:17

Photo1/2
ҚФФ Төрешілік департаментінің басшысы УЕФА Еуропа лигасының матчына төрешілер бақылаушысы болып тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Төрешілік, инспекторлық және VAR жүйесін дамыту департаментінің директоры Нуну Каштру УЕФА тарапынан Түркияның «Бешикташ» және Англияның «Кристал Пэлас» командалары арасындағы Еуропа лигасының матчына төрешілер бақылаушысы болып тағайындалды.
Кездесу 2026 жылғы 22 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-де Стамбұл қаласындағы «Түпраш» стадионында УЕФА Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымының жалпы кезеңі аясында өтеді.

Матчқа Нидерланд елінің төрешілер бригадасы тағайындалды:

Бас төреші: Данни Маккели
Төрешінің көмекшілері: Хессел Стегстра және Ян де Врис
Төртінші төреші: Мартейн Вос
VAR: Йерун Мансхот
AVAR: Стан Тёбен

Нуну Каштру УЕФА төрешілер бақылаушысы қызметін атқарады. Оның міндеттеріне төрешілер бригадасының жұмысын бағалау, сондай-ақ УЕФА жүйесі аясында төрешілердің қызметін талдау, бағалау және кәсіби дамуына үлес қосу кіреді.

Бұл тағайындау ҚФФ төрешілік бағыты басшылығының халықаралық қызметке және Еуропаның беделді клубтық жарыстарына қатысуының тағы бір көрінісі болып табылады.

Қазақстан футбол федерациясы төрешілік саласындағы халықаралық қатысуын нығайтуды, кәсіби тәжірибе алмасуды, УЕФА стандарттарын енгізуді және Қазақстандағы төрешілер мен төрешілер бақылаушыларының жүйелі дамуын жалғастыруда.

#KFF
1,0800018
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 21 қаз., 19:24

Қазақстан Премьер-лигасының 29-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар

24 қазан
«Оқжетпес» – «Каспий»
Төреші: Сергей Ноженко (Талдықорған)
Төрешінің көмекшілері: Төребек Жақсылық (Қызылорда), Азамат Ахметов (Қызылорда)
Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)
VAR: Данияр Сахи (Қызылорда)
AVAR: Татьяна Сорокопудова (Қарағанды)
Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)

«Жетісу» – «Тобыл»
Төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе)
Төрешінің көмекшілері: Сергей Васютин (Алматы), Станислав Лесив (Семей)
Қосалқы төреші: Николай Дышкант (Талдықорған)
VAR: Марат Ысқақов (Астана)
AVAR: Юрий Тихонюк (Ақтөбе)
Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)

«Қызылжар» – «Ұлытау»
Төреші: Сәкен Байымбет (Тараз)
Төрешінің көмекшілері: Нұржан Жүнісов (Астана), Иван Навроцкий (Астана)
Қосалқы төреші: Владимир Никлевич (Петропавл)
VAR: Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR: Алексей Долгих (Павлодар)
Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)

«Ордабасы» – «Жеңіс»
Төреші: Данил Горда (Көкшетау)
Төрешінің көмекшілері: Сергей Калачев (Атырау), Әлішер Мынбаев (Тараз)
Қосалқы төреші: Елдос Қанаев (Шымкент)
VAR: Бағдат Абдуллаев (Тараз)
AVAR: Александр Затула (Өскемен)
Инспектор: Артем Кучин (Қарағанды)

25 қазан
«Алтай» – «Елімай»
Төреші: Георгий Чеховский (Астана)
Төрешінің көмекшілері: Алексей Шабанов (Алматы), Тимур Тұрсымбаев (Астана)
Қосалқы төреші: Станислав Шелег (Қостанай)
VAR: Антон Кучма (Көкшетау)
AVAR: Александр Павлов (Алматы)
Инспектор: Эльвира Нұрмұстафина (Алматы)

«Атырау» – «Ертіс»
Төреші: Рүстем Омаров (Алматы)
Төрешінің көмекшілері: Самат Тергеусізов (Алматы), Ринат Якбаров (Семей)
Қосалқы төреші: Сағадат Идрисов (Ақтау)
VAR: Саят Қарабаев (Астана)
AVAR: Максим Панин (Қостанай)
Инспектор: Сергей Пасько (Алматы)

