ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram channel photo

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

@madenietaqparatPublic Channel

🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan

165

Last views

5.7k (5,697 subscribers)
Мүшелер
—
Rating
76
Total Posts
Oct 20, 2026, 1:13 AM
Жаңартылған
Mar 23, 2026
Created
Stats

Сіз қазақ тіліндегі контентті көріп отырсыз. Басқа тілдегі контентті көру үшін сайт тілін өзгертіңіз.

Channel Information

Channel Information
Channel NameҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Username@madenietaqparat
CategoryЖаңалықтар және газеттер
Languageқазақ тілі
CountryҚазақстан
Мүшелер5,697
Channel TypePublic Channel
Created2026 ж. 23 нау.
Last Updated2026 ж. 20 қаз. • 3 күн бұрын
StatusActive

Рейтинг

Жалпы рейтинг
#80406+230
Тіл бойынша рейтинг
#94+2
Санат бойынша рейтинг
#740+1

Жазылушылардың өсуі

Барлығы: 5.7K30 Days growth: +1673%
09/2009/2509/3010/0510/1010/1510/19
Жазылушылардың өсуі - 30 Days
DateSubscribers
20:09:20265,530
21:09:20265,530
22:09:20265,530
23:09:20265,530
24:09:20265,590
25:09:20265,590
26:09:20265,590
27:09:20265,590
28:09:20265,590
29:09:20265,590
30:09:20265,590
01:10:20265,590
02:10:20265,590
03:10:20265,590
04:10:20265,590
05:10:20265,590
06:10:20265,590
07:10:20265,590
08:10:20265,590
09:10:20265,590
10:10:20265,590
11:10:20265,590
12:10:20265,665
13:10:20265,665
14:10:20265,665
15:10:20265,665
16:10:20265,665
17:10:20265,665
18:10:20265,665
19:10:20265,697
Жазылушылардың өсуі - Weekly
DateSubscribers
Week of 10:08:20265,403
Week of 17:08:20265,403
Week of 24:08:20265,537
Week of 31:08:20265,557
Week of 07:09:20265,557
Week of 14:09:20265,530
Week of 21:09:20265,590
Week of 28:09:20265,590
Week of 05:10:20265,590
Week of 12:10:20265,665
Week of 19:10:20265,697
Жазылушылардың өсуі - Monthly
DateSubscribers
August 20265,537
September 20265,590
October 20265,697
Жазылушылардың өсуі - Yearly
DateSubscribers
20265,697

Top 10 posts

Most viewed posts from this channel

By views
  1. #1🔹Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі2.6K
  2. #2🔹Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі1.9K
  3. #3🇰🇿🇨🇳Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жы423
  4. #4🔹Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жастар форумына қатысты383
  5. #5Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Б. Омарованың ұсталуына ба372
  6. #6🎞️Қазақстан анимациясының апталығы басталды364
  7. #7⚜️Ұлыстың ұлы күніне орай Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония әртіс345
  8. #8📣Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізу туралы Қазақст343
  9. #9🔹Қазақстан жастары Тазару күніне белсенді қатысты337
  10. #10🌷Наурызнама онкүндігінің соңғы күні – Тазару күні333

Соңғы посттар

Photo1/20
📚 Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесі өтті

Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы «Фараб» облыстық кітапханасында «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара Республика күні қарсаңында өтті.

Көрмеге отандық және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және музей ісінің мамандары қатысты. Олардың қатарында Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген зерттеушілер болды.

📖 Кітап көрмесінде Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, рухани мұрасын зерттеуге арналған ғылыми еңбектер, монографиялар, мақалалар жинақтары, аудармалар мен сирек басылымдар ұсынылды.

Іс-шара «Сырдарияның орта және төменгі ағысы алабындағы түркі мәдениеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өтіп, көрмені 200-ге жуық адам тамашалады.

Қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған ғылыми еңбектермен танысып, Қазақстан мен шетел ғалымдары зерттеу нәтижелері мен тәжірибелерін ортаға салды.

📚 В Туркестане состоялась книжная выставка «Наследие Ходжи Ахмеда Ясави»

В рамках проекта Главы государства «Читающая нация» Национальный историко-культурный музей-заповедник «Әзірет Сұлтан» организовал книжную выставку «Наследие Ходжи Ахмеда Ясави» в областной библиотеке «Фараб». Выставка прошла в преддверии Дня Республики Казахстан.

В мероприятии приняли участие казахстанские и зарубежные ученые-ясавиведы, историки, религиоведы, представители интеллигенции, специалисты в области культуры и музейного дела. Среди участников были исследователи из Турции, России, Узбекистана и Кыргызстана.

В экспозиции представили научные труды, монографии, сборники статей, переводы и редкие издания, посвященные жизни и творчеству Ходжи Ахмеда Ясави, а также его духовному наследию.

Выставка состоялась в рамках международной научно-практической конференции «Тюркская культура в бассейне среднего и нижнего течения Сырдарьи». Экспозицию посетили около 200 человек.

Выставка стала площадкой для знакомства с научными исследованиями, посвященными наследию Ходжи Ахмеда Ясави, и обмена опытом между казахстанскими и зарубежными учеными.

🚀Aitu | Instagram | TikTok
165001
Video
Президент бастамасынан БҰҰ шешіміне дейін: Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді Қазақстанда волонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Бүгінде волонтерлер қоғамдағы өзекті мәселелерді…
285005
Photo1/2
Президент бастамасынан БҰҰ шешіміне дейін: Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді

Қазақстанда волонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Бүгінде волонтерлер қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосып келеді.

Қозғалыстың дамуына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жылдың Волонтер жылы деп жариялануы айрықша серпін берді. Осы кезеңнен бастап жекелеген бастамаларды қолдау ауқымы кеңейіп, волонтерлікті дамытуға қажетті инфрақұрылым қалыптаса бастады.

📊 Волонтерлік қозғалыстың дамуы

2020 жылмен салыстырғанда:
▪️ Волонтерлік ұйымдардың саны 3,5 еседен астам өсіп, 224-тен 810-ға жетті.
▪️ Белсенді волонтерлер саны алты есе артып, 300 мың адамнан асты.
▪️ Бастамашыл топтардың саны он есе көбейіп, 3,5 мыңды құрады.
▪️ 2025 жылы күміс волонтерлер саны 6 мыңға жетті. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен сегіз есе көп.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында түрлі жобалар мен бастамаларға 200 мыңнан астам волонтер қатысты.

🌐 Қазақстан бастамасы халықаралық деңгейде қолдау тапты

2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында Халықаралық волонтерлер жылын жариялауды ұсынды.

Қазақстан өзге мемлекеттермен бірлесіп ұсынған қарар 2023 жылғы желтоқсанда қабылданып, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.

Бұл шешім волонтерліктің әлеуметтік, гуманитарлық және экологиялық мәселелерді шешудегі маңызын халықаралық деңгейде мойындауға мүмкіндік берді.

Волонтерлік қызметті Қазақстанның жаңа Конституциясында бекіту де маңызды қадам болды. Бұл азаматтардың ерікті қызметке қатысуын қолдаудың құқықтық негіздерін нығайтады.

🤝 Халықаралық ынтымақтастық

2026 жылғы 20–21 тамызда Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы өтті. Қазақстан Президентінің бастамасымен және ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен құрылған форум Достастық елдерінің волонтерлерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы алаңға айналуды көздейді.

Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан мемлекеттік органдардың, волонтерлік ұйымдар мен қауымдастықтардың 300-ге жуық өкілі қатысты.

🌿 Экологиялық волонтерлік

Табиғатты қорғау және экожүйелерді сақтау бағытындағы халықаралық бастамалар да жалғасуда.

Ақтауда Каспий экожүйесін сақтауға арналған Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық іс-қимыл апталығы өтті. Оған Каспий маңы елдерінің өкілдері, БҰҰ Волонтерлер бағдарламасының делегациясы, Каспий теңізі жөніндегі Тегеран конвенциясының өкілдері, халықаралық экологиялық ұйымдар мен Қазақстан өңірлерінің волонтерлері қатысты.

19–20 маусымда Балқашта Халықаралық волонтерлер форумы ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Әзербайжан, Үндістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Ал Қызылорда облысында өтіп жатқан «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығы Арал өңірінің табиғатын сақтауға және экожүйесін қорғауға бағытталған. Іс-шара Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның он өңірінен келген 100 волонтерді біріктірді.

Толығырақ 🖥
224005
Video
🔹Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны таныстырылды

📌Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны мен бейнебаяны жарық көрді. Туынды кітап оқу мәдениетін дәріптеп, білімнің қоғам дамуындағы маңызын насихаттауға бағытталған.

Қазақ және орыс тілдерінде жазылған ән мәтінінде ұрпақтар сабақтастығы, білімге ұмтылу мен ел бірлігі кеңінен көрініс тапқан. Кітап тың идеялардың қайнар көзі әрі ұрпақтарды жалғайтын рухани құндылық ретінде сипатталады.

Әннің сөзі мен музыкасын «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласындағы кеңсе жетекшісі Жақсыбай Боранбаев жазған. Бейнебаян Астана қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қамбар Рахметовпен бірлесіп әзірленді. Ән мен бейнебаянды дайындау барысында жасанды интеллект технологиялары қолданылды.

Әнұран мен бейнебаян цифрлық форматта көпшілікке ұсынылды. Жоба халық арасында кітап оқуды кеңінен насихаттап, күнделікті кітап оқу дағдысын қалыптастыруды көздейді.

🔹Ко Дню Республики представлен гимн проекта «Кітап оқитын ұлт»

📌В преддверии Дня Республики представлены гимн и видеоклип проекта «Кітап оқитын ұлт» («Читающая нация»), посвящённые культуре чтения и роли знаний в развитии общества.

В тексте на казахском и русском языках раскрываются темы преемственности поколений, стремления к знаниям и единства народа. Книга представлена как источник новых идей и связующее звено между поколениями.

Автором текста и музыки стал руководитель проектного офиса «Кітап оқитын ұлт» по городу Астане Жаксыбай Боранбаев. Видеоклип создан совместно с Камбаром Рахметовым, учителем школы-гимназии № 68 имени Міржақыпа Дулатұлы города Астаны. При создании музыкальной композиции и видеоклипа использовались технологии искусственного интеллекта.

Гимн и видеоклип доступны в цифровом формате. Инициатива направлена на популяризацию чтения и формирование привычки читать ежедневно.

#RepublicDay
275007
Video
📣Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесінің…
343006
Photo1/2
📣Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша байқау өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға байқау жариялайды (2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес).

Байқау Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2026 жылғы 22 қазаннан 5 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 21 адам: коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және Қазақстан Республикасының азаматтары.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың: – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға; – сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; – психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Құжаттар электрондық пошта арқылы [email protected] мекенжайына немесе мына мекенжай бойынша жіберіледі: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс.

Анықтама телефоны: +7 7172 74 04 50
240004
Photo1/2
🔹«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды

📌«Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасына қатысқан тәлімгер шеберлердің бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды. Енді кез келген адам қазақтың қолөнерінің ерекшелігімен танысып, тәжірибелі мамандардан тегін үйрене алады. Сабақтар қолданбалы өнердің түрлі бағыттарын өз бетінше меңгеруге бағытталған.

Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Білім беру жобасы аясында 10 қолөнер шеберінен 8-20 жас аралығындағы 208 оқушы тәлім алды. Оқу бағдарламасы зергерлік өнер, ағаш пен тері өңдеу, киіз басу, керамика, кілем тоқу және дәстүрлі қолданбалы өнердің өзге де түрлерін қамтитын 10 бағыт бойынша өтті.

Бейнесабақтар шеберлердің білімі мен тәжірибесін көпшілікке танытуға, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге және қолөнер дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған бейнесабақтарды YouTube желісіндегі «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы бойынша тізімнен көруге болады.

🔹Видеоуроки проекта «Школа национального ремесла» доступны на YouTube

📌Видеоуроки мастеров-наставников образовательного проекта «Школа национального ремесла» опубликованы на YouTube. Все желающие могут бесплатно познакомиться с традиционными техниками казахского национального ремесла, узнать секреты мастерства у опытных специалистов и самостоятельно освоить основы различных видов прикладного искусства.

Проект реализован Корпоративным фондом «Фонд развития креативных индустрий» при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

В рамках проекта 10 мастеров национального ремесла обучили 208 участников в возрасте от 8 до 20 лет. Образовательная программа охватила 10 направлений, включая ювелирное искусство, обработку дерева и кожи, валяние войлока, керамику, ковроткачество и другие виды традиционного прикладного искусства.

Публикация видеоуроков расширяет доступ к знаниям мастеров, способствует популяризации национального культурного наследия и сохранению традиционных ремесленных навыков для будущих поколений.

Смотрите видеоуроки на YouTube
209006
Photo1/2
🔹Алматыда «Черная звезда» романының Брайль қарпінде және аудиокітап түрінде шыққан нұсқалары таныстырылды

📌Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Бақытжан Момышұлы мен Юрий Серебрянскийдің «Черная звезда» ертегі-романының таныстырылымы өтті. Шығарма Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпінде және аудиокітап түрінде жарық көрді.

Іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен оқырман қауым қатысты. Мектеп оқушыларына «Қара жұлдыздың сыры» интерактивті сабағы мен «Бір сұрақ – бір жауап» блиц-ойыны ұйымдастырылды.

Таныстырылымда қатысушылар авторлардың шығармашылығымен танысып, жастарға кітап оқуды дәріптеді. Романның арнайы нұсқалары зағип және нашар көретін азаматтардың әдеби шығармаларды оқып, тыңдауына мүмкін береді.

🔹В Алматы представили роман «Чёрная звезда» в форматах Брайля и аудиокниги

📌В Республиканской библиотеке для незрячих и слабовидящих граждан состоялась презентация сказочного романа «Чёрная звезда» Бахытжана Момышулы и Юрия Серебрянского. Книга издана рельефно-точечным шрифтом Брайля и в аудиоформате, что позволяет читателям с нарушениями зрения познакомиться с произведением в доступной для них форме.

В мероприятии приняли участие сотрудники библиотеки и читатели. Для школьников организовали интерактивный урок «Тайна Чёрной звезды» и блиц-игру «Один вопрос - один ответ».

Презентация познакомила участников с творчеством авторов и способствовала повышению интереса молодёжи к чтению. Издание романа в специальных форматах расширяет доступ незрячих и слабовидящих читателей к литературе и способствует развитию инклюзивной культурной среды.

