❤️ Қайрат бапкерін алмастыруы керек. Реал мықты, бірақ Барсаны жеңе алмайды. Алтын доптың иесі белгілі
Алматының «Қайраты» жанкүйерлерін жерге қаратты. Конференция лигасының кезекті турында өз алаңында «Панатинайкосты» қабылдаған Уразбахтин шәкірттері 1:5 есебімен ойсырай жеңілді. Бүгін Fonteam резиденттері осы матчты жан-жақты талдап, алматылық клубтың кемшіліктері туралы талқылады.
«Қайрат» үшін қазір маусым соңы екені белгілі. Күш әбден сарқылған. Десе де, ҚПЛ-де де, Еурокубокта да дымсыз қалған команда бас бапкерін ауыстыруы керек дейді біздің резиденттер.
Бүгін сондай-ақ, Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турларына болжам айтып, қай команданың лигадан ұшатынын да талқыладық. Алда болатын эль-классикоға болжам айтылды. Шығарылымды соңына дейін көріп, сіз де өз болжамыңызды жазып қалдыруды ұмытпаңыз!
🖥️:
https://youtu.be/nTsqXHSlI_Q