«Ақтөбе» – «Қайрат»
Төреші: Болат Сариев (Орал)
Төрешінің көмекшілері: Денис Лабашов (Атырау), Дмитрий Белоградов (Павлодар)
Қосалқы төреші: Ераділ Тілеуов (Қызылорда)
VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
AVAR: Денис Измайлов (Талдықорған)
Инспектор: Виктор Антонов (Павлодар)

«Астана» – «Қайсар»
Төреші: Денис Тевяшов (Орал)
Төрешінің көмекшілері: Дмитрий Будниченко (Павлодар), Нұрдәулет Арынханов (Алматы)
Қосалқы төреші: Нұрсұлтан Әлібеков (Павлодар)
VAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
AVAR: Григорий Московченко (Павлодар)
Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)
1,5100017
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 21 қаз., 17:48

Video
🔥 Сәтпаев және Жұмаханов, Сатанов – кеңейтілген тізімде

🇰🇿 Джон ван ’т Шкип қараша айында өтетін матчтарға ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Кеңейтілген тізімге 38 футболшы енді

Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков 🇰🇿
Бекхан Шайзада 🇰🇿
Александр Заруцкий 🇰🇿
Стас Покатилов 🤩

Қорғаушылар:
Әділбек Жұмаханов 🇰🇿
Арсен Әшірбек 🇰🇿
Әлібек Қасым🇰🇿
Ян Вороговский 🇰🇿
Сергей Малый 🇰🇿
Дамир Қасаболат🇰🇿
Александр Широбоков🇰🇿
Александр Мрынский🇰🇿
Еркін Тапалов🇰🇿
Темірлан Ерланов 🇰🇿
Нұралы Әліп 🦁
Санжар Сатанов 🇰🇿
Владислав Васильев 🇰🇿
Наурызбек Жагоров 🇰🇿

Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов 🇰🇿
Алмас Төлібай 🇰🇿
Айбол Әбікен 🇰🇿
Георгий Жуков 🇰🇿
Исламбек Қуат🇰🇿
Бауыржан Исламхан 🇰🇿
Дінмұхаммед Қараман 🇰🇿
Станислав Басманов 🇰🇿
Әбинұр Нұрымбет 🇰🇿
Жасұлан Әмір 🇰🇿
Эльхан Астанов 🇰🇿

Шабуылшылар:
Ислам Чесноков 🐭
Исмаил Бекболат🇰🇿
Азамат Тұяқбаев 🇰🇿
Дастан Сәтпаев 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
Ғалымжан Кенжебек 🌄
Максим Самородов 🌄
Артур Шушеначев 🇰🇿
Рамазан Кәрімов 🇰🇿
Артем Литош 🇰🇿

🔜 Қарашада ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова және Словакия құрамаларына қарсы ойнайды.

📅 13.11.2026 | 🕙 22:00
🇲🇩 Молдова - Қазақстан🇰🇿
🏟 «Зимбру», Кишинев

📅 16.11.2026 | 🕗 20:00
🇰🇿Қазақстан - Словакия 🇸🇰
🏟 «Астана Арена», Астана

#BizdinJigitter💛💙
28,6000079
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 21 қаз., 00:24

Photo1/8
Біздің Стас УЕФА Чемпиондар лигасында «Боруссияға» қарсы ойнады 😍

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің үшінші турында әзербайжандық «Сабах» немістің «Боруссиясымен» кездесіп, 1:2 есебімен ойнады.

Ұлттық құрама қақпашысы Стас Покатилов 90 минут ойнап шықты.

