АРИСТОКРАТ Telegram channel photo

АРИСТОКРАТ

@kitapkz1Public Channel

📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы. 📒Бизнес кітаптар 📒Әлем мен Қазақ әдебиеті 📒Психология 📒Мотивация 📍Реклама @dalareklanabot

265

Last views

18.6k (18,650 subscribers)
Мүшелер
—
Rating
20
Total Posts
Oct 20, 2026, 8:03 PM
Жаңартылған
Mar 30, 2026
Created
Stats

Сіз қазақ тіліндегі контентті көріп отырсыз. Басқа тілдегі контентті көру үшін сайт тілін өзгертіңіз.

Channel Information

Channel Information
Channel NameАРИСТОКРАТ
Username@kitapkz1
CategoryЭлектрондық кітаптар мен оқу материалдары
Languageқазақ тілі
CountryҚазақстан
Мүшелер18,650
Channel TypePublic Channel
Created2026 ж. 30 нау.
Last Updated2026 ж. 20 қаз. • 23 сағат бұрын
StatusActive

Рейтинг

Жалпы рейтинг
#436387+10956
Тіл бойынша рейтинг
#477+19
Санат бойынша рейтинг
#3419+46

Жазылушылардың өсуі

Барлығы: 18.6K30 Days growth: -8004.1%
09/2109/2610/0110/0610/1110/1610/20
Жазылушылардың өсуі - 30 Days
DateSubscribers
21:09:202619,450
22:09:202619,450
23:09:202619,450
24:09:202619,450
25:09:202619,450
26:09:202619,450
27:09:202619,450
28:09:202619,450
29:09:202619,450
30:09:202619,450
01:10:202619,450
02:10:202619,450
03:10:202619,450
04:10:202619,450
05:10:202619,450
06:10:202619,450
07:10:202619,450
08:10:202619,450
09:10:202619,450
10:10:202619,450
11:10:202619,450
12:10:202619,450
13:10:202618,797
14:10:202618,797
15:10:202618,797
16:10:202618,797
17:10:202618,797
18:10:202618,797
19:10:202618,797
20:10:202618,650
Жазылушылардың өсуі - Weekly
DateSubscribers
Week of 30:03:202629,874
Week of 06:04:202628,865
Week of 13:04:202627,782
Week of 20:04:202626,483
Week of 27:04:202626,483
Week of 04:05:202626,483
Week of 11:05:202624,919
Week of 18:05:202624,919
Week of 25:05:202624,919
Week of 01:06:202623,679
Week of 08:06:202623,679
Week of 15:06:202623,039
Week of 22:06:202622,538
Week of 29:06:202622,538
Week of 06:07:202622,538
Week of 13:07:202621,633
Week of 20:07:202621,258
Week of 27:07:202621,043
Week of 03:08:202621,043
Week of 10:08:202621,043
Week of 17:08:202620,444
Week of 24:08:202620,026
Week of 31:08:202619,726
Week of 07:09:202619,726
Week of 14:09:202619,450
Week of 21:09:202619,450
Week of 28:09:202619,450
Week of 05:10:202619,450
Week of 12:10:202618,797
Week of 19:10:202618,650
Жазылушылардың өсуі - Monthly
DateSubscribers
March 202630,928
April 202626,483
May 202624,919
June 202622,538
July 202621,258
August 202620,026
September 202619,450
October 202618,650
Жазылушылардың өсуі - Yearly
DateSubscribers
202618,650

Top 10 posts

Most viewed posts from this channel

By views
  1. #1🧠🇰🇿 Қазақстан Шевронмен «ғасыр контрактын» ұзартуға қатысты өз ұсын1.6K
  2. #2https://t.me/kzkitap1.3K
  3. #3Тәубе десеңдерші осы күндеріңе. Тәубе! Баяғыдай қалаға кіргізбей қойса1.2K
  4. #4— Шындық керек қой, шырағым-ау.979
  5. #5☀️ Маңғыстаудағы жасыл ертегі. «Hyrasia One» жобасының шоураннерлері 5975
  6. #6🚗 Автокөлік таситын "сұр дилерлер" бюджет пен экономикаға орасан зиян952
  7. #7🏦 Депозиттің пайызы түссе де, халық үшін несие арзандамай жатыр837
  8. #8Реттеуші органдар «рассрочка» нарығын реттегісі келеді825
  9. #9🤱 Қазақстанда бала туудың азайып кеткені «жабық есік жағдайында» талқ823
  10. #10Кейде кітаптың бір бетін ашып қаласың да, өз ойыңды оқып отырғандай кү775

Соңғы посттар

АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 16 қаз., 15:01

Photo
2-ші турдан кейінгі турнирлік кесте.
271000
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 16 қаз., 15:01

Photo
«Рома» «Реалды» жеңе жаздады

«Реал» - «Рома». Камбэк! «ПСЖ» - «Манчестер Сити». Рекордтық кеш

Екінші турда командалар жалпы саны 78 гол соқты, оның 46-сы сәрсенбіде тіркелді.

Кеше өткен тоғыз матчтың алтауында кемінде бес голдан соғылды.

«ПСЖ» Манчестерде жеңіске жетіп, жүз пайыздық нәтижемен келеді.

