NU Yurt Times Telegram channel photo

NU Yurt Times

@nuyurttimesPublic Channel

Сіздің сүйікті Назарбаев Университетінің қазақ тіліндегі жаңалықтары.

227

Last views

596 (596 subscribers)
Мүшелер
—
Rating
31
Total Posts
Oct 18, 2026, 2:28 AM
Жаңартылған
May 14, 2026
Created
Stats

Сіз қазақ тіліндегі контентті көріп отырсыз. Басқа тілдегі контентті көру үшін сайт тілін өзгертіңіз.

Channel Information

Channel Information
Channel NameNU Yurt Times
Username@nuyurttimes
CategoryӘлемдік жаңалықтар
Languageқазақ тілі
CountryҚазақстан
Мүшелер596
Channel TypePublic Channel
Created2026 ж. 14 мам.
Last Updated2026 ж. 18 қаз. • 4 күн бұрын
StatusActive

Рейтинг

Жалпы рейтинг
#54401+249
Тіл бойынша рейтинг
#67Өзгеріс жоқ
Санат бойынша рейтинг
#340+7

Жазылушылардың өсуі

Барлығы: 59630 Days growth: +315.5%
09/1809/2309/2810/0310/0810/1310/17
Жазылушылардың өсуі - 30 Days
DateSubscribers
18:09:2026565
19:09:2026565
20:09:2026570
21:09:2026570
22:09:2026570
23:09:2026570
24:09:2026570
25:09:2026570
26:09:2026570
27:09:2026570
28:09:2026570
29:09:2026570
30:09:2026570
01:10:2026570
02:10:2026570
03:10:2026570
04:10:2026570
05:10:2026570
06:10:2026570
07:10:2026570
08:10:2026570
09:10:2026570
10:10:2026570
11:10:2026570
12:10:2026570
13:10:2026570
14:10:2026570
15:10:2026570
16:10:2026570
17:10:2026596
Жазылушылардың өсуі - Weekly
DateSubscribers
Week of 11:05:2026487
Week of 18:05:2026487
Week of 25:05:2026487
Week of 01:06:2026487
Week of 08:06:2026487
Week of 15:06:2026487
Week of 22:06:2026487
Week of 29:06:2026487
Week of 06:07:2026529
Week of 13:07:2026529
Week of 20:07:2026529
Week of 27:07:2026529
Week of 03:08:2026529
Week of 10:08:2026529
Week of 17:08:2026546
Week of 24:08:2026546
Week of 31:08:2026554
Week of 07:09:2026565
Week of 14:09:2026570
Week of 21:09:2026570
Week of 28:09:2026570
Week of 05:10:2026570
Week of 12:10:2026596
Жазылушылардың өсуі - Monthly
DateSubscribers
May 2026487
June 2026487
July 2026529
August 2026546
September 2026570
October 2026596
Жазылушылардың өсуі - Yearly
DateSubscribers
2026596

Top 10 posts

Most viewed posts from this channel

By views
  1. #1Назарбаев Университеті Татарстан Республикасынан келетін студенттерге 1.3K
  2. #2SSH қайта ұйымдастыру хроникасы1.2K
  3. #3⚡️НУ-дағы ең ірі тәуелсіз медианың бөлігі болыңыз1.0K
  4. #4НУ-дың төрт бағдарламасы ABET аккредитациясынан өтті951
  5. #5НУ Times Higher Education рейтингінде 376–400-ші орынға дейін көтерілд928
  6. #6Боттар тарапынан негативті реакциялардың көбеюіне байланысты, біз кана926
  7. #7Биология және медицина студенттері үшін Шортанды көлінде міндетті прак919
  8. #8Жылына 110 мың теңге: НУ-да келесі семестрден бастап міндетті студентт885
  9. #9Назарбаев Университетінің түлегі жоғары мемлекеттік лауазымға тағайынд876
  10. #10НУ School of Engineering-ге жаңа декан іздеуде859

Соңғы посттар

NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 21 қаз., 16:57

Photo1/2
НУ-да “Humanities, Language and Technology” жаңа мамандығы бекітілді

Университеттің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, бұл бағдарлама тіл, әдебиет және мәдениет салаларын зерттеуді заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды қолданумен біріктіреді.

Енді бұл бағыт оқуға түсу кезінде мамандық таңдау тізімінде қолжетімді. Қыркүйекте өткен таунхоллда жаңа бағдарлама бұрыннан бар екі бағытты: Лингвистика мен Әдебиетті, сондай-ақ Тарихты біріктіретіні талқыланған болатын. Ал Антропология мамандығы тізімінде мүлдем жоқ. Оның жаңа бағдарлама құрамына кіретіні әзірге белгісіз. Бұл мәселе бойынша департаменттің жаңалықтарын бақылап отырамыз.

Бағдарламадағы өзгерістердің қазіргі студенттерге қалай әсер ететіні де әлі белгісіз. Дегенмен, келесі семестрде жаңа бағыттағы курстар қолжетімді болады.

Департамент профессорлары бұл жаңа мамандық арқылы түлектердің техникалық бағыттарға ауысу мүмкіндігін және мансаптық келешегін едәуір кеңейте алатынын атап өтті.
2270021
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 12 қаз., 15:32

Корольдік Сапар: Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда НУ-да критикалық минералдарға арналған басқосуға қатысады

Ақорданың мәлімдеуінше, Бельгия Корольдігі 11-14 қазан аралығында Астана мен Алматыда орын алатын 14 түрлі іс-шараларға қатысады. 

Балалар оңалту орталығына, Қазақстан Ұлттық музейіне және Alem.ai халықаралық орталығына барумен қатар, 13 қазан Бельгия делегациясы Назарбаев Университетінде бельгиялық университеттермен жұмыс істейтін критикалық минералдарға арналған дөңгелек үстелдің ашылу сессиясына қатысады.  