Жарайсың, Стас 💪🏽

#BizdinJigitter💙💛
1,6700049
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 20 қаз., 22:13

Photo1/2
ЖЕҢІС!!!! 😍

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта 5:4 есебімен жеңіске жеттік ✊🏽

Гол соққандар:
⚽️ Альберт Ақбаликов
⚽️ Игита
⚽️⚽️⚽️ Эдсон

#BizdinJigitter💙💛
1,7500041
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 20 қаз., 21:55

Photo1/2
𝐆𝐎𝐎𝐎𝐎𝐀𝐀𝐀𝐀𝐀𝐋𝐋𝐋𝐋𝐋

Команда капитанының өз айтары бар 😍

🇰🇿 [5]:2 🇧🇾

#BizdinJigitter💙💛
1,3700035
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 20 қаз., 21:47

Photo1/2
𝐆𝐎𝐎𝐎𝐎𝐀𝐀𝐀𝐀𝐀𝐋𝐋𝐋𝐋𝐋

Эдсон екінші таймдағы алғашқы голды соқты 😍

🇰🇿 [4]:1 🇧🇾

#BizdinJigitter💙💛
1,3000024
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 20 қаз., 21:18

Video
⚽️𝑮𝑶𝑨𝑨𝑨𝑨𝑨𝑨𝑨𝑳

🔥 Эдсон Беларусь құрамасының қақпасына екінші голын соқты!

🇰🇿 3:1 🇧🇾

#BizdinJigitter💙💛 | #KFFTeamFutsal
1,2000023
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 20 қаз., 21:17

Video
⚽️𝑮𝑶𝑨𝑨𝑨𝑨𝑨𝑨𝑨𝑳

🔥 Эдсон Қазақстан ұлттық құрамасын алға шығарды!

🇰🇿 2:1 🇧🇾

#BizdinJigitter💙💛 | #KFFTeamFutsal
1,0700019
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 16 қаз., 19:55

Video
⚡️Арнольд Кнауб баршаңызды Қазақстан – Беларусь матчына шақырады

20 қазан күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Беларусьпен кездеседі.

🎟️ Билеттерді Яндекс Go-дағы Афиша бөлімінен сатып алыңыз!

#BizdinJigitter💙💛 | #KFFTeamFutsal
1,2500027
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 15 қаз., 20:18

Қазақстан Премьер-лигасының 23-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар

Премьер-лига. 23-тур
17 қазан
«Оқжетпес» - «Қызылжар»
Төреші: Григорий Московченко (Павлодар)
Төрешінің көмекшілері: Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Иван Филатов (Қарағанды)
Қосалқы төреші: Диас Құстаев (Орал)
VAR: Александр Затула (Өскемен)
AVAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
Инспектор: Анатолий Вишниченко (Қостанай)

«Жетісу» - «Қайсар»
Төреші: Рүстем Омаров (Алматы)
Төрешінің көмекшілері: Алексей Долгих (Павлодар), Евгений Кольев (Павлодар)
Қосалқы төреші: Михаил Бильдинов (Қарағанды)
VAR: Бағдат Абдуллаев (Тараз)
AVAR: Самат Тергеусізов (Алматы)
Инспектор: Руслан Дүзмамбетов (Өскемен)

«Тобыл» - «Жеңіс»
Төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)
Төрешінің көмекшілері: Наргис Магау (Алматы), Амангелді Жүсіпов (Тараз)
Қосалқы төреші: Ануар Қазбеков (Қостанай)
VAR: Татьяна Сорокопудова (Қарағанды)
AVAR: Сергей Калачев (Атырау)
Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл)

«Ақтөбе» - «Ордабасы»
Төреші: Антон Кучма (Көкшетау)
Төрешінің көмекшілері: Данияр Серікболов (Семей), Евгений Карлов (Павлодар)
Қосалқы төреші: Бекарыс Аманкелдин (Орал)
VAR: Денис Тевяшов (Орал)
AVAR: Марат Ысқақов (Астана)
Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы)

18 қазан
«Алтай» - «Атырау»
Төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Төрешінің көмекшілері: Дмитрий Филоненко (Тараз), Нұржан Жүнісов (Астана)
Қосалқы төреші: Муродбек Халилов (Шымкент)
VAR: Айдын Тасыбаев (Астана)
AVAR: Болат Сариев (Орал)
Инспектор: Асхат Абданбаев (Тараз)