«Реал» Жозе Моуриньюдің бұрынғы клубы «Романы» жеңіп, матчтың соңғы сегіз минутында қатарынан үш гол соғып, сұмдық камбэк жасады.

Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасындағы 100-ші матчын өткізіп, голмен көзге түсті.

Брэдли Баркола хет-трик жасап, «Ливерпуль» тоғыз гол соғылған матчта жеңіске жетті.

«Астон Вилла» «Фенербахчені» ірі есеппен жеңіп, еурокубоктардағы тарихындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді.

Норвегиялық «Буде-Глимт» «Боруссияны» жеңіп кетті: норвегиялықтар Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы алғашқы ұпайларын алды.
262000
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 13 қаз., 12:13

🍌 DALA INSIDE "порношабуылдан" бас алар емес. Боттар нені көздейді?

Соңғы уақытта DALA INSIDE телеграм арнасының пікірталас чатын порноботтар мекендей бастады. Күніне 200-ден астам бот бұғатталса да, бірен-сараны бәрібір өзінің порно гифкаларын жариялап үлгеруде.

Порношабуыл қай кезде жасалады? Бірінші сценарий - арнаны Телеграм әкімшілігіне шағым арқылы бұғаттау. Шабуыл жасаушылар арнаның өзін бұзып кіруге тырыспайды. Әкімшінің құпиясөзін ұрлаудың немесе аккаунтын тартып алудың қажеті жоқ. Олар редакция бақылауындағы пікірталас алаңына заңсыз немесе платформа ережелерін бұзатын материалдар орналастырып, сол арқылы ақпараттық ресурстың беделіне және жұмысына қауіп төндіреді.

Шабуыл жасаушы өзі жариялаған материалға өзі шағым түсіре алады. Осылайша контентті орналастырған адам мен оны бұғаттауды талап еткен аккаунттар бір ұйымдасқан топтың бөлігі болуы ықтимал.

Екінші сценарий – беделді түсіру. Әдетте экономика мен сәясатты талқылауға арналған чат аяқ астынан порнографиялық материалдарға толса, оқырманның сол ортаға деген сенімі төмендейді. Адамдар пікір жазуды тоқтатып, топтан шыға бастайды. Нәтижесінде ақпараттық ресурс пен оқырман арасындағы байланыс әлсірейді.

DALA INSIDE кей кездері кейбір топтарға кедергі келтіріп қоятыны жасырын емес. Әрине, ол әдейі жасалмайды. Бірақ инсайд сол уақытқа кездейсоқ сәйкес келіп қалады. Әсіресе ықпалды кландар жабық есіктің ар жағында саудаласып жатқанда біздің инсайдтар "туф, керек емес кезде аяққа оратылған материал екен" деген бағаға ие болады. Арна сонысымен құнды және қазір оны еліміздегі ықпалды топтардың барлығы оқиды. Және санасады.

Қазір DALA INSIDE арнасының мүлде жауы жоқ деп ойлаймыз. Бір ұсақ құрылысшыны есепке алмағанда ешбір тараппен арамыз суымаған. Керісінше, еліміздегі ең ірі үш клан да біздің ақпараттық жұмысымыздың мәнін түсінеді және құрметпен қарайды. Себебі біз диалогқа ашық алаң деп саналамыз. Және осы ашықтығымызды қандай шабуыл болса да сақтай бермекпіз.

https://t.me/dalainside
579000
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 12 қаз., 20:14

— ... Е, жаңа есіме түсті ғой. Осы уақытқа дейін неше ән жаздыңыз және неге жаздыңыз?
— Алты, жеті әнім бар. Алдағы күнде…
— Алдағы күнді қоя тұрыңыз. Сосын алты, жетіңіз не сіздің? Республикалық газетке шыққалы отырсыз, күллі елге насихатталудың мүмкіндігі туып тұр. Ал сіз?.. Мұныңыз тым аз ғой. Кішкене ойлансаңызшы, қоссаңызшы. Ең болмаса он алты, он жеті деңіз. Келістік пе?
— Келіскенде енді… Көпшілікке өтірік айтып, газет деген киелі…
— Ой, қойыңызшы. Өмір бойы өтірік айтпай келе жатқандай. Отырыңыз онда бес-алты деп…
— Енді…

Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде»

https://t.me/kitapuzindisi
475001
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 11 қаз., 10:16

Қызыңызға қауіпсіздік жайлы не үйрету керек?

Қызыңызға зорлық-зомбылық жасаушылардың өзгелерден ерекше адамдар емес екенін түсіндіріңіз. Олар айналамыздағы кез келген адам болуы мүмкін. Тіпті өзіңіз танитын, сенімді адамдардың арасынан да: достарыңыздың достары, ата-аналардың таныстары боп кездесуі ықтимал. Сондықтан қызыңыз таныс адамдардың ортасында жүргенде де сақ болғаны жөн. Мүмкіндігінше, қайда және кімдермен бірге болатынын жақын адамдарының біріне алдын ала айтып қойғаны дұрыс. Бұл — қауіпсіздік үшін жасалған қарапайым сақтық шара.

Қызыңызбен алдын ала келісіп алыңыз: егер ол сізге арнайы бір SMS-хабарлама жіберсе, сіз бірден көмекке шығуыңыз керек. Бұл оның кез келген сәтте сізден көмек сұрай алатынына сенімділік береді.

