Жаңалықтар - Stan.kz Telegram channel photo

Жаңалықтар - Stan.kz

@stankznewsPublic Channel

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

436

Last views

15.6k (15,636 subscribers)
Мүшелер
—
Rating
32
Total Posts
Oct 18, 2026, 6:09 PM
Жаңартылған
Aug 3, 2026
Created
Stats

Сіз қазақ тіліндегі контентті көріп отырсыз. Басқа тілдегі контентті көру үшін сайт тілін өзгертіңіз.

Channel Information

Channel Information
Channel NameЖаңалықтар - Stan.kz
Username@stankznews
CategoryӘлемдік жаңалықтар
Languageқазақ тілі
CountryҚазақстан
Мүшелер15,636
Channel TypePublic Channel
Created2026 ж. 3 там.
Last Updated2026 ж. 18 қаз. • 4 күн бұрын
StatusActive

Рейтинг

Жалпы рейтинг
#388376-825
Тіл бойынша рейтинг
#415-2
Санат бойынша рейтинг
#3197-12

Жазылушылардың өсуі

Барлығы: 15.6K30 Days growth: -4262.7%
09/1909/2409/2910/0410/0910/1410/18
Жазылушылардың өсуі - 30 Days
DateSubscribers
19:09:202616,062
20:09:202616,062
21:09:202615,961
22:09:202615,961
23:09:202615,961
24:09:202615,961
25:09:202615,961
26:09:202615,961
27:09:202615,961
28:09:202615,961
29:09:202615,961
30:09:202615,961
01:10:202615,961
02:10:202615,961
03:10:202615,961
04:10:202615,961
05:10:202615,961
06:10:202615,961
07:10:202615,961
08:10:202615,961
09:10:202615,961
10:10:202615,961
11:10:202615,961
12:10:202615,961
13:10:202615,961
14:10:202615,961
15:10:202615,961
16:10:202615,961
17:10:202615,961
18:10:202615,636
Жазылушылардың өсуі - Weekly
DateSubscribers
Week of 03:08:202616,141
Week of 10:08:202616,141
Week of 17:08:202616,141
Week of 24:08:202616,282
Week of 31:08:202616,147
Week of 07:09:202616,062
Week of 14:09:202616,062
Week of 21:09:202615,961
Week of 28:09:202615,961
Week of 05:10:202615,961
Week of 12:10:202615,636
Жазылушылардың өсуі - Monthly
DateSubscribers
August 202616,282
September 202615,961
October 202615,636
Жазылушылардың өсуі - Yearly
DateSubscribers
202615,636

Top 10 posts

Most viewed posts from this channel

By views
  1. #1Елде есірткі сақтағандарды түрмеге жаппау ұсынылды1.2K
  2. #2⚡️️️️ Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды 144 депутат оның кандидату1.2K
  3. #3Түркістан қаласында өгей әке келіні мен ұлын өлтірді деп күдікке ілінд1.1K
  4. #4💔🥀 21 жастағы қыздың денесі ерлер дәретханасынан табылды1.1K
  5. #5Петропавлдағы емханада ер адам дәрігерді ұрып жіберген1.1K
  6. #6Маңғыстауда бір топ жасөспірім оқушы қызды тізерлетіп сабаған1.1K
  7. #7📲Қазақстандықтар телефондарды тіркеу кезінде биометриялық сәйкестенді1.1K
  8. #8🇰🇿🌐 Демалыс күндері елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды996
  9. #9Қазақстандық 50 миллион теңге алу үшін әйелімен ажырасып, төрт баласы 987
  10. #10Депутат Айжан Аймағанова елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық965

Соңғы посттар

Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 23:16

⚡ Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді: Тоқаев әскери реформаны мақұлдады

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті өтеу тәртібі өзгереді. Алғашқы алты айда сарбаздар арнайы орталықтарда әскери дайындықтан өтсе, келесі алты айда әскери бөлімдерде қызмет етеді.