Дереккөзге сүйенсек, сапар аясында Король және Патшайыммен бірге министрлер, ректорлар, бизнес көшбасшылары мен журналистерден құралған 110-мүшіелік делегация қатар жүреді.

Akorda.kz

President of Kazakhstan Welcomes King Philippe and Queen Mathilde of the Belgians at the Capital’s Airport — Official website of…

7010028
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 30 қыр., 16:48

Photo1/2
НУ Times Higher Education рейтингінде 376–400-ші орынға дейін көтерілді

Бұл шамамен 94 тармаққа өсу.

Университет International Outlook (72,2-ден 71-ге) қоспағанда, барлық көрсеткіштер бойынша өсім көрсетті.

Teaching +2,5 - 29-ға дейін
Research Environment +4 - 34,3-ке дейін
Research Quality +7,3 - 84,1-ге дейін
Industry +2,8 - 47,2-ге дейін

Индустрия көрсеткіші төмендеу үрдісін жеңе алды.

Толығырақ THE сайтынан оқуға болады.
9280043
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 29 қыр., 20:12

НУ-дың төрт бағдарламасы ABET аккредитациясынан өтті

Аккредитацияны Electrical & Computer Engineering (Электр және компьютерлік инженерия), Petroleum Engineering (Мұнай инженериясы), Computer Science (Компьютерлік ғылымдар) және Mathematics (Математика) бағдарламалары алды.

Жалпы, аккредитацияға НУ-дың төрт мектебінен жеті бағдарлама ұсынылған болатын:

• Electrical & Computer Engineering
• Petroleum Engineering
• Computer Science
• Physics
• Chemistry
• Mathematics
• Biological Sciences

Қалған үш бағдарламаның нәтижелері туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

ABET — қолданбалы және жаратылыстану ғылымдары, есептеу, инженерлік технологиялар салаларындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттейтін коммерциялық емес, үкіметтік емес агенттік. Бұл аккредитация бағдарламаның тиісті кәсіби саладағы сапа стандарттарына сәйкес келетінін растайды.
9510043
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 07 қыр., 17:05

Photo1/2
⚡️НУ-дағы ең ірі тәуелсіз медианың бөлігі болыңыз

NU York Times командаға жаңа мүшелерді қабылдайды — біз университет қабырғасында болып жатқан оқиғаларды зерттеп, жазуға қызығатын, бей-жай қарамайтын студенттерді іздеудеміз.

Біз НУ ішінде болып жатқан және студенттердің өміріне қатысты барлық жаңалықтар туралы жазамыз. Оның ішіне әкімшіліктің шешімдері, университет құрылымдарындағы өзгерістер, студенттік өмір, клубтар мен іс-шаралар, сонымен қатар әңгімелеуге тұрарлық оқиғалары бар студенттер мен қызметкерлер кіреді.

Бұл арнадан басқа, бізде каналдың орысша нұсқасы бар. Екі тілде де жазу міндетті емес, өзіңізге ыңғайлы тілді таңдауға болады.

Медиа саласында тәжірибеңіздің болу-болмауы маңызды емес. Бастысы — айналада болып жатқан оқиғаларға қызығушылық, үйренуге деген ықылас және жұмысқа жауапкершілікпен қарау, қалғанын біз өзіміз үйретеміз. Біздің команданың бір бөлігі бола отырып, сіз журналистика саласында өзіңізді сынап қана қоймай, ақпарат және дереккөздермен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік аласыз.

Өтінім беру үшін қысқа форманы толтыру қажет. Одан кейін біз тиісті кандидаттарға хабарласып, жеке сұхбатқа шақырамыз.

Форманы толтырудың соңғы мерзімі: 20 қыркүйек, 23:59.
1,0000023
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 02 қыр., 17:05

NU жанындағы жазғы лагерь тәлімгерлеріне қандай жағдайлар ұсынылады?

DSS конкурстық іріктеуден өткен студенттерге NU Summer Camp 2026 лагерінде тәлімгер болып жұмыс істеу шарттары жазылған хаттар жіберді. Сипаттамаға қарағанда, жұмыс ерте тұруды, кешке дейінгі белсенділіктерді және бір тәлімгерге шамамен 10 баладан келетін жауапкершілікті, яғни лагерь өміріне толықтай дерлік енуді көздейді.

Шарттардың ең бастысы:
• Төлемақы - екі аптаға созылатын бір кезең (поток) үшін 100 000 теңге.
• Барлығы 4 кезең қарастырылған: 1 маусым мен 25 шілде аралығында.
• Шарттарда тәлімгерлер жетіспеген жағдайда, кейбіреулерінен қатарынан бірнеше кезеңде немесе тіпті лагерьдің барлық уақытында жұмыс істеуді сұрауы мүмкін екендігі бөлек көрсетілген.

Бұл ретте демалыс күндері немесе ауысымдардың нақты кестесі хатта жоқ.
Tentative agenda-ға сүйенсек, лагерь қатысушыларының күні 7:30 AM-де таңғы аспен басталады, ал белсенділіктер 9:00 PM-ге дейін жалғасады - кестеде академиялық сабақтар, спорттық және шығармашылық шаралар, квиздер, ойындар және музыкалық кештер көрсетілген.

Тәлімгерлердің міндетіне тек балаларды қадағалау ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушылық мәселелер де кіреді:
Even organization and coordination,
Sport or dance activities,
IT support,
Board games and quizzes,
Guiding tours and excursions,
Musical activities / playing musical instruments.
Іс жүзінде тәлімгерлерге балалардың бос уақытының едәуір бөлігін өздері ойлап тауып, өткізу ұсынылады.