Қызыңызбен жыныстық сипаттағы тиісулер туралы да ашық сөйлесіңіз. Өкінішке қарай, мұндай жағдайларға көп әйел тап болады. Сондықтан «жоқ» деп анық, нық әрі дауыстап айта білу — аса маңызды дағды. Қыз балаларды кішкентайынан сыпайылыққа, үлкеннің сөзін тыңдауға тәрбиелейміз. Алайда өз шекарасын қорғау қажет болғанда, орынсыз әдептілік танытып, біреудің көңіліне қараудың қажеті жоқ екенін ұғындырыңыз.

Кейбір жігіттер қыздың келісімін алуды қайта-қайта үгіттеумен, қысым көрсетумен шатастыратынын айтыңыз. Егер біреу өз дегеніне көндіруге тырысып, еркінен тыс әрекет жасауға мәжбүрлесе, қызыңыз мына қағиданы ұстануы керек: «Жоқ де. Кет. Біреуге айт».

Қызыңызды өктем сөйлейтін, өз пікірін ғана дұрыс санайтын, өзгелерге қысым көрсетуге бейім жігіттерден сақ болуға үйретіңіз. Әйелдерді кемсітіп, менсінбей сөйлейтін адамдарға да назар аударған жөн. Тіпті ондай жігіт қызыңызға: «Сен басқаларға ұқсамайсың» деп ерекше ықылас танытса да, оның өзге әйелдерге деген көзқарасын елеусіз қалдырмау керек.

Қызғанышты махаббаттың белгісі деп қабылдамауды да үйретіңіз. Шектен тыс қызғаныш кейде адамның өзіне сенімсіздігінен және өзгеге билік жүргізіп, оны бақылауға ұмтылуынан туындайды. Мұндай мінез-құлық кейін қарым-қатынаста қысым көрсетуге, тіпті отбасындағы озбырлыққа ұласуы мүмкін.

Мас күйдегі немесе өз әрекетін бақылай алмайтын адамдардың жанында да абай болу керектігін ескертіңіз.

Қызыңызбен өз сезіміне сену туралы сөйлесіңіз. Көптеген жасөспірім кештерде немесе көпшілік ортада өзін жайсыз сезінсе де, қатарластарынан бөлінгісі келмегендіктен, сол жерде қала береді. Өзгелерден қалмауға тырысып, ішкі түйсігінің ескертуін елемеуі мүмкін. Қызыңызға өзін жайсыз сезінген жағдайда сол ортадан кетіп қалуға толық хақысы бар екенін, ешкімге өз шешімін ақтап түсіндіруге міндетті емес екенін айтыңыз.

Қызыңызды өзін-өзі қорғау курстарына апарыңыз. Әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау сабақтары немесе қоян-қолтық ұрыс түрі — крав-мага пайдалы болуы мүмкін. Күтпеген физикалық қысымға алғаш рет тап болған адам абдырап қалады. Сондықтан қиын жағдайда сасқалақтамай, тез бағдарлап, өзін қорғау жолдарын меңгеру артық болмайды.

Отбасылық психотерапевт Марина Травкова "Не аист, не капуста. Говорим с детьми про «это»" атты мақаласынан үзінді.

https://t.me/kzkitap
542005
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 08 қаз., 12:08

🤱 Қазақстанда бала туудың азайып кеткені «жабық есік жағдайында» талқылана бастады

Қазақстанда халық саны өсіп жатса да, соңғы бес жылда бала туу қауіпті қарқынмен төмендеп барады. 2021 жылы елімізде 446,4 мың бала дүниеге келсе, 2022 жылы - 403,9 мың, 2023 жылы - 388,4 мың, 2024 жылы - 365,9 мың, ал 2025 жылы небәрі 335 мың бала туған. Төрт жылдың ішінде жылдық туу 111 мың балаға немесе шамамен 25%-ға қысқарды. Көрсеткіштің төмендеуі 2026 жылы да жалғасқандықтан, «жабық есік жағдайында» бұл жағымсыз құбылыстың себебін анықтап, салдарын болжау бойынша консультациялар жүруде.

«Қазіргі сегіз айдағы статистикаға қарасақ, 2026 жылдың қорытындысы шамамен 300–305 мың бала болуы мүмкін. Ал біз өсу, оның ішінде қауіпсіздік және экономикалық моделімізді жылына 400 мың нәресте өмірге келеді деген есеппен болжаған болатынбыз. Туу көрсеткішінің азаюы 30 жылдан кейін бізге «Жапония синдромы» сияқты экономикалық проблемалар алып келеді. Зейнеткерлердың саны жұмыс істейтін жастардан артып кетсе, бюджет әлеуметтік қамтамасыз ету секторын бұрынғыдай алып жүре алмайтын болады», - деп түсіндірді, мәселеге қатысы бар DALA INSIDE дереккөзі.

Қазақстанда 2022 жылы туғандар мен қайтыс болғандардың айырмасы 270,4 мың адам болған. Яғни демография жылына +270 мың адам беріп келді. 2025 жылы осы жағымды сальдо 200 мың адамға дейін азайды. Ал халық өсімінің екінші көзі болып табылатын миграция осы олқылықты жаба алмай отыр. 2025 жылдың қаңтар–тамызында Қазақстанға кеткендерден 10 210 адам артық келген болса, биыл осы кезеңдегі оң миграциялық сальдо 5 558 адамға дейін түсті. Яғни табиғи өсім әлсіреп жатқанда, миграциядан келетін қосымша өсім де екі есеге жуық қысқарған.