Әскерде не өзгереді?
▪️ Әскери басқару жүйесі қайта қаралып, армия құрылымы жаңартылады.
▪️ Ұшқышсыз жүйелердің жеке әскері құрылады.
▪️ Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау үшін уәкіл лауазымы енгізіліп, әскери кеңесшілер институты құрылады.
▪️ Әскердегі жарғыға қайшы қарым-қатынастар мен тәртіп бұзушылықтарға қарсы күрес күшейтіледі.
▪️ Арнайы әскери мектептер ашылып, “Жас айбын” әскери-патриоттық даярлық жүйесі дамытылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында армияға жекелеген өзгерістер емес, кешенді реформа қажет екенін атап өтті.
Алғашқы ұйымдастырушылық өзгерістерді 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланған. Ал реформаның негізгі шаралары 2027 жылы қолға алынбақ.

Сонымен қатар Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеруді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Реформаның орындалуын Үкімет пен Қауіпсіздік кеңесі бақылайды.

t.me/stankznews
436007
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 20:40

Қазақстандықтар зейнет жасына жетпей зейнетақы ала алады

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді.

2026 жылы аннуитет рәсімдеуге қойылатын жас талаптары:

- Ерлер – 55 жастан бастап;
- Әйелдер – 53 жастан бастап;
- Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде 60 ай төленген азаматтар – 50 жастан бастап.

Кейінге қалдырылған аннуитетті 45 жастан, ал тиісті кәсіптік жарналары бар азаматтар 40 жастан бастап рәсімдей алады. Бұл жағдайда төлемдер келісімшартта белгіленген уақытта басталады.

Аннуитет бойынша төлемдер жыл сайын кемінде 8%-ға индекстеледі. Төлем алу үшін зейнетақы жинағында жеткілікті қаражат болуы қажет.

❗️Зейнетақы аннуитеті мемлекеттік зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік бермейді.

t.me/stankznews
672005
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 19:00

Қазақстандық банктерге борышкерлердің шотындағы соңғы ақшасын шешіп алуға тыйым салынды

Қазақстанда 21 қазаннан бастап мерзімі өткен несие берешегін өндіріп алу кезінде банктер борышкердің шотында кемінде 101 702 теңге қалдыруға міндетті.

Сонымен қатар, банк шоттағы ақшаның 50 пайызынан астамын есептен шығара алмайды.

Мысалы, шотта 150 мың теңге болса, банк ең көбі 48 298 теңгені ғана өндіріп ала алады.
Алайда бұл талап банк төлем талабы арқылы берешекті өндірген жағдайда қолданылады.

Егер ақшаны сот орындаушысы инкассалық өкім арқылы өндірсе, борышкердің шотындағы қаражат толық есептен шығарылуы мүмкін.

t.me/stankznews
7600011
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 18:44

Video
СҚО-да қоныс аударушыларға арнап салынған үйлер сүріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік өңірлерден қоныс аударғандарға арнап бірнеше жыл бұрын салынған үйлер бұзып жатыр.

Желідегі видеода Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының тұрғыны Қадыралина көшесіндегі жағдайды көрсетіп, қираған ғимараттардың орнында қалған қоқысқа шағымданған.

Белгілі болғандай, үйлер құрылысы аяқталғаннан кейін көп ұзамай апатты деп танылған. Мәліметке сәйкес, содан бері оларда ешкім тұрмаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кейбір қоныс аударушылар өңірге келіп, баспана алғанымен, арнайы салынған үйлерге қоныстанбаған.

Сондай-ақ баспана беруді сұраған жергілікті тұрғындарға да бұл үйлер ұсынылмаған.

t.me/stankznews
750004
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 17:45

Photo1/16
🇰🇿🥇Қазақстандық параспортшылар алтын медальдар рекордын жаңартты

Жапонияда өтіп жатқан V Пара Азия ойындарында ел құрамасы үш күнде 10 алтын медаль жеңіп алды.

Қазір спортшылардың қоржынында 32 жүлде бар: 10 алтын, 10 күміс және 12 қола.

Жарыс 24 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 150 спортшы қатысып жатыр.

Бұған дейін рекорд 2023 жылы Ханчжоуда орнатылған еді. Ол кезде спортшыларымыз 8 алтын медаль жеңіп алған.

t.me/stankznews
7610010
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 17:14

Video
Депутат коммуналдық төлемге қанша жұмсайды?

Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай елордада мемлекет берген үш бөлмелі қызметтік пәтерде тұрады. Себебі Астанада өзінің жеке баспанасы жоқ екен.

Ол қыста коммуналдық қызметтер, интернет пен автотұрақ үшін айына 45-60 мың теңге төлейтінін айтты.