Артықшылықтарына келсек - тәлімгерлерге лагерь кезеңінде жатақханада тегін тұру және тамақтану, сондай-ақ бір кезеңге 100 мың теңге беріледі. Жатақханаға 17 мамырдан бастап кіруге болады.
7180013
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 02 қыр., 17:05

Photo
НУ-дың корпоративтік аккаунттары Google Фото қосымшасына қолжетімділігінен айырылады

Бүгін университеттің барлық студенттері мен қызметкерлері екі апта ішінде (15-29 мамыр аралығында) пайдаланушылар барлық материалдарды басқа сервиске (мысалы, Google Drive) көшірулері қажет екені туралы хабарландыру алды. Жеке файлдарды жеке Google-аккаунтқа ауыстыру ұсынылады.

Google Фото сервисін NU Image фотографтары ұзақ уақыт бойы іс-шаралардан түскен суреттерді орналастыру үшін пайдаланып келетін. Клуб өкілдері басқа балама іздестіріп, барлық жүктелген материалдардың резервтік көшірмесін жасауға тырысатындарын мәлімдеді.

Клубтың қызметі тоқтатылмайды, ал келесі хабарландырулар телеграм-арнада жарияланады: https://t.me/nu_img.
7670025
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 02 қыр., 17:05

Photo
НУ аумағында кофехана бизнесін жүргізу қаншаға түседі?

https://sdelka.kz/sale/s/11185/kofeinya-v-nazarbaev-universitete-11185 сайтында төменгі атриум аймағында орналасқан кофехана түріндегі бизнесті сату туралы хабарландыру жарияланды. Хабарландыруда көрсетілген сандарға сүйене отырып, НУ-да кофехана ұстау қанша тұратынын түсінуге болады.

Бизнестің өзі 15 000 000₸ тұраса, жалдау құны айына 700 000₸. Ал өзін-өзі ақтауына қатысты:

– Түсім: айына 6 000 000₸,
– Таза пайда: айына 1 000 000₸,
– Өзін-өзі ақтау мерзімі: 15 ай

Яғни, тұрақты клиенттер легі (студенттер мен қызметкерлер) болған жағдайда маржиналдылық шамамен 20%-ды құрайды. Сатушының мәлімдеуінше, ешқандай қосымша салымдар қажет емес және «алғашқы күннен-ақ» іске кірісіп, табыс табуға болады.

Сандарға қарап, бизнестің кем дегенде шығынды емес екенін аңғаруға болады.
8270023
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 02 қыр., 17:05

НУ School of Engineering-ге жаңа декан іздеуде

Халықаралық рекрутингтік Odgers Berndtson агенттігінің сайтында School of Engineering (SoE) деканы лауазымына бос орын жарияланды. Бұл хабарландырудың өзі бірнеше себепке байланысты назар аударады:

Біріншіден, Odgers Executive Search әдетте провост, вице-провост, вице-президент сияқты жоғары деңгейдегі басшылық қызметтерге іріктеу жүргізеді. Осы тұрғыдан алғанда, неге SCAI деканы бұл платформа арқылы ізделмейді деген сұрақ туындайды, өйткені екі лауазымның деңгейі шамалас.

Екіншіден, жаңа декан іс жүзінде екі бағытты біріктіреді — ол қазіргі SEDS және SMG декандарын алмастырады.

Үшіншіден, бос орын сипаттамасында бұл ұзақ мерзімді тағайындау екені көрсетілген. Бұл тек бір жылға жоспарланған SSH деканын тағайындау тәжірибесімен салыстырғанда өзгеше.

Сонымен қатар, NU параллель түрде 30 full professor тартуға бағытталған жаһандық науқан жүргізіп жатыр. Хабарландыруда олардың бір бөлігі SoE-мен байланысты болатыны айтылған.

Сондай-ақ университеттегі жоғары академиялық лауазымдарда әйелдердің үлесі аз екені атап өтіліп, әйел үміткерлерге басымдық берілетіні көрсетілген.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Іріктеу кезеңдерін ескерсек, жаңа деканның қызметіне күзде — шамамен қазан–қараша айларында кірісуі мүмкін.
8590019
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 02 қыр., 17:05

Writing Center-ді жабуға қарсы екінші хат Академиялық кеңеске жіберілді

Екінші хат Профессор-оқытушылар құрамы кеңесімен (Faculty Senate) мақұлданып, Академиялық кеңестің (Academic Council) қарауына жіберілді. Оның алдындағы бірінші хатты да Студенттік үкімет (SG) арқылы Академиялық кеңеске жіберу жоспарлануда.

Академиялық кеңес — университеттің күнделікті академиялық өміріндегі маңыздылығы бойынша екінші алқалы орган. Онда академиялық бағдарламаларға және олардың өзгеруіне байланысты шешімдер қабылданады.

Академиялық кеңес хатты Басқарушы кеңестің (Managing Council) қарауына бере алады. Ал, Басқарушы кеңестің құрамына президент, вице-президенттер және провост кіреді.

Сіз әлі де екінші хатпен танысып, оған біздің алдыңғы жарияланымдағы сілтемелер бойынша қол қоя аласыз ().
7740019
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 23 там., 18:34

BMS-тің ондаған студенттері әрі қарай MD бағдарламасына өте алмай қалуы мүмкін

Жақында бізге Medical Sciences (BMS) бағдарламасының 4-курс студенттері Doctor of Medicine (MD) бағдарламасына өту мәселесіне байланысты жүгінді. Бұл - дәрігер мамандығын алу үшін міндетті түрде окылатын бағдарлама. Биыл шамамен 20 студент белгіленген талаптарға сәйкес келгеніне қарамастан, MD бойынша оқуды жалғастыруға алдын ала ұсыныс ала алмаған.