2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелсе, 2025 жылы ол 115,9 мыңға дейін төмендеді. Бір жылда неке саны шамамен 6,2%-ға азайды. Биылғы көрсеткіш осы деңгейден аспайды деген болжам бар. Ал 2024 жылы 40,5 мың ажырасу тіркелсе, 2025 жылы 45,7 мың жұп ажырасқан. Неке саны 6,2%-ға азайып отырған кезде ажырасу саны 12,8%-ға көбейді.

Мамандар құбылыстың негізгі себебін, яғни отбасы институтының психологиялық-құлықтық әлсіреуінен немесе экономикалық төмен жағдайдан туындағанын анықтауы тиіс. Егер мәселе экономикаға қатысты болса, онда қосымша бюджеттік стимулдар енгізу талқылануы мүмкін. Ал психологиялық-құлықтық себепті тек идеология ғана түзете алады.

https://t.me/dalainside
823002
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 06 қаз., 09:32

Кейде кітаптың бір бетін ашып қаласың да, өз ойыңды оқып отырғандай күй кешесің. Біреу сенің көптен бері ішіңде жүрген сезіміңді дәл сен үшін жазып қойғандай. Өзің айта алмағанды айтып, өзің түсіндіре алмағанды түсіндіріп береді. Сондай сәтте кітап жай ғана кітап болмай қалады. Ол — сенің ішкі әлеміңе жазылған сөз, үнсіз ойларыңа берілген жауап. Сондықтан біз кей кітаптарды оқымаймыз, қайта сол кітаптардың ішінен өзімізді табамыз.
Ең жақсы кітап — «мұны мен де ойлағанмын» дегізетін кітап.

https://t.me/kzkitap
775003
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 05 қаз., 12:33

🏦 Депозиттің пайызы түссе де, халық үшін несие арзандамай жатыр

Банкте ақша ұстайтындар депозит табысының азая бастағанын байқады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені түсірген соң банктер де бірден депозит пайызын төмендетіп жатыр. Бірақ дәл осы кезде несие пайызы да арзандау керек еді. Банктер доллар өссе бағаны өсіріп, ал түссе бағаны арзандатпайтын сатушы сияқты әрекет етуде. Халықтың депозиттен пайдасы азайып, ал кредиттен шығыны көбейді.

Биыл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені үш рет қатарынан төмендетті. Маусымда 18 пайыздан 17 пайызға, шілдеде 16,75 пайызға, қыркүйекте 16,25 пайызға түсірді. Яғни бірнеше айдың ішінде базалық ставка 1,75 пайыздық тармаққа азайды. Бұл экономикадағы ақшаның құнын біртіндеп төмендетуге бағытталған қадам.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметі бойынша тамызда 11 банк депозит мөлшерлемелерін қайта қараған. Толықтыруға болатын жинақ салымдары бойынша бес банк пайызын төмендетіп, бір банк көтерген. Банктердің басым бағыты түсінікті. Олар халықтан тартатын ақшаның құнын азайтқысы келеді.

Ұлттық банктің жаңа берілген теңгелік несиелер жөніндегі дерегін қарасақ, заңды тұлғалар үшін орташа мөлшерлеме мамырдағы 20,30 пайыздан тамызда 19,35 пайызға дейін төмендеген. Маусымда да, шілдеде де, тамызда да біртіндеп түскен. Яғни компаниялар үшін несие орта есеппен арзандаған.

Жеке тұлғаларға берілген несиелерде жағдай басқаша. Мамырда орташа мөлшерлеме 22,66 пайыз болған. Маусымда 20,86 пайызға түсіп, шілдеде қайтадан 21,64 пайызға, тамызда 21,93 пайызға көтерілген. Бұл қатарға жеке кәсіпкерлердің несиелері де кіреді.

Кредиттер бизнес үшін төмендеген. Ал халық, яғни жеке тұлғалар үшін еш арзандамай отыр. Дегенмен, қазіргі қолжетімді соңғы статистика тамыз айы бойынша берілген. Қыркүйектегі базалық мөлшерлеменің төмендеуіне банктер қалай жауап бергенін бұл дерек әлі көрсетпейді. Оны келесі есептерден көреміз.

Биыл банктердің табысы азайды. Осы сегіз айда олардың жалпы таза пайдасы 1,61 триллион теңгеге шыққан. Бұл былтырғы көрсеткіштен 254 миллиард теңгеге төмен. Осы орайда кредит пайызын жоғары ұстау проценттік табысты өсіріп, шығысты азайтудың бір амалы болуы мүмкін. Онымен бірге банктер комиссиясы да қымбаттап келеді. Бір сөзбен айтқанда, банктер өздері үшін "супертабыс дәуірінің" аяқталғанымен мүлде келіспей отыр. Мүмкіндігінше баяғы табыс деңгейін сақтап қалуға жанталасуда.

https://t.me/dalainside
837000
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 05 қаз., 11:49

Photo
Нұрлан Қами - Беймезгіл

Жазушы Нұрлан Қамидың «Беймезгіл» романында еліміздің бір қиырында тұратын қарапайым отбасынан шыққан ағайынды үш ұлдың Кеңес Одағының соңғы жылдары басынан кешкен қилы тағдырлары баяндалады. Кітаптың шұрайлы тілі, тартымды оқиғасы оқырманың өзіне баурап отырады.
619000
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 04 қаз., 17:06

— Мылтық қайда? — деді сосын. — Найза мен кісе қайда? Жолбарыс кісі жейді, ағаш пен темірді жемейтін еді ғой... Өлә, — деді сосын. — Шақанның өзінің сырт киімдері де көрінбейді...