🚀Aitu | Instagram | TikTok
197005
Photo1/14
🔹В Туркестане состоялась II региональная научная конференция «Туған өлке тағылымы»

📍В рамках клуба «Ясавитану» совместно с Национальным историко-культурным музеем-заповедником «Әзірет Сұлтан» и городским отделом образования Туркестана состоялась II региональная научная конференция «Туған өлке тағылымы».

На открытии конференции выступили заместитель акима города Мадияр Алипов, директор музея-заповедника Ерлан Дакенов, а также доктор философских и теологических наук, профессор Досай Кенжетай.

В научном мероприятии приняли участие около 100 учащихся школ Туркестана и Кентау, а также Отрарского и Сауранского районов. Основная цель конференции – углублённое изучение истории родного края, популяризация историко-культурного наследия и повышение интереса подрастающего поколения к научно-исследовательской деятельности.

Юные исследователи представили научные работы по различным направлениям, включая наследие Ясави и историю родного края, культурное наследие и музейное дело, туризм и краеведение, литературу и фольклор, природу и экологию.

По итогам конференции научные статьи участников опубликованы в электронном сборнике.

В завершение мероприятия директор музея-заповедника Ерлан Дакенов и заместитель директора Нурлан Дукенбаев поздравили юных исследователей. Участникам также были вручены сертификаты и памятные подарки.
184005
Photo
🎭Мұхтар Әуезов атындағы театр Үндістандағы БРИКС фестивалінде «Қыз Жібек» спектаклін сахналады

📍Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты.

Театр ұжымы қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін танытатын «Қыз Жібек» спектаклін сахналады. Қойылым режиссері – өнертану бойынша PhD докторы Елік Нұрсұлтан.

Фестивальдің ашылу салтанатына Үндістанның Мәдениет және туризм министрі Гаджендра Сингх Шехават қатысты. Ол шығармашылық ұжымдарға жылы лебізін білдіріп, халық арасындағы достықты нығайтудағы өнердің маңызына тоқталды және қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Халықаралық фестиваль театр ұжымы үшін қазақ сахна өнерін әлемдік деңгейде танытуға жәнк елдер арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға мүмкіндік берді.

🎭Театр имени Мухтара Ауэзова представил «Қыз Жібек» на фестивале БРИКС в Индии

📍Казахский национальный театр драмы имени Мухтара Ауэзова принял участие в Международном театральном фестивале БРИКС, который состоялся в Нью-Дели (Индия).

Коллектив представил спектакль «Қыз Жібек», отражающий духовное наследие и национальные традиции казахского народа. Режиссёром постановки выступил Елик Нурсултан, доктор PhD в области искусствоведения.

В церемонии открытия фестиваля принял участие министр культуры и туризма Индии Гаджендра Сингх Шехават. Он поприветствовал творческие коллективы, подчеркнул роль искусства в укреплении дружбы между народами и пожелал участникам творческих успехов.

Участие казахстанского театра в международном фестивале стало возможностью представить зарубежной аудитории национальное театральное искусство и способствовало развитию международного культурного сотрудничества.
19000
Video
🔹В Астане открылась ярмарка креативных индустрий Карагандинской области

📍В Астане на площадке Qazaq Creative Hub открылась ярмарка креативных индустрий Карагандинской области, организованная в рамках республиканского проекта Creative Aimaq Фонда развития креативных индустрий.

Свои работы представили 80 креаторов региона. Посетители могут приобрести авторские изделия и принять участие в мастер-классах. В экспозиции представлены картины, ювелирные украшения, дизайнерские коллекции одежды, ковры, керамика и изделия декоративно-прикладного искусства. Отдельные площадки посвящены инклюзивному творчеству, национальным музыкальным инструментам, а также разработкам в сфере информационных технологий, искусственного интеллекта и беспилотных технологий.

Одним из ключевых событий стала презентация книг известного казахстанского художника Карипбека Куюкова «Қайсар рух» и «Жизнь без рук».
Программа также включает показы дизайнерских коллекций, мастер-классы и выступления артистов Карагандинского концертного объединения имени Кали Байжанова.

Ярмарка продлится 17–18 октября. Проект Creative Aimaq направлен на продвижение региональных креаторов, популяризацию отечественной продукции и развитие креативного предпринимательства в Казахстане.

🚀Aitu | Instagram | TikTok
27000
Photo
🔹Астанада Қарағанды облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі ашылды

📍Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Креативті индустрияларды дамыту қорының Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Қарағанды облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі ашылды.

✔️Жәрмеңкеде өңірдің 80 шығармашылық өкілі өз туындыларын таныстырды. Көпшілік авторлық бұйымдарды сатып алып, шеберлік сабақтарға қатыса алады.

Көрмеге кескіндеме туындылары, зергерлік бұйымдар, дизайнерлік киім топтамалары, кілемдер, керамика және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары қойылған. Сонымен қатар инклюзивті шығармашылық, ұлттық музыкалық аспап, ақпараттық технология, жасанды интеллект және ұшқышсыз құрылғылар бойынша жобаларға арналған арнайы алаңдар жұмыс істейді.

Жәрмеңке аясында белгілі суретші Қаріпбек Күйіковтің «Қайсар рух» және «Жизнь без рук» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Креативті жәрмеңкеде дизайнерлік топтамалардың көрсетілімі, шеберлік сабақтары жоспарланған. Бұдан бөлек, Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі әртістері өнер көрсетеді.

Жәрмеңке 17-18 қазан күндері өтеді.

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі шығармашылық индустрия өкілдерін қолдауға, отандық өнімдерді кеңінен танытуға және еліміздегі креативті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
42000
Photo
🤝В присутствии Президента Казахстана и Премьер-министра Камбоджи состоялась церемония обмена следующими межправительственными и межведомственными документами:

1. Меморандум о взаимопонимании между Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан и Министерством почты и телекоммуникаций Королевства Камбоджа;

2. Меморандум о взаимопонимании между Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан, АО «Национальные информационные технологии» и Министерством внутренних дел Королевства Камбоджа о сотрудничестве в сфере цифрового правительства, GovTech и информационно-коммуникационных технологий;

3. Меморандум о взаимопонимании между Министерством торговли и интеграции Республики Казахстан и Министерством торговли Королевства Камбоджа по торгово-экономическому сотрудничеству;

4. Меморандум о взаимопонимании между Министерством культуры и информации Республики Казахстан и Министерством культуры и изящных искусств Королевства Камбоджа о сотрудничестве в области культуры и искусства;

5. Меморандум о взаимопонимании между Министерством туризма и спорта Республики Казахстан и Министерством туризма Королевства Камбоджа о сотрудничестве в области туризма;

6. Меморандум об установлении побратимских отношений между городами Астана и Пномпень.

t.me/aqorda_resmi
63000
Photo
🤝Қазақстан Президенті мен Камбоджа Премьер-министрінің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Пошта және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мен Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігі арасында цифрлық үкімет, GovTech және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Сауда министрлігі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Мәдениет және көркем өнер министрлігі арасында мәдениет пен өнер салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Туризм министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Астана мен Пномпень қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандум.

t.me/aqorda_resmi
58000
Photo
🎞️Казахстан отмечает День казахского кино

📌12 сентября в Казахстане отмечается День казахского кино. К этой дате отрасль подходит с новыми премьерами, международными достижениями, расширением зрительской аудитории и развитием отечественного кинопроизводства.