Біздің түсінуіміз бойынша, жағдай мынадай:
BMS-қа түсу кезінде және оқу барысында студенттерге MD-ға өту үшін cGPA кемінде 3.0 болуы, Code of Conduct-ты сақтауы және сұхбаттан сәтті өтуі керек екені бірнеше рет түсіндірілген. Дәл осы шарттарды негізге ала отырып, көптеген студенттер өз оқулары мен болашақ мансаптарын жоспарлаған. Өткен жылдардағы тәжірибе де осы талаптарды орындаған студенттердің MD-да оқуды жалғастыратынын көрсеткен.

Бірақ биыл нәтижелер басқаша жағдайды көрсетті: төртінші курс ағымындағы 50 студенттің 30-ы MD-ға алдын ала шақырту алған, тағы 5-еуі күту тізіміне енген, ал 12-сі бас тарту алған. Осы жылы бас тарту алған студенттер бұрын белгіленген талаптарға сәйкес келгені туралы атап өткен жөн.

Ресми түрде университет белгіленген ережелерді бұзбаған: мәселе бакалавр бағдарламасына қабылданған студенттер саны мен келесі оқу кезеңінде қолжетімді орындар санының сәйкес келмеуінен туындаған, алайда студенттер MD-дағы орын санының шектеулі екені туралы хабардар болмаған.

MD бағдарламасына өте алмаған студенттер бакалавриаттан кейінгі міндетті жұмыс өтілін өтеуде де қиындықтарға тап болуы мүмкін, себебі дәрігер дипломынсыз оның мүмкіндіктері шектеулі. Басқа медициналық жоғары оқу орнына қайта түсу де мәселені толық шешпейді: мемлекеттік грант оқуға бір рет беріледі, сондықтан оны қайтадан ала алмайды. Нәтижесінде студенттерге медициналық ұйымдардағы қолжетімді орындар, ақылы оқуды жалғастыру немесе мансап жолын өзгерту арасында таңдау жасауға тура келуі мүмкін.

Бұл мәселе келесі ағымға да әсер етуі мүмкін. Келесі жылы BMS-тің 4-курсында шамамен 60 студент болады, сондықтан қазіргі тәсіл сақталса, MD-ға өте алмайтын студенттер саны артуы мүмкін.
8560039
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 14 там., 22:28

WLL және History ортақ бағдарламаға бірігеді

Қазіргі кезде департамент екі оқу бағдарламасын біріктіретін жаңа joint major бағдарламасын құрастыруда.

Бұрын Languages, Linguistics and Literature департаменті History, Philosophy and Religious Studies департаментімен біріккенімен, департамент ішінде жеке бағдарламалар болып қала берген. Қазір департамент әдебиет, лингвистика, тарих, философия және дінтану бағыттарын қосатын жаңа бағдарлама әзірлеуде.

Өз мамандығын таңдап қойған студенттер оқуға түскен кезінде қолданыста болған handbook талаптары бойынша оқуды жалғастыра береді және университетті өздерінің қазіргі мамандығымен бітіре алады.

Ал жаңа студенттер үшін әзірге ештеңе нақты анықталмаған.

Бөлек айта кететін жайт, бірігу студенттердің жетіспеушілігінен болған жоқ деп болжауға болады. Мысалы, WLL бағдарламасы үшін студент саны мүлдем проблема емес. Департамент меңгерушісі бұл бағдарлама мектептегі студент саны бойынша ең ірілердің бірі болғанын және университеттің көптеген басқа бағдарламаларына (соның ішінде кейбір STEM бағыттарына) қарағанда көбірек абитуриенттер жинағанын жазып өткен. Университеттің өз деректері бойынша, бағдарлама түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері де жақсы болған, тіпті кейбір техникалық бағдарламаларға қарағанда жоғары. Мәселе қазіргі білім саласындағы гуманитарлық ғылымдар күйреу үстінде деп жиі қабылданатын тенденцияға байланысты болу керек деп сенеміз.

Екі департамент бұрыннан тығыз байланысты болған, сондықтан егер бірігу сөзсіз болса, дәл осы екі бағытты біріктіру орынды көрінеді.

Жақын арада тарих, философия және дінтану департаментінің меңгерушісі Daniel Beben студенттерге арналған Townhall Meeting өткізеді, онда қалаушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын айта алады.
8110022
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 19 шіл., 19:32

Биология және медицина студенттері үшін Шортанды көлінде міндетті практика енгізілуі мүмкін

Жақында НУ-дың тұрақты даму жөніндегі директоры Қанат Байғарин өзінің LinkedIn парақшасында биылдан бастап Шортанды көліндегі практика биология және медицина студенттері үшін оқу бағдарламасының міндетті бөлігіне айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Шортанды көлі бұрыннан бері университет тарапынан ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, атап айтқанда климаттың өзгеруі Орталық Азия көл экожүйелеріне әсерін зерттеу бағыттары бойынша пайдаланылып келеді. Тұрақты даму кеңсесі болса, бұған дейін де осы мамандықтардың студенттері үшін Бурабайда далалық практикалар ұйымдастырып келген.

Қанат Байғарин өз жазбасында далалық базаға жақында болған сапары барысында студенттердің оқудың мұндай форматына үлкен қызығушылық танытқанын атап өтті.