Мұхтар Мағауин «Шақан-Шері»

https://t.me/kitapuzindisi
670001
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 01 қаз., 16:34

🚗 Автокөлік таситын "сұр дилерлер" бюджет пен экономикаға орасан зиян тигізген

Биыл 21 шілдеде Үкімет “сұр” автокөліктер импортына қарсы шара қабылдайтынын мәлімдеген еді. Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне заңсыз көлік тасымалына тосқауыл қоятын кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Кедендік бақылаудың 1 қыркүйектен бастап күшейетіні де сол кезде айтылды.

Алайда бұл жаңа шектеу емес. Бұған дейін де бір адам шетелден жеке пайдалану үшін жылына бір ғана көлік әкеле алатын. Бірнеше автомобиль кіргізген жағдайда, кеден оны сауда мақсатында әкелінген деп есептейді. Осы талапты айналып өту үшін кейбір делдалдар сатуға арналған көліктерді компанияның емес, қызметкерлері мен туыстарының атына рәсімдеп келген. Құжат жүзінде автомобиль жеке адамға тиесілі болғанымен, іс жүзінде ол тапсырыс берген клиентке сатылған. Осы тәсіл арқылы делдалдар коммерциялық импортқа салынатын салықтар мен кедендік төлемдерден жалтарып, көлікті арзан бағамен ұсынған.

Қаржы сарапшысы Айбар Олжаевтың есептеуінше, Қазақстан «сұр импорттан» жылына кемінде 23 миллиард теңгеден айрылуда.

"Себебі мұндай әрекеттерден бюджет шығыны артып барады. Жоғары аудиторлық палатаның Үкіметке жолдаған құжатында 2021–2023 жылдары жеке пайдалануға әкелінген жеңіл автомобильдер мен өзге көлік құралдарын жолаушылар кедендік декларациясының орнына тауар декларациясымен рәсімдеуден бюджетке 71,2 миллиард теңге шығын келгені көрсетілген. Көлікті тауар декларациясымен емес, кедендік декларациясымен рәсімдеу керек. Сол 2021–2023 жылдары жеке тұлғалардың тауар декларациясымен рәсімдеген импорты 6,5 есе өскен. Оның 94 пайызын құны 1,4 трлн теңге болатын көлік құралдары құраған", - деп жазады ол.

Қазір кейбір делдалдар елге жеткізіліп қойған көліктерді бұрынғы тәртіппен рәсімдеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр. Алайда кедендік бақылаудың күшейетіні екі ай бұрын ескертілді. Соған қарамастан тапсырыс қабылдап, клиенттің ақшасын алған брокерлер енді туындаған мәселенің жауапкершілігін мемлекетке ысыруға тырысып отыр.

Егер оларға жеңілдік жасалса, заң талабын сақтап, барлық салық пен кедендік төлемді толық өтеген компаниялармен арада теңсіздік туады. Өйткені біреулер көлікті ресми тәртіппен әкелсе, енді біреулер оны жеке адамның атына рәсімдеп, арзан баға ұсынған. Сондықтан бақылаудың күшеюін ресми дилерлерді қолдау деп қана қарауға болмайды.

https://t.me/dalainside
952001
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 01 қаз., 14:42

😠 Теңгенің күшеюі Үкіметтің "жынына тие" бастады

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге әлем бойынша долларға шаққанда барынша күшейген валюталар көшін бастап келеді. Өткен ай нәтижесінде теңге 4,6 пайызға нығайып, доллар 440,49 теңге деңгейіне құлдырады. Халық үшін бұл импорттық тауарлардың қымбаттауын тежеуге мүмкіндік болса, бюджет үшін валютамен байланысты түсімдердің теңгелік көлемі азаятынын білдіреді.

"Біз биылға доллар курсын 540-пен болжап, импорттық қосымша құн салығынан келетін сома параметрін анықтағанбыз. Ал іс жүзінде ұлттық валюта долларға шаққанда 90 теңгеге қымбат шықты да, болжанған жоспардан 700 миллиард теңгеге қалып қалдық", - деп түсіндірді, Ұлттық экономика министрлігіндегі дереккөз.

Бұл өз кезегінде Құрылтай депутаттары мен Жоғары аудиторлық палатаның бюджеттік жоспарлау процесін сынауына алып келді.

Қыркүйектегі валюталық нарық статистикасы біраз нәрсеге көзді ашады. Бір айдағы биржалық сауда көлемі 10,4 миллиард доллар болған. Орташа күндік айналым 415 миллионнан 474 миллион долларға өскен. Ұлттық қордан сатылған валюта небәрі 200 миллион долларды, сәйкесінше жалпы сауданың 1,9 пайызын құраған. Демек, теңгенің күшеюі мемлекеттің Ұлттық қордан доллар сатуына қатты байланысты емес.