🎬В первом полугодии 2026 года в широкий прокат вышли шесть фильмов, созданных при государственной поддержке: «Гипноз», «Билет из рая», «Әбіл», «Осенний бриз», «Құт» и «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда». Последний стал первым документальным фильмом, созданным при государственной поддержке и вышедшим в коммерческий кинотеатральный прокат в Казахстане.

В сентябре этот ряд продолжили новые премьеры – «38. Соңғы нүкте» и «Бүркітші». Фильм «38. Соңғы нүкте» посвящен работе лесников и людям, выполняющим профессиональный долг в сложных условиях. «Бүркітші» – первый казахстанский фильм в жанре dark-триллера, отобранный по приоритетной теме «Закон и порядок».

📌Результативность государственной поддержки показывает и прокат предыдущего года. Фильм «Qaitadan», снятый по заказу Министерства культуры и информации Республики Казахстан при поддержке Государственного центра поддержки национального кино, в 2025 году собрал более 1 млрд тенге и в пять раз окупил вложенные государственные средства. 

Казахстанские фильмы представлены и на крупных зарубежных площадках. Анимационный фильм «Алтын адам» вошел в конкурсную программу Hiroshima Animation Season в Японии. Проект «Қазақанимации» «KÖLEÑKE» получил специальную награду жюри The DarkCat Award на фестивале в США. Картина «Mūğalım» представит Казахстан в конкурсной программе New Directors 74-го Международного кинофестиваля в Сан-Себастьяне.

Наряду с выпуском новых картин на «Казахфильме» ведется работа по сохранению национального кинонаследия. В первом полугодии оцифровано пять картин, отреставрированы фильмы «Алпамыс идет в школу» и «Тревожное утро».

Продолжается и развитие отечественной анимации. «Казаханимация» начала производство десяти пилотных проектов. Новые работы представляются на профессиональных кинорынках, в том числе Marché du Film в Каннах и Annecy International Animation Film Festival в Анси, а показы казахстанской анимации проходят в регионах страны.

Ко Дню казахского кино на Аллее славы «Қазақфильма» откроются восемь именных звезд режиссеров, операторов, художников, актеров и киноведа. Также будет отмечено 100-летие режиссера Абдуллы Карсакбаева, юбилей которого включен в международный календарь памятных дат и юбилеев ЮНЕСКО на 2026-2027 годы.

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
158000
Photo
🎞️Елімізде қазақ киносының күні аталып өтеді

📌12 қыркүйекте елімізде қазақ киносының күні аталып өтеді. Биылғы кәсіби мерекенің орны айрықша. Отандық кино саласы көрерменге жаңа премьералар және тың жобаларды ұсынып, халықаралық деңгейдегі бірқатар жетістігімен қуантып отыр. Кино өндірісінің қарқыны артып, отандық туындыларды тамашалайтын көрермен қатары да артып келеді.

🎬2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік қолдаумен түсірілген алты фильм кең прокатқа шықты. Олар: «Гипноз», «Билет из рая», «Әбіл», «Осенний бриз», «Құт» және «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда». Соңғысы мемлекеттік қолдаумен түсіріліп, ел кинотеатрларында коммерциялық прокатқа шыққан алғашқы деректі фильм болды.

Қыркүйекте көрерменге тағы екі жаңа туынды – «38. Соңғы нүкте» және «Бүркітші» жол тартты. «38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кино тарихында орманшылар мен қиын жағдайда кәсіби міндетін атқаратын азаматтардың еңбегін арқау еткен алғашқы фильм. Ал «Бүркітші» – «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша киножобалар байқауында іріктелген, dark-триллер жанрындағы алғашқы отандық фильм.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесін былтырғы прокат көрсеткіштері де айғақтайды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Qaitadan» фильмі 2025 жылы 1 млрд теңгеден астам кассалық түсім жинады. Бұл фильмге бөлінген мемлекеттік қаржыдан бес есе көп.

📌Отандық фильмдер ірі халықаралық кино алаңдарында да таныстырылып келеді. «Алтын адам» анимациялық фильмі Жапониядағы Hiroshima Animation Season фестивалінің байқау бағдарламасына енді. «Қазақанимацияның» «KÖLEÑKE» жобасы АҚШ-тағы фестивальде The DarkCat Award қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді. Ал «Mūğalım» фильмі Испаниядағы 74-ші Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалінің New Directors байқау бағдарламасында Қазақстанды таныстырады.

Жаңа туындылар түсірумен қатар, «Қазақфильмде» ұлттық кино қорын сақтау және жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында бес фильм цифрлық форматқа көшіріліп, «Алты жасар Алпамыс» және «Қилы кезең» фильмдері реставрациядан өтті.

Отандық анимация қатарын да жаңа жобалар толықтырып келеді. «Қазақанимация» он пилоттық жобаның өндірісін бастады. Жаңа туындылар Канндағы Marché du Film және Ансидегі Annecy International Animation Film Festival секілді кәсіби кино алаңдарында таныстырылып, отандық анимациялық фильмдер еліміздің өңірлерінде көрсетіліп келеді.

Қазақ киносының күніне орай «Қазақфильмнің» Жұлдыздар аллеясында режиссерлер, операторлар, суретшілер, актерлер мен кинотанушылардың құрметіне сегіз атаулы жұлдыз ашылады. Сондай-ақ биыл режиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығы аталып өтеді. Оның мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2026-2027 жылдарға арналған атаулы күндер мен мерейтойлар халықаралық күнтізбесіне енгізілген.
115000
Photo
🔹Отбасы күніне арналған апталықтың алтыншы күні қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталады

📌Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық жалғасып жатыр. Бүгін, 12 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар өтеді.

Атаулы күні отбасындағы қаржының тұрақты болуы, қаржыны дұрыс жоспарлау, әлеуметтік көмекті пайдалану және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы кеңінен ақпарат беріледі.

Отбасыларға кеңес беру үшін мемлекеттік органдардың, Отбасын қолдау орталықтарының, әлеуметтік қызмет көрсету мен үкіметтік емес ұйымдардың мамандары бас қосатын арнайы алаңдар ұйымдастырылады.

Апталық аясында қайырымдылық акцияларын өткізу де жоспарланған.

🔹Поддержке семей в трудной жизненной ситуации посвящен очередной день в рамках Недели семьи

📌В Казахстане продолжается Недели семьи. Сегодня, 12 сентября, по республике пройдут мероприятия, посвященные поддержке семей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации.

В этот день особое внимание уделяется финансовой устойчивости семей, вопросам финансовой грамотности, доступности социальной помощи и информированию граждан о действующих мерах государственной поддержки.

Для семей организованы консультационные площадки с участием специалистов государственных органов, Центров поддержки семьи, социальных служб и НПО.
Также в рамках кампании запланированы благотворительные акции.

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
192003
🔹Құрметті достар! Қадірлі әріптестер! Баршаңызды Қазақ киносы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кино – ұлттық мәдениетіміздің айрықша арнасы, бағыты. Өткеннің тағылымын, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, бүгінгі болмысымызды тереңірек…
188007
Video
🔹Құрметті достар!
Қадірлі әріптестер!