LinkedIn

Starting this year, the field practice at Lake Shortandy for Nazarbayev University students may become a mandatory component of…

Starting this year, the field practice at Lake Shortandy for Nazarbayev University students may become a mandatory component of the curriculum for biology, ecology, and medical students. A visit to the field site demonstrated just how much the students enjoy…

9190022
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 12 шіл., 18:43

НУ түлектері мен профессоры ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидаттар тізімінде

Қазақстанда жаңа Конституцияның күшке ие болуына байланысты екі палаталы Парламенттің орнына бір заң шығарушы орган - Құрылтай құрылады. Осыған байланысты 23 - тамызда бес жылға сайланатын 145 депутатты анықтайтын сайлау өтеді. Кандидаттар тізімінде Назарбаев Университетіне қатысты тұлғаларды да байқадық.

«Әділет» саяси партиясы:

Айжан Темербаева – META University ректоры, НУ-да MSc in Educational Leadership және PhD in Education дәрежелерін алған.

Тілектес Адамбеков – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, НУ-да Master of Public Administration дәрежесін алған.

Әлібек Сайланбаев – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дағы ЖИ жетекшісі, НУ-да BSc in Mathematics дәрежесін алған.

«Respublica» партиясы:

Лаура Вайгорова – SmarTestPrep білім беру онлайн-платформасының CEO-сы және тең құрылтайшысы, НУ-да BA in World Languages, Literature, and Linguistics және Master of Public Policy дәрежелерін алған.

Сұраған Дөрбетхан – ҚР Президенті жанындағы Ғылым академиясының мүшесі, НУ-дың профессоры.
8410031
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 10 шіл., 20:50

Video
Dear Students,

Student Government welcomes the clarification from university that the reported information about the mandatory student fee of 110,000 KZT was not confirmed. 👍

Here is the official response we received from the Press Office:
Касательно информации о введении студенческого сервисного платежа

Nazarbayev University в ответ на Ваш запрос относительно распространяемой в социальных сетях информации о введении обязательного ежегодного студенческого взноса сообщает, что данная информация не соответствует действительности.

На сегодняшний день Университет не принимал решений о введении каких-либо дополнительных обязательных платежей или взносов для студентов.

From the beginning, SG stated that the information circulating publicly had not been formally confirmed by the university. Because the hypothetical fee could have created a significant financial burden and academic consequences, and because SG had not been formally informed or consulted, we considered it our responsibility to establish a strong student position and seek urgent clarification.

Thank you to the students who supported the petition. The petition demonstrated that students expect transparency and meaningful representation in such decisions. SG will close the current petition. We will continue working with the administration and advancing student representation on all matters. 😘

We are glad that the concern has been resolved and will share any further verified information with students.

Warmest regards,
Student Government 💙
4080032
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 09 шіл., 20:23

Dear Students,

Student Government is aware of public reports regarding the possible introduction of a mandatory one-time student fee of 110,000 KZT and its potential connection to course registration.

At no point has Student Government been formally consulted on this matter. We have also been never formally informed.

We understand that a financial requirement of this scale, introduced on such short notice, would directly affect students and their families. We are especially concerned by reports that nonpayment could restrict course registration, which may create serious academic consequences under current registration requirements.

Student Government believes that no major mandatory student fee should be introduced without reasonable notice, transparent justification, payment flexibility, and meaningful student representation in the decision-making process.

We are urgently seeking clarification from university leadership on:
1. Whether the fee has been approved.
2. Which students would be required to pay and in what amount.
3. Whether registration access would be restricted for nonpayment.
4. What legal basis supports the fee.
5. How the amount was calculated.
6. What exemptions, appeals, or payment options would exist.
7. How the collected funds would be used.

In conversations, Student Government will call on university leadership to suspend any implementation of this fee for the upcoming academic year and to ensure that students are not blocked from registration while these questions remain unresolved.

To demonstrate the collective stance of the Student Body, we have prepared the official petition.

https://docs.google.com/document/d/1193H3C52HgcdnQaM_a_7nQBfpDclwLlijg1CcGlRCQ0/edit?usp=sharing

Please familiarize yourself with the text and sign it if you support our position. Your signature is essential to ensure our voice is heard by the university administration.

https://forms.gle/Wuw6UtfjMLaiHwW3A

We will continue to update you based on verified information we receive.

Sincerely,
Student Government
3860024
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 09 шіл., 20:13

Жылына 110 мың теңге: НУ-да келесі семестрден бастап міндетті студенттік ақы енгізу жоспарлануда

*Төменде көрсетілген ақпарат анонимді дереккөзден алынды және қазіргі уақытта университет әкімшілігі тарапынан ресми түрде расталмаған.

Дереккөздің мәліметінше, 2026 жылдың тамызынан бастап студенттердің көпшілігі жаңа міндетті ақы төлеуі керек. Енді оқуды жалғастыру үшін жыл сайын 110 000 теңге көлемінде студенттік жарна төлеу қажет болады. 

Бұл жарна міндетті болады, ал төленбеген жағдайда курсқа тіркелу бұғатталады. Бұл шешім университет әкімшілігімен мақұлданған.

Қазір қолда бар ақпарат бойынша, төлемақы мөлшері:

- барлық студенттер үшін жылына 110 000 теңге;
- EMBA және MPA бағдарламаларының студенттері үшін 70 000 теңге;
- SVC студенттері төлемнен босатылады.

Жаңа төлем құрамына Multipass және Student Fund кіреді, сонымен қатар бұл қаражат университет инфрақұрылымын белгілі дәрежеде ұстауға жұмсалады.

Дегенмен, қазіргі уақытта қаражаттың қандай бөлігі қай бағытқа және қалай бөлінетіні, сонымен қатар жаңа міндетті жарна енгізілгеннен кейін студенттік қызметтерде қандай өзгерістер болатыны туралы нақты ақпарат белгісіз.

Көптеген студенттер үшін бұл тағы бір жылдық міндетті шығынның пайда болуын білдіреді. 110 мың теңгені төлемеген жағдайда, келесі оқу жылында оқуды жалғастыру мүмкін болмайды.
8850067
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 09 шіл., 11:59

Қамқоршылық кеңес академиялық құрылымдағы ауқымды өзгерістерді бекітті.