Ал сіз коммуналдық қызметке қанша ақы төлейсіз? 🤔

ВИДЕО: Sputnik

t.me/stankznews
748006
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 16:36

Video
Елден 45 миллиард теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылған

Бұл жағдай Маңғыстау облысында болған.

Тергеу мәліметінше, кәсіпкер мұнайды шағын зауыттарда өңдеп, жалған құжаттар арқылы өнімді пеш отыны ретінде рәсімдеген. Кейін оны Ақтау порты арқылы танкермен шетелге жөнелткен.

🔶 2019–2023 жылдары шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі шығарылған;
🔶 Заңсыз операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 миллиард теңгеге бағаланған;
🔶 Схемаға қатысқан бес адам сегіз жылға сотталған;
🔶 Олардың мүлкі тәркіленіп, мемлекет кірісіне 2 миллиард теңгеден астам қаражат өндірілген.

Ал схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам халықаралық іздеуде жүр.

t.me/stankznews
799004
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 15:58

Video
Шакираның көзілдірігі үшін 25 мың доллар ұсынған

Бұл тараздық 22 жастағы Назифат. Ол Бішкекте өткен Шакираның концертінде әншінің көзілдірігін қағып алған. Кейін оған аксессуар үшін басқалар 25 мың доллар (11,2 миллион теңге) ұсынған. Тіпті тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағандар да болыпты.

Алайда Назифат көзілдірікті сатуды жоспарлап отырған жоқ. Ол көзілдірікті өзім қолданамын, дейді.

t.me/stankznews
8250023
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 14:57

Video
💔🥀 24 жастағы жұмысшы қаза тапты

Қайғылы жағдай кеше Ақтөбе облысында шахтада бекітпе орнату кезінде болған. Тау жыныстары опырылып, жұмысшы ауыр жарақаттан көз жұмған.

Полиция тау-кен жұмыстарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

t.me/stankznews
894009
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 13:45

Video
Депутат Айжан Аймағанова елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық әлі де тыйылмай тұрғанын жеткізді.

Осыған орай ол қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қауіпті ертерек анықтап, полицияның дер кезінде әрекет етуіне мүмкіндік беретін электрондық бақылау жүйесін енгізуді ұсынды.

t.me/stankznews
9650012
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 12:57

Video
❓2027 жылдан бастап қандай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек берілмейді

Үкімет атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа ережелерін бекітті.

🔶 Төлем мөлшері отбасының табысы мен өңірде белгіленген кедейлік шегіне қарай есептеледі;

🔶 Шартсыз ақшалай көмекті зейнеткерлер, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, екі айдан аса еңбекке жарамсыз азаматтар ала алады;

🔶 Еңбекке жарамды адамы жоқ отбасыларға да көмек беріледі;

🔶 Отбасындағы жалғыз еңбекке қабілетті адам балаға немесе күтімді қажет ететін туысына қарайтын болса, олар да көмек ала алады;

🔶 Шартты ақшалай көмек алу үшін әлеуметтік келісімшарт жасау қажет болады.

Жаңа ережелер 2027 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

t.me/stankznews
943007
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 21 қаз., 12:45

Video
Печеньеге есірткі қосып сатқан...

Астанада есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен анықталды. Дүкендегі тауарлар арасында каннабис шайырынан жасалған салмасы бар печенье де болған. Полицейлер әрқайсының салмағы 100 грамм болатын 238 печенье тәркіледі.

Тергеу барысында жалдамалы пәтерден 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Күдіктілердің үйін тінту кезінде шамамен 12 келі түрлі есірткі заты және басқа да айғақтар табылған.

Қазір тергеу басталып, күдіктілер қамауға алынды.

t.me/stankznews
9220017
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

Photo
🌿 Қоршаудың сыртындағы шөп үшін де айыппұл салынып жатыр!

Қазақстанда жеке үй иелері енді қоршаудан тыс 5 метр аумақтағы тазалыққа жауап береді. Шөпті уақтылы шаппаса, 86,5 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Қайталанса 130 мың теңгеге жуық.