«Елімай» - «Ұлытау»
Төреші: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
Төрешінің көмекшілері: Артем Волков (Атырау), Виктор Стасенко (Талдықорған)
Қосалқы төреші: Дмитрий Вишняков (Семей)
VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау)
Инспектор: Анатолий Ходин (Атырау)

«Қайрат» - «Ертіс»
Төреші: Сергей Ноженко (Талдықорған)
Төрешінің көмекшілері: Вячеслав Равдель (Орал), Мансур Сайдулаев (Қарағанды)
Қосалқы төреші: Біржан Сержанұлы (Алматы)
VAR: Саят Суликанов (Ақтөбе)
AVAR: Георгий Чеховский (Астана)
Инспектор: Елеш Құсайынов (Астана)

«Астана» - «Каспий»
Төреші: Данил Горда (Көкшетау)
Төрешінің көмекшілері: Дмитрий Белоградов (Павлодар), Евгений Филипчук (Шымкент)
Қосалқы төреші: Нұржан Жұмашев (Қызылорда)
VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
AVAR: Сәкен Байымбет (Тараз)
Инспектор: Павел Салий (Өскемен)
1,2200018
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 14 қаз., 03:07

Photo1/2
Плей-офф кезеңін аяқтадық

Әлем чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі жауапты матчта Қазақстан әйелдер құрамасы Ирландияға 0:4 есебімен есе жіберді.

#BizdinQyzdar💛💙
1,4000036
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 13 қаз., 20:18

Photo1/2
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🔥

🏆 Әлем чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңі
📆 13 қазан | 🕖 23:30
🇮🇪 Ирландия - Қазақстан 🇰🇿
🏟 «Парк И Кив», Корк

#BizdinQyzdar💛💙
1,4600027
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 13 қаз., 20:17

Video
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🔥

🏆 Әлем чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңі
📆 13 қазан | 🕖 23:30
🇮🇪 Ирландия - Қазақстан 🇰🇿
🏟 «Парк И Кив», Корк

#BizdinQyzdar💛💙
1,2700017
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 13 қаз., 19:54

Футболдан Премьер-лиганың 28-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 28-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

Толығырақ KFF YouTube-арнасында 📲
Video Thumbnail
1,380008
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 10 қаз., 14:08

Photo1/2
⚡️Билеттер сатылымда!

20 қазан күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Беларусь құрамасымен кездеседі.

🎟️ Билеттерді Яндекс Go-дағы Афиша бөлімінен сатып алыңыз!

💪 Жігіттерімізге қолдау көрсетіп, бірге жанкүйер болайық!

#BizdinJigitter💙💛 | #KFFTeamFutsal
2,2600028
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 09 қаз., 17:00

Photo1/2
⚡️Футзалдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеу кезеңі матчына арналған құрамы

Бас бапкер Какау іріктеу кезеңіндегі Беларуське қарсы матчқа шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 10 қазанда Астанада басталады.

Ал 20 қазан күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Беларуське қарсы матч өтеді.

#BizdinJigitter💙💛 | #KFFTeamFutsal
2,2800032
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 09 қаз., 12:31

Photo1/2
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🔥

🏆 Әлем чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңі
📆 9 қазан | 🕖 16:00
🇰🇿 Қазақстан – Ирландия 🇮🇪
🏟 «Астана Арена», Астана
📺 QazSport

🎟️ Билеттерді «Яндекс Афиша» және Jankuier қосымшаларынан сатып ала аласыз.

#BizdinQyzdar💛💙
1,6900029
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 08 қаз., 23:44

Photo1/2
Плей-оффтағы өз алаңымыздағы алғашқы матч 🔜

Ертең 16:00-де «Астана Аренада» Ирландия құрамасын қабылдаймыз ✊🏻

🏆 Әлем чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңі
📆 9 қазан | 🕖 16:00
🇰🇿 Қазақстан – Ирландия 🇮🇪
🏟 «Астана Арена», Астана
📺 QazSport

🎟️ Билеттерді «Яндекс Афиша» және Jankuier қосымшаларынан сатып ала аласыз.