2026 жылдың тамызынан бастап НУ-да қамқоршылық кеңес бекіткен ұйымдастырушылық өзгерістер іске қосылады.

Бұған дейінгі хабарландырулармен бірге қосымша мынандай жаңалықтар белгілі болды:

- SCAI және Graduate School of Business департаменттік емес үлгіге көшеді. Енді мектептер ішінде бөлек департаменттер болмайды. Атап айтқанда, қазіргі Chairs of the Departments of Mathematics, Robotics, және Computer Science оқытушылық қызметке ауысады.
- SMG жеке мектеп ретінде жойылып, SOE құрамында жеке департамент ретінде қалады.
- Academic Success Center (бұрынғы Writing Center орнына ашылатын орталық) SSH департмантінің астында қалатыны белгілі болды және академиялық тұрғыдан Associate Provost for Teaching and Student Success-ке бағынатын болады.
- Academic Advising Unit-тің Academic Success Center құрамына кіруінің мүмкіндігі бар, бірақ өзінің дербес бөлім мәртебесін сақтайды. Ол Office of the Registrar-дан шығып, Associate Provost for Teaching and Student Success-ке бағынатын болады.
- Office of Graduate Studies екі жеке құрылымға бөлінеді. Бұрын хабарланған Doctoral Institute-тан басқа, Office of Master’s Programs пайда болады деген жоспарлар бар. Осыған байланысты Associate Provost for Doctoral Studies деген жаңа лауазым құрылды және бұл орынға ие болған — Prof. Shazim Ali Memon. Ол бұрынғы Associate Provost for Graduate Studies Dr. Luis Rojas-Solórzano-ның орнына келмекші.

Реформаларды жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс топтары құрылады. Академиялық және әкімшілік Task Forces қайта құрылған мектептердегі өтпелі кезеңге, оның ішінде оқу бағдарламалары, кадрлар, қаржы, IT жүйелер және басқа да ұйымдық өзгерістерге жауапты болмақшы.
7810012
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 12 мау., 20:28

Video
🎓 GraNUation 2026

Бүгін НУ-да диплом табыстау рәсімі өтіп жатыр және біз оның негізгі сәттерін сіздерге таныстырып отырмыз:

Рәсім барысында университет жұмысын аяқтап жатқан екі қызметкермен қоштасты. Олар 2022 жылдан бері Associate Provost for Graduate Studies қызметін атқарған Luis Rojas-Solórzano және 2018 жылдан бері General Director of the Center of Preparatory Studies болған Robert Dobler.

Қонақ ретінде Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша бітіру салтанатында NU Choir өнер көрсетті, ал кейін хэдлайнер ретінде сахнаға Alem шықты.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек рәсімге жеке өзі қатыса алмады, бірақ түлектерге құттықтау мен ақыл-кеңесін білдіретін бейнеүндеу жазды.

Graduation рәсімінде алғаш рет Назарбаев Университетінің жаңа әнұраны шырқалды.

Class of 2026-ны осындай есте қалатын сәтпен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа биіктерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! 🎉
7320022
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 05 мау., 20:48

Photo1/6
НУ-дың спорттық командалары Students Sport League жарысында университеттің атағын лайықты дәрежеде қорғады 🏆

Биыл университеттің намысын әйелдер волейбол командасы, шахмат командасы, ерлер мен әйелдердің баскетбол құрамалары, сондай-ақ әйелдер футзал командасы қорғады.

Әйелдер футзал командасы бүкіл Қазақстан бойынша 11 команданың ішінде екінші орынға ие болды, сонымен қатар әйелдер баскетбол құрамасы да артта қалмай, университетке күміс жүлде әкелді.

Chess Club та айтарлықтай табыстарға жетті. Спортшылар лига финалына шығып, төрт жеке медаль жеңіп алды:
🥇 1 алтын,
🥈 1 күміс,
🥉 2 қола.

Қатысушылар мен жаттықтырушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз және еліміз бен одан тыс жерлердегі спорт алаңдарында жаңа жеңістер тілейміз ⚡️
8160034
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

Димаштың НУ-ға сапары қытайлық телеарнада көрсетілді

https://t.me/nukazgpt1 әнші Димаш Құдайберген мен басқа да әртістер Hunan TV қытай телеарнасындағы Voice Beyond Horizon шоуының эпизодын түсіру үшін Назарбаев Университетіне келді. НУ кампусы шоудың https://youtu.be/AJSbROw8tDU?t=780.

Біздің университетке қатысты үзіндінің бірінші сегменті 13-минуттан басталып, 26-минутқа дейін созылса, екінші сегментті 42 - 45-минуттар арасында және эпизодтың ең соңында тамашалай аласыздар. Эпизод барысында Димаш пен қонақтарды Студенттік үкіметтің президенті Балғын Оразалы қарсы алады. Сонымен қатар әнші NU Choir, NU Vocal Club және «Kiye» Qazaq Dance Club өкілдерімен тілдеседі.

Осы эпизодтан бөлек, біз НУ-ды келесі, қорытынды эпизодта көреміз деп күтеміз.
Video Thumbnail
727000
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

Бүгін сағат 19:00-де Назарбаев Университетінің студенттік клубтар арасында ең асыға күтілетін оқиғалардың бірі — жыл сайынғы Student Awards рәсімі басталады.

Студенттердің үміткерлерге сағат 17:00-ге дейін дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.

Рәсімдегі хабарландырулармен қатар, NU York Times жеңімпаздардың есімдерін жариялайды. Барлығын бірінші болып білу үшін сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін арнаны бақылап отырыңыздар.
744000
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

НУ-ды қайта құрылымдауға қатысты екінші ашық хат. Атап айтқанда, оның авторларының басымы— Writing Center тьюторлары.