Баршаңызды Қазақ киносы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Кино – ұлттық мәдениетіміздің айрықша арнасы, бағыты. Өткеннің тағылымын, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, бүгінгі болмысымызды тереңірек пайымдауға мүмкіндік беріп, Қазақстанды әлемге танытуға септігі ерекше сала. Сондықтан кино өнерін қолдау – шығармашылық индустрияны өркендетуге ғана емес, ұлттық болмысымызды нығайтып, өскелең ұрпақтың рухани негізін шыңдауға, өрісін кеңейтуге қосылған маңызды үлес.

Соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен саланы қолдау тетіктері жетілдіріліп, ұлттық киностудияның әлеуеті нығайтылуда. Отандық фильмдерді өндіруге және ілгерілетуге қажетті жағдай жасалып келеді.

Бұл ретте Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының орны бөлек. Президенттің тапсырмасымен киностудияны тікелей мемлекеттік қолдау қайта қолға алынды. Ендігі маңызды қадам – «Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын біріктіру.

Министрліктің міндеті – қолға алынған өзгерістердің нәтижелілігін қамтамасыз ету, саланың өндірістік және шығармашылық негізін нығайту, жеке кинокомпаниялардың мүмкіндігін кеңейту және көркемдік деңгейі жоғары, мазмұны терең фильмдердің жарыққа шығуына жағдай жасау.

Қазақстанда жыл сайын ондаған отандық фильм түсіріліп, олардың саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2024 жылы 94 фильм түсірілсе, 2025 жылы отандық прокатқа 103 туынды шықты. Ең бастысы, қазақ киносына деген көрермен ықыласы артып, отандық фильмдердің аудиториясы кеңейіп келеді.

Киномұрамызды сақтау да аса маңызды. Қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл классикалық туындылардың жаңа буын көрермен үшін қолжетімді болуына жол ашады. Осы жылдың айрықша мән беретін тағы бір айтулы оқиғасы – көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуы. Бұл мерейтой ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілді.

Бүгінгі қазақ киносына жаңа есімдер, тың авторлық идеялар, еліміздің өткені мен бүгінін, болашақ мұратын, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен жетістіктерін арқау еткен мазмұнды туындылар қажет. Мұндай фильмдер көрермен жүрегінен орын алып,
Қазақстанды әлемге лайықты танытуы тиіс.

Барша киногерлерге жарқын премьералар, батыл шығармашылық ізденістер, көрерменнің ыстық ықыласы мен халықаралық аренадағы жаңа табыстар тілеймін!

Қазақ киносы күні құтты болсын!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев
169004
Photo
🔹Құрманғазы оркестрінің 93-ші концерт маусымын робот-дирижер ашты

📍Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 93-ші концерт маусымын ерекше бағдарламамен ашты. Жаңа маусымда ұлттық музыка заманауи технологиямен үндесіп, сахнаға робот-дирижер шықты. Оның жетекшілігімен оркестр бірнеше шығарманы орындады.

Алматыда өткен концерт қала күніне арналды. Бағдарламада ұлттық музыка, әлемдік классика жауһарлары және Алматы туралы әндер шырқалды.

Оркестр Құрманғазының «Түрмеден қашқан», «Серпер», «Адай» және «Сарыарқа» күйлерін, сондай-ақ Ахмет Жұбановқа арналған Н.Әшіровтің «Фантазиясын» орындады. Әлемдік классика қатарында Иоганнес Брамс, Ференц Лист және Иоганн Штраус шығармалары болды.

Кеш бағдарламасында Алматы тақырыбына да айрықша мән берілді. Александр Зацепиннің «Алматым менің» және Ескендір Хасанғалиевтің «Алматының алмасы» әндері шырқалды.

Мерекелік кештің мазмұнын Алматы апортына арналған көрме және DJ-сүйемелдеуі аша түсті.

Жаңа маусымда оркестр «Kurmangazy: next cover concert», «Шам жарығындағы әуен», «QURMANҒAZY COMPOSER LAB» және «Cinema hits» жобаларын көпшілікке ұсынады.

🔹Робот-дирижер открыл 93-й концертный сезон оркестра имени Курмангазы

📍Искусственный интеллект и современные технологии стали частью открытия 93-го концертного сезона Казахского национального оркестра народных инструментов имени Курмангазы. Одним из главных элементов программы стал робот-дирижер, под управлением которого прозвучали произведения в исполнении оркестра. Творческий эксперимент объединил традиционное звучание национального оркестра и современные технологии.

Концерт в Алматы был приурочен ко Дню города. В программу вошли произведения казахской инструментальной музыки, мировой классики и песни об Алматы.

Оркестр исполнил кюи Курмангазы «Түрмеден қашқан», «Серпер», «Адай» и «Сарыарқа», а также «Фантазию» Н. Аширова, посвященную Ахмету Жубанову. Классическую часть составили произведения Иоганнеса Брамса, Ференца Листа и Иоганна Штрауса.

Отдельный блок посвятили Алматы. Прозвучали песни «Алматым менің» Александра Зацепина и «Алматының алмасы» Ескендира Хасангалиева.
Праздничную программу дополнили выставка, посвященная алматинскому апорту, и DJ-сопровождение.

В новом сезоне коллектив представит проекты «Kurmangazy: next cover concert», «Шам жарығындағы әуен», «QURMANҒAZY COMPOSER LAB» и «Cinema hits».

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
200002
Photo
🔹Отбасы күніне арналған апталық «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында өтті

📌11 қыркүйекте Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында өтті. Бұл күні отбасы қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқығын, мүддесін қорғау және отбасындағы сыйластық секілді мәселелер айтылды.

Ел өңірлерінде психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.

Атаулы күннің негізгі іс-шарасы – «Ашық алаң» пікірталас алаңы. Онда қатысушылар мемлекеттік отбасы саясатының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық жалғасып жатыр. 12 қыркүйекте қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға қолдау көрсету мәселесіне басымдық беріледі.

🔹«Семья – пространство поддержки»: Неделя семьи в Казахстане

📌11 сентября в Казахстане в рамках тематической недели ко Дню семьи прошел день «Семья – пространство поддержки». Основное внимание было уделено вопросам безопасности семьи, профилактике семейно-бытового насилия, защите прав и интересов детей, культуре здоровых отношений.

В регионах были организованы экспертные встречи с участием психологов, юристов, социальных работников, представителей правоохранительных органов и НПО.

Кульминацией дня стала дискуссионная площадка «Ашық алаң», где участники обсудили актуальные вопросы государственной семейной политики.

Неделя семьи в Казахстане продолжается. Следующий день кампании, 12 сентября, будет посвящен поддержке семей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации.  

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
228003
Photo
🔹«KitapTime – 2026» кітап фестивалі 55 мыңнан астам адамды қамтыды

📌Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен еліміздің барлық өңірінде «KitapTime-2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.

Фестиваль негізгі алаң ретінде Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында кітап жәрмеңкесі, әдеби кездесулер, буккроссинг, шеберлік сабақтары және «Оқитын ұрпақ: жаңа оқырманды қалыптастырудың заманауи жолдары» халықаралық дөңгелек үстелі өтті.