#BizdinQyzdar💛💙
1,6600035
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 08 қаз., 21:45

Video
Қазақстан футбол федерациясы Бас хатшысы Скотт Манның ресми мәлімдемесі:

«Қайырлы күн! Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы ойындарына қатысты пікір білдіргім келеді. 

Біріншіден, құрама ойыншыларын ұдайы қолдап, әрдайым жанынан табылатын барша жанкүйерге алғыс айтамын. Біз сіздердің қолдауларыңызды сеземіз әрі соңғы нәтижелердің көңіл көншітпейтінін толық түсінеміз.

Федерация өз міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сіздердің реніштеріңіз орынды, соңғы ойындардағы көрсеткіштердің сын көтермейтінін де біліп отырмыз. Біз үшін осы жағдайдың себеп-салдарын нақты бағалап, бапкерлер штабынан бастап, ойыншылар, техникалық қызметкерлер мен ұлттық құрамалар бөлімінің жұмысын жан-жақты сараптау өте маңызды. Біз жағдайға қатаң әрі әділ баға беріп, жедел әрі нақты шешімдер қабылдауымыз керек.

Алда әлі екі ойынымыз бар. Осы матчтарға тыңғылықты дайындалып, жанкүйерлер күткен деңгейде өнер көрсетуіміз қажет. Елдің, федерацияның және сіздердің алдарыңызда құрама намысын абыроймен қорғау үшін барымызды салуға тиіспіз.

Осы ойындардан кейін жағдайды толық сараптаймыз. Мен бүгін техникалық топқа тек бас команданың ғана емес, барлық жасөспірімдер құрамаларының, бапкерлер мен ойыншылардың, сондай-ақ оларды қамтамасыз ететін мамандардың жұмысына терең талдау жүргізуді тапсырдым. Бұл бізге алдағы даму бағытымызды айқындауға мүмкіндік береді.

Алдағы апталарда қысқа және ұзақ мерзімде нәтижені жақсарту үшін нақты қандай қадамдар жасайтынымызды хабарлаймыз. Ел мақтанышына айналу, жанкүйерлерге айқын бағыт-бағдар беру және алаңға шыққан әрбір ойыншының табысқа жетуіне толық жағдай жасау – біз үшін басты мақсат.

Қолдауларыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Табысқа жету жолында аянбай еңбек ететінімізге уәде беремін. Рақмет!»

#KFF
8,6300038
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 07 қаз., 19:05

Photo1/2
🔜 Әлем чемпионатына апарар жол

⚡️ Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Беларусьпен кездеседі.

🏆 ӘЧ. Іріктеу кезеңі
🗓️ 20 қазан | 🕗 20:00
💻 Qazsport
🏟️ Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек кешені, Астана

Ұлттық құраманы бірге қолдайық 🙌🏽🇰🇿

#BizdinJigitter💙💛 | #KFFTeamFutsal
1,5800054
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 06 қаз., 23:15

Video
🎙️ Сергей Малый: «Нәтиже үшін қатты уайымдаймыз, бұл командаға қысым келтіреді»

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Сергей Малый УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Фарер аралдарына қарсы матч туралы пікірін айтты.

«Әрине, матчтың сәл басқаша өрбігенін қаладық. Жеңгіміз келді, соған дайындалып шықтық. Стандарттан гол жіберіп алдық. Қазір қатарынан үш ойында стандарттан гол өткізіп отырмыз. Бұл мәселемен жұмыс істеу керек.

Құдайға шүкір, ойынға қайта орала алдық. Егер алаңнан қуылу болмағанда, қарсыласты қысып, жеңісті жұлып алар едік деп ойлаймын. Бірақ менің ешқандай жаман ойым болған жоқ. Бұл абайсызда жасалған фол болды. Сондықтан қарсыласты толық қыса алмағанымыз өкінішті. 

Ең алдымен, ел алдындағы нәтиже үшін жауапкершілік бізге қатты қысым жасап тұр деп ойлаймын. Сондықтан аздап қысылып ойнаймыз. Әрине, голды қорғаушылар соғып жатыр. Бірақ шабуылшылар да сәл қысылып жүрген сияқты.