In this letter, we outline three main concerns. First, we explain what is being lost with the discontinuation of the Writing Center as an academic structure that has supported teaching, research, and student development across the University. Second, we address the assumption that writing support can be reduced or reframed as remedial, and why this does not reflect how writing functions in an English-medium academic environment such as NU. Finally, we consider the broader implications of these changes for students, faculty, and the University’s ability to maintain its academic standards.

Бұл хатта авторлар Writing Center-дің оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етудегі рөлін, әсіресе гуманитарлық емес бағыттағы студенттер үшін маңызын түсіндіреді.

The previous Writing Center model relied on 32 faculty members who contributed across multiple areas of the University’s academic life:
• teaching a variety of Writing and Communication courses,
• training Writing Fellows who have constituted the majority of the undergraduate tutors in the past 4 years,
• providing individual consultations, with an extensive focus on helping students prepare competitive graduate application essays,
• organizing academic, creative writing and motivation letter workshops,
teaching and supporting graduate-level writing,
• supervising undergraduate capstone projects and graduate theses in literature and linguistics, which accounts for approximately 25% of LLL capstone projects this year.

Хаттың толық нұсқасымен https://docs.google.com/document/d/e/2PACX-1vSVA87l0hFFQhO6O_zWlWFmEszZK5tBonj1rRPfYt38EfXQQUqpGFM1RqcO7jVbsonXrrpErBKnq2Iv/pub танысуға болады. Ал қол қоюды https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfJYQf5d7i9nbWO0fsFS_-SJlKOEqjBlh9ijd45OCNwlS4K9A/viewform электронды түрде жүзеге асыруға болады.
804000
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

Өтпелі кезеңдегі жаңа декандар

Профессор Риккардо Пелиццо Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (GSPP) жаңа деканы https://www.linkedin.com/posts/nazarbayev-university-graduate-school-of-public-policy_congratulations-to-professor-riccardo-pelizzo-activity-7450075833739845632-x_4m/. Ол бұған дейін доктор Вэнг Тат Хуэй қызметтен кеткеннен кейін шамамен бір жыл бойы мектеп басшысының міндетін атқарған.

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің (SSH) деканы Гонзало Хортелано биыл шілде айында қызметінен кетеді. Оның орнына алмастыратын адам https://jobs.smartrecruiters.com/NazarbayevUniversity1/744000120859400-dean-school-of-sciences-and-humanities-ssh-, бірақ болашақ деканның қызметі жаңа құрылымға біркелкі көшуді қамтамасыз ету үшін тек бір жыл мерзімге ғана жоспарланғанын хабарлаймыз.

Жоғарыдағы сілтемеде көрсетілген бос жұмыс орнынан университеттің болашақ Инженерия мектебіне (SoE) жаңа декан іздеп жатқаны да белгілі болды. Жаңа басшы қазіргі декан Елизавета Архангельскиді алмастырады деп болжаймыз.
716000
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

Photo
NU Orchestra-ның кампустан тыс жердегі дебюті туралы республикалық БАҚ хабарлады

https://www.zakon.kz/kultura-shoubiz/6514460-kontsert-studencheskogo-orkestra-NU-sobral-1500-chelovek.html және https://www.nur.kz/society/2365467-polnyy-anshlag-koncert-studencheskogo-orkestra-nu-sobral-1500-chelovek/ сайттарында тиісті жарияланымдар жарық көрді.

Өткен жексенбі күні NU Orchestra алғаш рет кампустан тыс жерде — елорданың басты сахналарының бірі саналатын Бейбітшілік және келісім сарайында ауқымды жеке концертін өткізді. Іс-шараға 1 500 көрермен жиналды.

«Around the World» концерттік бағдарламасы екі сағаттан астам уақытқа созылды. Бұл кеште 13 елдің мәдениетін таныстыратын 24 шығарма орындалды.

Президент Вакар Ахмад пен басқа да қонақтар концерттің деңгейін жоғары бағалады.

NU Orchestra мен басқа да клубтардың бұдан әрі де дами беруіне тілектеспіз!

Сондай-ақ алдағы XIII Annual Student Awards рәсімі туралы еске салғымыз келеді. Өткен жылдағыдай, біз жеңімпаздарды жазбаша тікелей эфир режимінде жариялайтын боламыз. Кандидаттардың материалдарын ұсынғаны үшін NU Student Awards Committee ұжымына мың алғыс.
644000
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

Осы аптаның сәрсенбі күні Daily Cup аймағында сағат 12:30-дан 18:00-ге дейін ашық хатқа қол қоюға болады.

Сондай-ақ бізге Writing Center нұсқаушыларына termination papers қол қоюға ұсыныла бастағаны жайлы хабар берілді. Бұл қағаз жұмыс берушінің бастамасымен алдағы уақытта еңбек қатынастарын бұзу туралы ресми хабарлама болуы әбден мүмкін.

Ағымдағы жағдай бойынша НУ өкілдері берген ресми ақпаратты жариялаймыз (түпнұсқасы осы тілде ұсынылғандықтан, орыс тілінде):
Университет проходит реструктуризацию: утверждена новая организационная структура, в рамках которой Writing Center будет преобразован в Academic Success Center. Решения приняты уполномоченными органами управления — Попечительским и Управляющим советами.

Все процессы реализуются централизованно и строго в рамках принятых решений и требований трудового законодательства. Сотрудники уведомлены заблаговременно — за 3 месяца при минимально установленном Трудовым кодексом и трудовыми договорами сроке в 1 месяц. Новая организационная структура и штатное расписание вступят в силу с 3 августа.