Сондай-ақ кітапханада жасөспірімдерге арналған жаңа оқу залы ашылды.
Кітап фестивалінде серб әдебиеті бұрышының ашылып, мұнда белгілі серб қаламгерлерінің шығармалары, көркем және балалар әдебиетін қоса алғанда 120 кітап қойылған. Осылайша Ұлттық академиялық кітапханадағы шетел әдебиетіне арналған кеңістіктердің саны 20-ға жетті.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы және «Жастар» театры «Кітап, өнер және медиа: жаңа серіктестік» тақырыбында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

«Ауылға кітап» акциясы, «Өзіңді тап – өзегіңе орал!» тақырыбындағы презентация, жаңа кітаптардың таныстырылымы, қаламгерлер және әдебиет саласының өкілдерімен кездесулер де өтті.
Алматыда фестиваль іс-шаралары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ұйымдастырылды.

Көпшілікке 2025-2026 жылдары жарық көрген басылымдар, сирек кітаптар және XX ғасырдағы газет-журналдардың архивтік нөмірлері таныстырылды. Әдеби кездесулер, пікірталастар, қолтаңба беру рәсімдері, интерактивті бағдарламалар және кино көрсетілімі өтті.

Кітапты оқырманға танытудың заманауи тәсілдерін дәріптеу мақсатындағы іс-шаралар да болды. «Book Blogger» кездесуінде әлеуметтік желілерде кітап туралы контент дайындау, оқырман аудиториясын қалыптастыру және кітап оқуға қызығушылықты арттырудың жаңа тәсілдері сөз болды.

Жалпы «KitapTime – 2026» фестивалі аясында еліміз бойынша 1 795 мәдени-ағартушылық іс-шара өтіп, оған 55 726 адам қатысты.

🔹Более 55 тысяч человек объединил книжный фестиваль «KitapTime–2026»

📌При поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан во всех регионах страны прошел V общереспубликанский книжный фестиваль «KitapTime–2026».

Центральной площадкой стала Национальная академическая библиотека РК в Астане. Программа объединила книжную ярмарку, литературные и творческие встречи, Bookcrossing, мастер-классы и международный круглый стол «Читающее поколение: современные подходы к формированию нового читателя». Также в библиотеке открылся новый читальный зал для подростков.

Одним из ключевых событий стало открытие Уголка сербской литературы, где представлено 120 книг, включая произведения известных сербских авторов, художественную и детскую литературу. Новая площадка стала 20-м пространством зарубежной литературы в Национальной академической библиотеке РК.

Кроме того, Национальная академическая библиотека РК, Национальный телеканал «Казахстан» и театр «Жастар» подписали меморандумы о сотрудничестве по направлению «Книга, искусство и медиа: новое партнерство».

В программу также вошли акция «Ауылға кітап», просветительская презентация «Өзіңді тап – өзегіңе орал!», презентации книг и встречи с писателями и представителями литературной сферы.

В Алматы мероприятия фестиваля состоялись в Национальной библиотеке РК. Посетителям представили издания, выпущенные в 2025–2026 годах, редкие книги, а также архивные номера газет и журналов XX века. Здесь также прошли литературные встречи, дискуссии, автограф-сессии, интерактивные программы и кинопоказ.

Отдельное внимание уделили современным способам продвижения книг. На встрече «Book Blogger» обсудили создание книжного контента в социальных сетях, формирование читательской аудитории и новые инструменты популяризации чтения.

Всего в рамках «KitapTime–2026» по стране состоялось 1 795 культурно-просветительских мероприятий, которые объединили 55 726 участников.

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
198001
Photo
🔹Қызылордада қоғамдық диалогты дамытудағы БАҚ-тың рөлі талқыланды

📍Қызылордада БАҚ жұмысының заманауи тәсілдері мен қоғаммен ашық диалог орнату мәселелеріне арналған Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға Журналистер клубының мүшелері, этностық БАҚ пен «Қоғамдық келісім» өкілдері, медиа сарапшылар және блогерлер қатысты.
Қатысушылар қоғам үшін маңызды үдерістерді ақпарат құралдарында жариялау, ашық диалог мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ журналистер, баспасөз қызметтері мен сарапшылар арасындағы байланыстың жаңа форматтары сөз болды.

Кездесудің тәжірибелік бөлімінде қоғамдық-саяси үдерістерді ақпараттық сүйемелдеу бойынша тренинг өткізілді. «Медиа, PR және қоғам: ашық диалог мәдениеті» және «Шешімдер журналистикасы. Өңірлік медиадан қоғамдық маңызы бар материалға дейін» тақырыптары жеке қарастырылды.

Спикерлер аудитория сұранысына сай сапалы контент әзірлеудің заманауи тәсілдері туралы айтты. Қатысушылар да өз тәжірибелерін ортаға салып, ақпарат саласындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Журналистер клубын медиа саласы өкілдерінің тәжірибе алмасуына және кәсіби байланысын нығайтуға арналған алаң ретінде одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.

🔹В Кызылорде обсудили роль СМИ в развитии общественного диалога

📍В Кызылорде состоялось расширенное заседание Клуба журналистов, посвященное современным подходам в работе СМИ и развитию открытого диалога с обществом.

В мероприятии приняли участие члены Клуба журналистов, представители этнических СМИ и «Қоғамдық келісім», медиаэксперты и блогеры.

Участники обсудили роль медиа в освещении общественно значимых процессов, развитие культуры открытого диалога, а также новые форматы взаимодействия журналистов, пресс-служб и экспертного сообщества.

Практическая часть встречи включала тренинг по информационному сопровождению общественно-политических процессов. Отдельное внимание уделили темам «Медиа, PR и общество: культура открытого диалога» и «Журналистика решений: от регионального медиа до общественно значимого материала».

Спикеры представили современные подходы к созданию качественного и востребованного аудиторией контента, а участники обменялись практическим опытом и обсудили актуальные вопросы информационной работы.

По итогам встречи были обозначены направления дальнейшего развития Клуба журналистов как профессиональной площадки для обмена опытом и укрепления взаимодействия представителей медиасферы.

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
225003
Photo
🔹Өңірлерде отбасы құндылықтарын нығайтуға және психологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар аяқталды

📍Қазақстанда жас отбасылар мен елді мекендерде тұратын әйелдерді қолдауға, педагогтер мен психологтардың психологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар қорытындыланды.
«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту» бағыты бойынша шағын грант аясында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында «Әйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бірлестігі «Берекелі отбасы – бақытты болашақ» жобасын өткізді. Жоба жас отбасылар мен ауыл әйелдерін қолдауды көздейді.

Кездесу барысында қатысушылар отбасындағы қарым-қатынас пен жауапкершілік, отбасылық бюджетті жоспарлау және қаржылық сауаттылық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту тақырыбына айрықша мән берілді.

«Әлеуметтік волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша берілген шағын грант аясында мектеп психологтары мен педагогтердің кәсіби күйзелісінің алдын алуға бағытталған жоба жүзеге асырылды. Оның аясында мамандарға күнделікті жұмыста қолдануға болатын тәжірибелік әдістер үйретіліп, әдістемелік және психологиялық қолдау көрсетілді.

Алматы облысында, Астана, Алматы, Тараз және Түркістан қалаларында барлығы 85 іс-шара өтіп, оған 2 977 адам қатысты.
Семинарлар мен тренингтерде педагогтер мен мектеп психологтары кәсіби күйзелістің алғашқы белгілерін ерте анықтау және оның алдын алу тәсілдерін меңгерді.

Жобалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен өткізілді.

🔹В регионах завершились социальные проекты по укреплению семейных ценностей и психологической устойчивости

📍В Казахстане завершилась реализация социальных проектов, направленных на поддержку молодых семей и женщин, проживающих в сельской местности, а также укрепление психологической устойчивости педагогов и психологов.

В рамках малого гранта по направлению «Развитие гражданских инициатив в сельской местности» в Теректинском районе Западно-Казахстанской области общественное объединение «Әйел.Қоғам.Болашақ» реализовало проект «Берекелі отбасы – бақытты болашақ», направленный на поддержку молодых семей и сельских женщин.

Участники мероприятий обсуждали вопросы семейных отношений и ответственности, планирования бюджета и финансовой грамотности, а также эмоциональной связи между матерью и ребенком.

В рамках малого гранта по направлению «Развитие социального волонтерства» был реализован проект «Повышение эффективности работы школьных психологов и педагогов через снижение профессионального выгорания и внедрение практических инструментов. Системная методическая и психологическая поддержка школьных психологов и педагогов Республики Казахстан».                       
В Алматинской области, а также в Астане, Алматы, Таразе и Туркестане состоялось 85 мероприятий, которыми был охвачен 2977 человек.

В ходе семинаров и тренингов педагоги и школьные психологи укрепили практические навыки раннего выявления эмоционального выгорания и его профилактики.
Проекты реализованы при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан и НАО «Центр поддержки гражданских инициатив».

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
205002
Photo
⭐️Қазақстандық Жандос Сауыт «Coupe Mondiale 79» байқауының жеңімпазы атанды

📌Астанада баяншылар мен аккордеоншылардың «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы аяқталды. Негізгі аталымда Қазақстан атынан қатысқан Жандос Сауыт жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Scythians триосы «Әлемдік музыка ансамблі» аталымында бірінші орын иеленіп, ел қоржынына тағы бір жүлде салды.

Байқауға 16 елден 153 өнерпаз қатысты. Олардың 40-ы Қазақстан атынан бақ сынады. Жалпы жүлде қоры 16 млн теңгені құрады.
Байқау қорытындысында жеті аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Классикалық музыка ансамблі» аталымында ресейлік Siberian Bayan Quartet ұжымы бірінші орын алды. «Жасөспірімдер арасындағы виртуоздық эстрадалық орындаушылық» аталымында италиялық Давиде Ди Джакомо, «Жасөспірімдер арасындағы Coupe Mondiale» аталымында жапониялық Фута Мидзутани жеңіске жетті. «Ересектер арасындағы виртуоздық эстрадалық орындаушылық» аталымында Босния және Герцеговина өкілі Джордже Перич үздік атанса, «Coupe Mondiale шеберлері» аталымында ресейлік Тимур Сетраков топ жарды.

Қатысушыларға арнайы жүлделерді Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының президенті Мирко Патарини табыстады. Концерт бағдарламасында жеті аталымның жеңімпаздары да өнер көрсетті.

Қорытынды концертте ұлттық музыка мен әлемдік классика туындылары орындалды. Байқау жеңімпаздарымен бірге сахнаға «Қазақконцерттің» әртістері мен шығармашылық ұжымдары шықты. Сонымен бірге 40-тан астам баяншы Құрманғазының «Адай» күйін бірге орындады. Салтанатты кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

Халықаралық байқауға барлығы 147 өтінім түсті. Оның 126-сы жеке орындаушылардан, 21-і ансамбльдерден қабылданды. Сондай-ақ Астанаға Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясының 46 делегаты келді. Қазылар алқасының құрамында түрлі елдердің баян және аккордеон өнерінің жетекші өкілдері болды.

⭐️Казахстанец Жандос Сауыт стал победителем «Coupe Mondiale 79»

📌В Астане завершился Международный конкурс баянистов и аккордеонистов «Coupe Mondiale 79». Победителем основной номинации стал представитель Казахстана Жандос Сауыт. Еще одну награду стране принесло трио Scythians, занявшее первое место в категории «Ансамбль мировой музыки».

В конкурсе приняли участие 153 исполнителя из 16 стран, в том числе 40 представителей Казахстана. Общий призовой фонд составил 16 млн тенге.
По итогам конкурса победители определены в семи категориях. Первое место в номинации «Ансамбль классической музыки» занял Siberian Bayan Quartet из России. В категории «Юношеское виртуозное эстрадное исполнительство» победил представитель Италии Давиде Ди Джакомо, в номинации «Юношеский Coupe Mondiale» – японский музыкант Фута Мидзутани. Лучшим во «Взрослом виртуозном эстрадном исполнительстве» стал Джордже Перич из Боснии и Герцеговины, а в категории «Мастера Coupe Mondiale» – Тимур Сетраков из России.

Специальные призы участникам вручил президент Международной конфедерации аккордеонистов Мирко Патарини. В концертной программе также выступили победители всех семи категорий.

Финальный концерт объединил национальную музыку и мировую классику. Вместе с победителями конкурса на сцене выступили артисты и творческие коллективы «Қазақконцерт».

Кульминацией вечера стало совместное исполнение кюя Курмангазы «Адай» более чем 40 баянистами. Завершилась церемония песней Ескендира Хасангалиева «Атамекен».

Всего на конкурс поступило 147 заявок – 126 от сольных исполнителей и 21 от ансамблей. В Астану также прибыли 46 делегатов Международной конфедерации аккордеонистов. В состав жюри вошли ведущие представители баянного и аккордеонного искусства разных стран.

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
267001
Photo
🎭Казахстанские театры открывают новый сезон премьерами, гастролями и обновлением инфраструктуры

📌Казахстанские театры входят в новый сезон с премьерами, международными проектами и обновлением сценической инфраструктуры. По итогам сезона 2025-2026 годов театры страны показали 16 тысяч постановок, представили 410 премьер и собрали более 2,8 млн зрителей.

✔️Театр «Астана Балет» открывает XIV сезон 28 и 29 августа гастрольными показами Корейского национального балета. Зрителям представят балет «Корсар» на музыку Адольфа Адана. Международная программа театра продолжится выступлениями во Вьетнаме, Франции и Австрии, где артисты представят казахстанское хореографическое искусство и современный репертуар театра.

✔️«Астана Опера» 4 и 5 сентября откроет XIV театральный сезон оперой «Абай» Ахмета Жубанова и Латифа Хамиди. Обращение к произведению имеет особое значение в год 120-летия композиторов. В новом сезоне театр также готовит премьеры балета «Чарли и Ирэн», национального балета «Томирис» и музыкального спектакля для детей «Арман». Запланированы гастроли балетной труппы в Италии и выступления в регионах Казахстана.

✔️Казахский национальный театр оперы и балета имени Абая откроет 93-й сезон премьерой национального балета «Ақбала», созданного по мотивам трилогии Абдижамила Нурпеисова «Кровь и пот». Постановка впервые переносит легендарное произведение казахской литературы на балетную сцену. В рамках открытия сезона театр также представит Open-Air гала-концерт «Мұра», который объединит оперу, балет, симфоническую музыку, хор, джаз, этно и современные музыкальные направления.