Тіпті, Ұлттық Банк Ұлттық қор операцияларын айналау аясында жоспарланған қосымша 200–300 миллион долларлық операцияны кейінге қалдырды. Себебі мемлекетсіз ақ биржада доллар тым көп сатылып жатыр.

Үкіметтің алдында ыңғайсыз таңдау тұр. Инфляцияны төмендету үшін теңгенің сатып алу қабілеті сақталғаны жақсы. Бюджеттің теңгелік түсімін көбейту тұрғысынан доллардың қымбат болғаны қолайлырақ. Бірақ бюджет жоспарын орындаудың ең оңай жолы ретінде әлсіз теңгеге сүйенсек, оның құнын халық импорттық тауарлар мен күнделікті шығындар арқылы төлейді.

https://t.me/dalainside
749004
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 29 қыр., 12:31

Реттеуші органдар «рассрочка» нарығын реттегісі келеді

Ұлттық банк пен ҚНРДА неден қауіптеніп отыр? Дүкендер мен маркетплейстер, BNPL-провайдерлер беретін «рассрочкалар» оларды несімен алаңдатады? Бұл — бөліп төлеу жүйесі «құрдымға» кетеді деген сөз бе? Тақырып өте актуал. Қоғамдық талқылауға шығарылған құжат нарыққа не ұсынғысы келеді? @qarzhylyq_sauat бұл материалында әр адам біліп жүруге тиіс дүниелерді қамтып отыр. Оның мәнісін білмей, дүкендер мен маркетплейстер ұсынатын «рассрочканы» өте абайлап алған жөн.

Қазір дүкен араласаң да, интернеттен бірдеңе сатып алсаң да «бөліп төлеу» әдісіне арқа сүйеп тұрасың. «Қазір ал да кейін төле» деген сервистер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып кетті. Тіпті соңғы жылдары несие беру талаптары күшейген сайын халық осы әдіске жиі жүгінетіндей.

Статистика не дейді?

2025 жылы тұтыну несиелерінің құрылымында «рассрочкалардың» үлесі 19%-ке жеткен (салыстыру үшін айтсақ: 2022 жылы бұл көрсеткіш 14,7% еді). Ал қазір Қазақстандағы барлық қарыз алушылардың 63%-і осы BNPL сервистерді тұрақты пайдаланады екен.

Осылай өсіп жатқан нарықтың артында нендей қатер тұр? Бұл мәселемен қазір Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айналысып жатыр. Реттеуші орган дегеніміз осылар еді.

BNPL деген не?

«Buy Now, Pay Later». Өзіміздің тілге салсақ: «Қазір ала бер, кейін төлейсің».

Ол банк немесе микроқаржы ұйымы рәсімдейтін «рассрочка» емес. BNPL-сервисте тұтынушы қаржы ұйымына бармай-ақ сатушының өз есебінен немесе арнайы провайдерлер арқылы тауарды бөліп төлеуге ала береді.

Сонда мәселе неде?

Мәселе — бұл қарыздың көзден таса қалатынында. Яғни мұндай «рассрочкалар» көбіне азаматтың жалпы кредит тарихында көрінбейді. Адам бір жерден бөліп төлеуге телефон алуы мүмкін, екінші жерден киім алады, үшінші жер өзінің ішкі «рассрочкасымен» тұрмыстық техника ұстатып жібереді.

Ал банктер несие берер кезде сол клиенттің қарыз жүктемесін көре алмайды. Яғни адамның ай сайынғы табысына түсетін салмақ оның айлық табысынан асып кетсе де, клиент банк көзіне сырттай «таза» көрінеді.

Сосын оған банк немесе микроқаржы ұйымы «ее, мына клиент таза, салмақ салар басқа қарыздары жоқ екен» деп өзінің несиесін «іледі», ақыр соңында өз әлеуетін бағалай білмеген клиент үлкен қарыздың ортасында қалады. Түсіндіңіз бе, реттеуші органдар осы мәселеге алаңдап отыр.

Заңдық айырмашылығы

Бәріміз білеміз, банктер мен МҚҰ беретін несиелер заңмен реттеледі. Ал дүкендер мен маркетплейстер, BNPL-провайдерлер беретін «рассрочкалар» кәдімгі азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жүреді.

Айырмашылығы мынада: ертең азаматтың тұрмыстық жағдайы нашарлап, соттан тыс банкроттыққа жүгінсе, банктер мен МҚҰ алдындағы қарыздары заң бойынша есептен шығарылуы мүмкін. Ал әлгіндей «рассрочкалар» бұл тізімге кірмейді.

Яғни, адам ресми түрде банкрот болса да, бұл қарыздар оның мойнында қала береді. Жойылмайды. Оның үстіне, қазір бұл нарыққа тек ұсақ тауарлар ғана емес, көлік, жылжымайтын мүлік немесе «жалға алып, кейін сатып алу» схемалары да кіріп жатыр. Әрі қарай ойлай беріңіз.

Брокерлер де бақылаусыз

Соңғы уақытта банктер кредит беру талаптарын күшейткенін білеміз. Жалпақ тілмен айтқанда, ресми табысы жоқ немесе қарызы басынан асатын азаматтарға ақша беруді тоқтатты.