Университет обеспечивает выполнение всех обязательств перед работниками: все предусмотренные контрактами выплаты будут произведены в полном объёме. При этом действующие сотрудники имеют возможность участвовать во внутренних конкурсах на открывающиеся позиции, и в случае успешного прохождения их трудовые отношения с университетом будут продолжены.

Процесс выстроен максимально корректно, с учетом положений конфиденциальности трудовых отношений между Университетом и работниками, прозрачно и с учётом интересов всех сторон, что минимизирует риски и исключает основания для некорректных интерпретаций.
686000
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

Боттар тарапынан негативті реакциялардың көбеюіне байланысты, біз каналда реакция қою мүмкіндігін уақытша шектеуге мәжбүрміз
926000
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

Назарбаев Университеті Татарстан Республикасынан келетін студенттерге оқу гранттарын ұсынуды жоспарлап отыр. Биылдың өзінде республикадан үш студент білім алады деп күтілуде.

Гранттар білім берудің барлық негізгі деңгейлерін қамтиды: бакалавриат, магистратура және докторантура.

Сонымен қатар, Татарстан Үкіметі мен Назарбаев Университеті білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуді қарастыруда. Атап айтқанда, студенттер алмасу бағдарламаларын дамыту, ғалымдардың халықаралық іс-шараларға қатысуын қолдау және халықаралық стандартталған тестілерді ұйымдастыру мәселелері талқылануда.

Бұдан бөлек, Иннополис Университетімен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.
1,2500085
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 24 мам., 22:49

SSH қайта ұйымдастыру хроникасы

https://t.me/nukazgpt1

Бүгін Тарих, философия және дін кафедрасы (HPRS) мен Тілдер, лингвистика және әдебиеттер кафедрасының (LLL) профессорлары екі бөлімшенің жоспарланған бірігуі туралы хабарландырылды. Профессорлар жұмыс орындарын сақтап қалады және олардың келісімшарттары өзгермейді. Жаңа кафедра әзірге бөлек бакалавриат бағдарламаларын сақтайды; алайда біз болашақта олар бірігуі мүмкін деп болжаймыз.

Сондай-ақ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіндегі (SSH) бағыттардың басқа мектептерге ауқымды ауысуы мен бөлінуі туралы қауесеттер таралуда. Алайда ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты біз әзірге егжей-тегжейлі мәліметтерден тартына тұрамыз.

Writing Center (WCP) нұсқаушылардың келісімшарттары мерзімінен бұрын тоқтатылуы қауесет емес. Департаменттің барлық қызметкерлері жұмыстан шығарылатыны туралы бір күн бұрын хабарланды, ал келісімшарттың аяқталу күні тамыз айына белгіленген.

Бізге белгілі болғандай, жұмыстан шығарылғандардың ешқайсысына әзірге Academic Success Center (ASC, WCP-дің жаңа баламасы) туралы ақпарат – еңбек жағдайлары туралы да, бұл орталықта қысқартылған WCP қызметкерлеріне арнайы бөлінген орындардың болатын-болмайтыны туралы да хабарланбаған. Болжам бойынша, оған ең жақсы жағдайда нұсқаушылардың бір бөлігі ғана ауысады.

Университеттерде жұмысқа қабылдау циклі әдетте күзде басталып, наурыз-сәуір айларында аяқталатынын ескерсек, жаңа орталықта жұмыс істеуге келіспеген нұсқаушылар кем дегенде бір жыл жұмыссыз қалуы әбден мүмкін.

Ертең біз әкімшілікпен өтетін таун-холлға бақылаушы ретінде шақырылған Студенттік үкіметтен толық мәліметтерді естиміз деп күтеміз. Бізге сондай-ақ Назарбаев Университетінің құрылымындағы күрт өзгерістерге қарсы дайындалып жатқан ашық хат туралы да белгілі.
1,23000102
NU Yurt Times logo
NU Yurt Times

2026 ж. 21 мам., 17:23

Photo1/2
Назарбаев Университетінің түлегі жоғары мемлекеттік лауазымға тағайындалды

Әділ Құсманов — Назарбаев Университетінің 2017 жылғы математика мамандығы және экономика бойынша майнор бағдарламасының түлегі — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында Оксфорд университетінде магистр дәрежесін алған. Бұған дейін Әділ Құсманов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Халықаралық бағдарламалар орталығын басқарған.

Айта кетейік, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі және 2024 жылғы жағдай бойынша Назарбаев Университеті Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.
8760039

Showing 30 of 31 posts

Рейтинг

Кіру қажет

Frequently Asked Questions

NU Yurt Times Telegram арнасы не туралы?+

NU Yurt Times (@nuyurttimes) — tgdio сайтында Әлемдік жаңалықтар санатындағы Telegram арнасы. Рейтинг, пікірлер, ранг және соңғы посттарды қарап, жазылмас бұрын шешіңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 596 жазылушы бар.

NU Yurt Times (@nuyurttimes) арнасына Telegram-да қалай қосылуға болады?+

tgdio сайтында арна профилін ашып, Join / Open in Telegram арқылы @nuyurttimes арнасына тегін жазылыңыз.

NU Yurt Times жақсы Әлемдік жаңалықтар арнасы ма?+

tgdio сайтында қосылмас бұрын NU Yurt Times рейтингін, пікірлерін, рангін және посттарын тексеріңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 596 жазылушы бар. ұқсас Әлемдік жаңалықтар арналарымен салыстырыңыз.

NU Yurt Times статистикасы мен посттарды қайдан көруге болады?+

tgdio сайтында @nuyurttimes бетін ашыңыз: жазылушылар статистикасы, ранг, рейтинг және посттар. Stats сілтемесі өсу графигін көрсетеді.