🇰🇿 🇰🇬 Қорғаныс министрі Шолпан-Атада өткен ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-майор Айдос Мырзахметов Қырғызстанда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты.
Тараптар 2026 жылы әскери ынтымақтастықты дамыту бағытында Кеңестің жұмыс органдары атқарған қызметтің негізгі басымдықтары мен нәтижелерін қарастырды. Атап айтқанда, әскери білім беру, кадр саясаты, жауынгерлік даярлық және күн тәртібіндегі өзге де мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, 2027 жылға арналған жұмыс жоспары да қаралды.
Әскери спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге ерекше назар аударылды. Отырыс қорытындысы бойынша Достастыққа мүше мемлекеттердің алдағы әскери ынтымақтастығын реттейтін құжаттарға қол қойылды.
Отырыс аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Тараптар әскери ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.
🇰🇿 🇰🇬Министр обороны Казахстана принял участие в заседании Совета министров обороны СНГ в городе Чолпон-Ате
Руководитель оборонного ведомства Республики Казахстан генерал-майор Айдос Мырзахметов принял участие в заседании Совета министров обороны государств – участников СНГ в Кыргызстане.
Стороны рассмотрели основные приоритеты и результаты деятельности рабочих органов Совета в 2026 году по развитию военного сотрудничества в области образования, кадровой политики, учебно-боевой подготовки и другие вопросы многосторонней повестки. Также обсужден план работы на 2027 год.
Отдельное внимание было уделено развитию сотрудничества в области армейского спорта и военно-патриотического воспитания молодежи. По итогам заседания подписаны документы, регламентирующие дальнейшее военное сотрудничество государств – участников Содружества.
В рамках заседания министр обороны Республики Казахстан провёл ряд двусторонних встреч со своими коллегами. Стороны обменялись мнениями по вопросам военного сотрудничества.
🇰🇿
Armia.kz 📱
Insta 📱
Threads 📱
FaceBook 📱
TikTok 📱
t.me 📱
YouTube 🇰🇿
Aitu 📱
x.com