📍 Ақтауда «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Оператор — Қазақстан тұрғын үй компаниясы (ҚТК).
Биыл 11 қаладан 686 пәтер беріледі. Олардың ішінде Сарань, Екібастұз, Түркістан, Қонаев, Тараз, Ақтөбе және т.б. қалалар бар.
Бағдарлама шарттары:
🔸Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана.
Бастапқы жарна керек емес.
🔸Ақтаудағы жалға алу құны: 1 ш.м үшін 2490 теңге (басқа қалаларда әртүрлі).
🔸Жалға алу мерзімі: 20 жылға дейін.
🔸Мерзім аяқталғанда пәтер жалға алушының меншігіне өтеді.
Қалған құнын төлеп, мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі бар
🔸Сыйақы мөлшерлемесі: жылына 3.1%.
Кім қатыса алады:
Ақтауда тұрғын үй кезегінде тұрған барлық категориядағы Қазақстан азаматы мен қандас қатыса алады.
Өтінім қабылдау күні: 12 мамыр 09:00-ден 25 мамыр 17:00-ге дейін (қоса алғанда). Мекенжай: Ақтау қ., 4-ықшамаудан, 72-ғимарат, Азаматтарды қабылдау орталығы.
https://krisha.kz/kz/content/news/2026/2026-satyp-alu-quqygymen-zhalga-alu-otinim-qabyldau-qay-zherde-bastaldy