Есеп 0:2 болғаннан кейін, есепті қысқарта алдық. Содан кейін ойын жүріп кетті. Максим де қауіпті сәттер жасай бастады, жалпы бәріміз де мүмкіндіктер жасай бастадық. Сондықтан психология жағынан көбірек жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын. Еркінірек ойнау керек. Өйткені біз нәтиже үшін өте қатты уайымдаймыз. Бұл командаға қысым жасап, барлығына әсер етіп жатыр», - деді Сергей Малый.

#BizdinJigitter💙💛
1,7900027
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 06 қаз., 23:13

Video
🎙️Максим Самородов: «Фарер аралдарына қарсы ойын ауыр болды»

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Фарер аралдарына қарсы матч туралы пікірін айтты.

«Ойын ауыр болды. Өкінішке қарай, тең түстік. Барынша көп ұпай жинауға тырыстық, бірақ ойымыз жүзеге аспады. Әрине, сәл өкінішті. Бірақ бұл футбол екенін, мұнда не боларын ешкім білмейтінін түсінеміз.

Қарсылас қызыл қағаз алған соң допты көбірек ұстап, ойынды өз бақылауымызда ұстауға тырыстық. Өкінішке қарай, тағы да қайталаймын, жеңіске жете алмадық. Бірақ есепті теңестіре алдық.

Бізді қолдауды тоқтатпаңыздар. Міндетті түрде жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Бізге сәл ғана уақыт керек. Сабыр етіңіздер, бәрі жақсы болады», - деді Максим Самородов.

#BizdinJigitter💙💛
1,4400019
KFF Team logo
KFF Team

2026 ж. 06 қаз., 23:09

Video
🎙️Джон ван ’т Шкип: «Бұл нәтижені екі ұпай жоғалттық деп қабылдаймыз»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасы аясында өткен Фарер аралдарына қарсы матч туралы пікір білдірді.

«Екі жаққа да кезектескен, өте ауыр әрі тартысты матч болды деп ойлаймын. Ойын ашық өтті, алғашқы 20 минутта біз өте жақсы ойнадық. Бірақ гол жіберіп алғаннан кейін сенімділіктен айырылып, ойын тізгінін сәл уыстан шығарып алдық. Осылайша Фарер құрамасы өз ойынын жүргізе бастады. 

Екінші таймда, қарымта шабуылдан соң. Иә, бізге қайтадан тәуекелге баруға тура келді. Прессингтің және қарсыластың сол қапталдағы қорғаушысы екінші сары қағаз алып қалғанының арқасында, Малыйдың соққан голымен ойынға бірден қайта оралдық. Одан кейін таразы басын теңестіріп, есепті 2:2 қылдық.  

Өкінішке қарай, кейінірек Малый қызыл қағаз алып қалды. Ойын 2:2 есебімен аяқталды, сондықтан бұл нәтижені бір ұпай жинамай, екі ұпай жоғалттық деп қабылдап тұрмыз», - деді Джон ван ‘т Шкип.

#BizdinJigitter💙💛
1,3000021

Showing 30 of 97 posts

Рейтинг

Кіру қажет

Frequently Asked Questions

KFF Team Telegram арнасы не туралы?+

KFF Team (@kff_team) — tgdio сайтында Футбол санатындағы Telegram арнасы. Рейтинг, пікірлер, ранг және соңғы посттарды қарап, жазылмас бұрын шешіңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 6 889 жазылушы бар.

KFF Team (@kff_team) арнасына Telegram-да қалай қосылуға болады?+

tgdio сайтында арна профилін ашып, Join / Open in Telegram арқылы @kff_team арнасына тегін жазылыңыз.

KFF Team жақсы Футбол арнасы ма?+

tgdio сайтында қосылмас бұрын KFF Team рейтингін, пікірлерін, рангін және посттарын тексеріңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 6 889 жазылушы бар. ұқсас Футбол арналарымен салыстырыңыз.

KFF Team статистикасы мен посттарды қайдан көруге болады?+

tgdio сайтында @kff_team бетін ашыңыз: жазылушылар статистикасы, ранг, рейтинг және посттар. Stats сілтемесі өсу графигін көрсетеді.