Осы құбылысты өз пайдасына асырып жүрген «көмекшілер» де табылып қалып жатады. Олар өзін кредит брокеріміз, кеңесшіміз дейді.

Сонда не істейді? Банктердің шектеуін айналып өтіп, осындай бақылаусыз «рассрочкаларды» рәсімдеп беруге көмектеседі. Кәдімгідей, бизнеске айналдырып алған ғой. Өз қызметіне ортадан ақша ұстайды. Бір сөзбен айтқанда, халықтың қарызға батуына олар да үлес қосып отыр.

Ұлттық банк не ұсынғысы келеді?

Бір нәрсе анық — бұл бағытқа толық тыйым салынбайды. Күн тәртібінде ондай мәселе жоқ. Реттеуші орган өмірде бар әдістердің артықшылығын сақтап, тұтынушыны қорғай отырып нарықты ретке келтіруді көздейді.

Нақты айтқанда:

▪️BNPL мен «рассрочкалар» бойынша барлық мәліметті кредиттік бюроларға беру.

Мұндай міндетті талаптың мақсаты — банктер клиенттің барлық қарызын көруі керек.

▪️Клиенттің шынайы төлем қабілетін тексеру

▪️Мәміленің толық құны мен шарттарын ашық ету

▪️Шамадан тыс айыппұл мен өсімпұлға шектеу қою.

▪️Қаржылық кеңесшілер мен кредит брокерлерін лицензиялау және қатаң қадағалауға алу.

Бұл талап қашан орнайды?

Иә, әзірге бұл ережелер түпкілікті қабылданған жоқ. Ұлттық банк құжатты дискуссия форматында жариялап, 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарды.

Егер бұл өзгерістер мақұлданар болса, көзге көрінбейтін оңай «рассрочкалар» көзден бұлбұл ұшуы мүмкін. Қайдан қарыз алсаң да бәрі кредит тарихыңда «менмұндалап» тұрады. Иә, ол кезде мойнында бірнеше қарызы бар адамға жаңа несие алу оңай болмасы анық. Бірақ мұның бәрі азаматтар қарызға белшеден батпас үшін жасалып жатқан шара екенін ескерсек, құптамасқа лаж жоқ. Оның үстіне, банкрот болсаң да, мойныңда қалып қоятын қарыздың несі жақсы?! Кімге абырой? Бұл тұрғыдан қарағанда, заң да, тәртіп те керек-ақ.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat
825003
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 28 қыр., 13:23

☀️ Маңғыстаудағы жасыл ертегі. «Hyrasia One» жобасының шоураннерлері 50 миллиард еуро таба алмайтын сияқты

Маңғыстауда Каспий суын электролизден өткізіп, жылына 2 миллион тонна жасыл сутегі немесе 11 миллион тонна аммиак өндіруі тиіс «Hyrasia One» жобасының жоспарлаған инвестиция тартуында үлкен кедергілер пайда болды. Бұл жобаны Svevind Energy Group басшысы Вольфганг Кропп бастаған еді. 40 гигаватт жел мен күн энергиясын пайдаланып, содан жасыл сутегі өндіруді көздейтін жобаның іске асуы үшін 50 миллиард еуро қажет. Кропп мырза оны инвесторлар пулынан жинап аламын деп үміттенген. «Бірақ инвесторлардың барлығы ол үшін Еуроодақтың қаржылық гарантиясын және офтейк контрактарды көрсетуін сұрап отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

«Еуроодақтан тек Германия ғана 1,2 миллиард еуроға қаржылық кепілдік ұсына алды. Ол қаржы бұл жобаның жұмырына жұқ болмайды. Сосын сутегі зауытының өнімін кепілді түрде сатып аламыз деген ешқандай офтейк контракттар да жарияланбады. Ал қазір жасыл тақырып күн тәртібінен кетіп барады. Оған Трамп факторы мен Еуропадағы саяси аренада әсіре оңшылдардың бас көтеруі әсер етуде», - дейді, дереккөз.

АҚШ президенттігіне Дональд Трамп келгелі климаттың өзгеруіне қатысты қозғалыстар, жасыл энергия тақырыбы бүкіләлемдік алаяқтық деп таныла басталды. АҚШ-та сутекке берілетін 45V салық жеңілдігі қысқара бастаған соң, Thyssenkrupp Nucera сияқты алпауыттар бірқатар жобалардан бас тартты. Бұл әлемдік инвесторларға қатал сабақ болды. Олар бүгін мемлекет субсидия берсе де, ертең саяси билік ауысып, ережені өзгерте салатынын байқады.

АҚШ тұрмақ Еуропадағы саяси ландшафт та өзгеруде. Оңшылдар мен еуроскептиктер күшейді. 2022 жылы Қазақстан мен Svevind Energy Group «Hyrasia One» жобасына қол қойғанда «жасыл энергия» саяси трендтің шыңында еді. Қазір Еуропарламентте «жасылдар» позициясынан айырылып, 74 орыннан тек 53 орынды ғана сақтап қалды. Олардың орнын Patriots for Europe және ECR сияқты оңшыл фракциялар басуда.