В новом сезоне особое внимание сохраняется к детской аудитории. В январе-июне 2026 года театры показали 3948 спектаклей для детей, которые посетили 559 885 юных зрителей. Это направление развивают театры для детей и юношества, театры кукол и молодежные театры.

✔️Казахский государственный академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова в 2026 году отмечает 80-летие. Юбилейный год театр встречает международным признанием: спектакль «Ұлпан» завоевал Гран-при Международного театрального фестиваля «ART-ORDO» в Бишкеке и получил награды еще в трех номинациях.

В целом за первое полугодие 2026 года казахстанские театры провели 407 гастрольных выездов, из них 394 – внутри страны и 13 – за рубежом. Среди значимых проектов – гастроли Казахского национального театра оперы и балета имени Абая в Сингапуре и гастроли театра имени Габита Мусрепова в Турции.

Казахстанские театры также получили ряд международных наград. Вокальная группа «El Voice» театра «Астана Опера» завоевала Гран-при международного конкурс-фестиваля «Солдатский конверт», а скрипач театра Багдат Абильханов стал лауреатом I премии международного конкурса GRAND ART EXPRESS-CHINA в Даляне.

✔️Параллельно продолжается обновление театральной инфраструктуры. В Алматы идет реконструкция Казахского национального театра драмы имени Мухтара Ауэзова. Работы направлены на сохранение исторического облика здания, модернизацию инженерных систем и создание современных условий для зрителей и творческого коллектива.

На завершающем этапе находится обновление Государственного академического русского театра для детей и юношества имени Наталии Сац. Строительная готовность объекта составляет 98%. В историческом здании и новой пристройке завершен основной комплекс работ, смонтированы инженерные системы, сценическое оборудование и благоустроена прилегающая территория. Обновленное здание планирует принять зрителей 7 ноября – в день рождения театра.

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
269004
Photo
🎭Қазақстан театрлары жаңа маусымды премьера, гастроль және жаңарған инфрақұрылыммен ашады

📌Қазақстан театрлары жаңа маусымды тың қойылымдармен, халықаралық жобалармен және жаңарған инфрақұрылыммен ашады. 2025-2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша еліміздің театрларында 16 мың спектакль қойылып, 410 премьера сахналанды. Оларды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады.

✔️«Астана Балет» XIV театр маусымын 28 және 29 тамызда Корей ұлттық балетінің гастроль аясындағы қойылымдарымен ашады. Көрермен Адольф Аданның музыкасына жазылған «Корсар» балетін тамашалайды. Театрдың халықаралық бағдарламасы Вьетнам, Франция және Аустриядағы өнер сапарларымен жалғасып, қазақстандық хореография мен заманауи репертуар шетелдік көрерменге таныстырылады.

✔️«Астана Опера» XIV театр маусымын 4 және 5 қыркүйекте Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашады. Биыл композиторлардың 120 жылдығына орай бұл туындының сахналануының мәні айрықша. Жаңа маусымда «Чарли и Ирэн», «Томирис» балеттері мен балаларға арналған «Арман» музыкалық спектаклінің премьералары өтеді. Балет труппасының Италияға гастролі және Қазақстан өңірлеріндегі өнер сапарлары да жоспарланған.

✔️Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-маусымын Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының желісімен қойылған «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасымен ашады. Туынды алғаш рет балет сахнасында қойылады. Маусымның ашылуы аясында опера, балет, симфониялық музыка, хор, джаз, этно және заманауи музыкалық бағыттарды тоғыстыратын «Мұра» Open-Air гала-концерті де өтеді.

Жаңа маусымда балаларға арналған қойылымдарға да басымдық беріледі. 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында театрлар балаларға 3 948 спектакль көрсетіп, оны 559 885 жас көрермен тамашалады. Бұл бағытта балалар мен жасөспірімдер театрлары, қуыршақ және жастар театрлары жұмыс істеп келеді.

✔️Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры биыл 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Мерейтой қарсаңында театр халықаралық деңгейде бірқатар жетістікке қол жеткізді. «Ұлпан» спектаклі Бішкекте өткен «ART-ORDO» халықаралық театр фестивалінде Гран-при иеленіп, тағы үш аталым бойынша жүлдеге ие болды.
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздің театрлары 407 рет гастроль ұйымдастырды. Оның 394-і ел ішінде, 13-і шетелде өтті. Ауқымды жобалардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының Сингапурдағы және Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың Түркиядағы гастролі бар.

Қазақстан театрлары халықаралық байқауларда да бірқатар жетістікке жетті. «Астана Опера» театрының «El Voice» вокал тобы «Солдатский конверт» халықаралық байқау-фестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Ал театр скрипкашысы Бағдат Әбілханов Далянь қаласында өткен GRAND ART EXPRESS-CHINA халықаралық байқауында І орын иегері атанды.
Театр ғимараттарын жаңарту жұмыстары да жалғасып келеді. Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры қайта жаңғыртылып жатыр. Жоба аясында ғимараттың тарихи келбетін сақтап, инженерлік жүйелерін жаңарту, көрермен мен шығармашылық ұжымға заманауи жағдай жасау көзделген.

✔️Наталья Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын жаңарту жұмыстары аяқталып қалды. Нысанның құрылыс дайындығы – 98%. Тарихи ғимарат пен жаңа жапсаржайдағы негізгі жұмыстар аяқталып, инженерлік жүйелер мен сахна жабдықтары орнатылды, айналасы абаттандырылды. Ғимарат 7 қараша күні театрдың туған күнінде қайта ашылады.
199000
Video
⚜️Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды

⚜️В Астане подвели итоги проекта «Школа национального ремесла»

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
100000
Video
💬«Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасының тәлімгер шеберлері, ата-аналар мен оқушылар алған әсерін бөлісті.

💬Мастера-наставники, родители и учащиеся образовательного проекта «Школа национального ремесла» поделились своими впечатлениями

🚀 https://i2.app.link/xNv0KqKfk2b | https://www.instagram.com/madeniet__aqparat__ministrligi?igsh=MXhzaXFtNzJpcm40cQ==&utm_source=qr | https://www.tiktok.com/@madeniet__aqparat?_r=1&_t=ZM-91THCERXqX2
134003

Showing 30 of 76 posts

Рейтинг

Кіру қажет

Frequently Asked Questions

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram арнасы не туралы?+

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (@madenietaqparat) — tgdio сайтында Жаңалықтар және газеттер санатындағы Telegram арнасы. Рейтинг, пікірлер, ранг және соңғы посттарды қарап, жазылмас бұрын шешіңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 5 697 жазылушы бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (@madenietaqparat) арнасына Telegram-да қалай қосылуға болады?+

tgdio сайтында арна профилін ашып, Join / Open in Telegram арқылы @madenietaqparat арнасына тегін жазылыңыз.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жақсы Жаңалықтар және газеттер арнасы ма?+

tgdio сайтында қосылмас бұрын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі рейтингін, пікірлерін, рангін және посттарын тексеріңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 5 697 жазылушы бар. ұқсас Жаңалықтар және газеттер арналарымен салыстырыңыз.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі статистикасы мен посттарды қайдан көруге болады?+

tgdio сайтында @madenietaqparat бетін ашыңыз: жазылушылар статистикасы, ранг, рейтинг және посттар. Stats сілтемесі өсу графигін көрсетеді.