Қазақстан «Hyrasia One» жобасына 50 миллиард еуро инвестиция келуі мүмкін деген жылы үмітпен қараған еді. Сол себепті Вольфганг Кропптың жер, тағы да басқа мәселелерін еш қиындықсыз шешіп берген. Еуропалық инвесторлар пулы қолдамай қойса, онда жасыл сутегі өндіретін бірегей ел боламыз деген үмітіміз желге ұшпақ.

DALA INSIDE осы маңызды жобаның тағдырын бақылайтын болады. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
975002
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 26 қыр., 10:44

— Шындық керек қой, шырағым-ау.
— Оны кім тексеріп жатыр дейсіз...

Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде»

https://t.me/kitapuzindisi
979001
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 21 қыр., 14:49

🧠🇰🇿 Қазақстан Шевронмен «ғасыр контрактын» ұзартуға қатысты өз ұсыныстарын жасақтауды аяқтап қалды

DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, позицияларды дайындап біткеннен кейін бейресми саудаласу 2027 жылы жүрсе, нақты коммерциялық ауыр келіссөздер 2028-2030 жылдар аралығында өтеді деп жоспарланған. «Қазір контракт бітетін 2033 жылға дейін күту Chevron үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз», - дейді дереккөз.

«Себебі Теңіз сияқты алып кен орнында жаңа инвестициялар, бұрғылау бағдарламасы, газды кері айдау, жабдықтарды жаңарту бірнеше жыл бұрын жоспарлануы керек. Оның үстіне ТШО-ның өз құжаттарында 2033–2040 жылдарға дейін жаңа горизонталды ұңғымалар бұрғылау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни кен орнының экономикалық өмірі 2033 жылмен бітпейді. Ондағы технологиялық шешімдердің барлығы Теңізшевройлдікі. Сондықтан басқа компания келе салып, бұл жұмысты жалғастырып алып кете алмайды. Қазақстан, Chevron мен ExxonMobil контрактты ұзарту мен оның жаңа шарттарын 2030 жылдан қалдырмай шешуі тиіс».

Биыл Шевронның Теңізге арналған негізгі капиталы салынып болды. Future Growth Project аяқталып, 2025 жылы өндіріс 39 млн тоннаға мұнайға жетті. Жобада әу бастан қуатты жылына шамамен 40 млн тонна деңгейіне жеткізу бекітілген еді. Ол орындалды. Демек Қазақстан инвестициялық тәуекелдің басым бөлігі өтелгендіктен рентаның бөлінуін қайта қарауды талап ете алады.

Дереккөз сөзінше Қазақстан екі түрлі стратегияны таңдауы мүмкін. Біріншісі – қаржылық cost, яғни ТШО-дан елімізге келетін ақша ағынын арттыру. Оны ТШО-дағы Қазмұнайғаздың үлесін 20 пайыздан 25 пайызға арттыру мен ТШО үшін салық режимін қатаңдату арқылы жасауға болады. Ал екінші жол өндірістік-инвестициялық бағытқа келеді. Оның аясында ТШО-ның ішкі нарыққа мұнай беруін бекітіп, осы мұнайға арнап төртінші мұнай өңдеуі зауытын салу, ТШО сатып алуларын толық қазақстандық қызметтер мен тауарларға көшу сынды талаптар болуы ғажап емес.

2025 жылы Теңіз кенішінен 39 млн тонна мұнай өндірілді. ТШО-ның Қазақстанға тікелей қаржылық төлемдері 10,6 млрд долларды құрады. Қазір ТШО-дағы акционерлер үлесі Chevron - 50%, ExxonMobil - 25%, ҚМГ - 20%, Lukoil - 5%.

https://t.me/dalainside
1,590002
АРИСТОКРАТ logo
АРИСТОКРАТ

2026 ж. 21 қыр., 09:38

Тәубе десеңдерші осы күндеріңе. Тәубе! Баяғыдай қалаға кіргізбей қойса, қалаға кіре қалсаңдар, баққа маңайлатпай қуса қайтер едіңдер? Қызық-ей, осы қазақтар…

Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде»

https://t.me/kitapuzindisi
1,190005

Showing 20 of 20 posts

Рейтинг

Кіру қажет

Frequently Asked Questions

АРИСТОКРАТ Telegram арнасы не туралы?+

АРИСТОКРАТ (@kitapkz1) — tgdio сайтында Электрондық кітаптар мен оқу материалдары санатындағы Telegram арнасы. Рейтинг, пікірлер, ранг және соңғы посттарды қарап, жазылмас бұрын шешіңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 18 650 жазылушы бар.

АРИСТОКРАТ (@kitapkz1) арнасына Telegram-да қалай қосылуға болады?+

tgdio сайтында арна профилін ашып, Join / Open in Telegram арқылы @kitapkz1 арнасына тегін жазылыңыз.

АРИСТОКРАТ жақсы Электрондық кітаптар мен оқу материалдары арнасы ма?+

tgdio сайтында қосылмас бұрын АРИСТОКРАТ рейтингін, пікірлерін, рангін және посттарын тексеріңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 18 650 жазылушы бар. ұқсас Электрондық кітаптар мен оқу материалдары арналарымен салыстырыңыз.

АРИСТОКРАТ статистикасы мен посттарды қайдан көруге болады?+

tgdio сайтында @kitapkz1 бетін ашыңыз: жазылушылар статистикасы, ранг, рейтинг және посттар. Stats сілтемесі өсу графигін көрсетеді.