Ал қызығы заңда шөптің нақты биіктігі көрсетілмеген. Полицияның түсіндіруінше, шөп тізеден жоғары болмауы керек.
9110015
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

🇰🇿🌐 Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды

🔶 Непалда қатты су тасқынынан кейін https://stan.kz/nepalda-qatty-su-tasqynynan-keiin-eki-qazaqstandyq-aiel-zogalyp-ketti-438929

🔶 Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді, десе де https://stan.kz/toqaev-ukimetti-taratty-438933

🔶 Бүгін Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтті, Тоқаев сөз сөйлеп, тарихты тағы да тілге тиек етті, ол https://stan.kz/tarix-okpe-renispen-emes-ult-muddesin-kozdegen-synaiy-kozqaraspen-zazy-438936 екенін айтты, оған қоса президент https://stan.kz/toqaev-buu-qyzmetin-synga-aldy-438938/ айтты, сосын https://stan.kz/ondy-soldy-zumsalmaidy-toqaev-ulttyq-qordan-qarazat-ne-usin-alynatynyn-438937түсіндірді, https://stan.kz/toqaev-qazaqstanga-altyn-vizany-engizudi-tapsyrdy-438942 тапсырды

🔶 Кейін Құрылтай отырысы өтіп, https://stan.kz/quryltai-deputattarynyn-ant-beru-rasimi-bastaldy-438948жасырын дауыс беру арқылы https://stan.kz/aibek-dadebai-quryltai-toragasy-bolyp-sailandy-438955 болып сайланды

🔶 Ішкі істер министрлігі https://stan.kz/iski-ister-ministrligi-esirtkini-saqtagan-qazaqstandyqtardy-turmege-za-438922/ ұсынды, қазір құжат талқылауда
930002
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

Photo
Қазақстандық 50 миллион теңге алу үшін әйелімен ажырасып, төрт баласы бар жеңгесіне үйленген

Ақтөбеде мемлекеттен қомақты тұрғын үй төлемін алу үшін көпбалалы әйелмен жалған некеге тұрған әскери қызметкер сотталды. Тергеу дерегінше, ол жаңа "отбасының" құрамына әйелдің төрт баласын қосып, 50 миллион теңгеден астам төлем алған. Кейін әйелмен ажырасып, бұрынғы жұбайымен қайта некелескен.


Толығырақ https://stan.kz/podpolkovnik-50-million-tenge-alu-usin-aielimen-azyrasyp-tort-balasy-b-438910/ оқи аласыз!
9870014
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

Петропавлдағы емханада ер адам дәрігерді ұрып жіберген

Оқиға 17 тамыз күні болған.

Полицияның мәліметінше, 51 жастағы ер адам қабылдауға келіп, дәрігермен сөзге келіп қалған. Дәрігер ескерту жасағаннан кейін науқас агрессивті әрекет танытып, оның бетіне соққы жасаған.

Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
1,120009
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

Video
Түркістан қаласында өгей әке келіні мен ұлын өлтірді деп күдікке ілінді

Жантүршігерлік оқиға қарияның үйінде болған. Зейнеткер қолы қанға боялған соң полицияға өзі берілген дейді көршілері.

Қылмыс болған үйде бұған дейін ерлі-зайыпты қариялар тұрған екен. Соңғы бес айда әйелі төсекке таңылып, жанында жолдасы болды дейді көршілері.

Науқас жары ақыры ажал құшып, онымен қоштасуға Қызылордадағы ұлы мен келіні келген екен. Жанжалдың бәрі жерлеуден соң басталған дейді тұрғындар.

Көршілерінің сөзінше, ашуға булыққан қария өгей ұлы мен келініне пышақ сұққан. Содан кейін полицияға хабарласып, өз кінәсін мойындапты. Ал, ерлі-зайыптылардың демі жедел-жәрдем келгенше үзілген көрінеді.

Куәгерлер қарияны полицейлер қамауға алып кеткенін де көріпті. Қанды оқиғаға қатысты полиция әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ. Сондықтан қайғылы оқиғаның жай-жапсары белгісіз.
1,1500012
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

📲Қазақстандықтар телефондарды тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіруден өтуге міндеттелмек

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі "Ашық НҚА" порталында міндетті биометриялық сәйкестендіруді енгізу туралы жаңа заң жобасын жариялады.

Жобаға сәйкес, енді Қазақстанда телефон сатып алған кезде құрылғы туралы ақпаратпен қатар, оны пайдаланатын немесе иеленетін адамның жеке мәліметтерін де растау қажет болады.

Жобада өтініш берушілер мен байланыс қызметтерін алғаш пайдаланушыларды биометриялық сәкестендіруден өткізу қарастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік дерекқорлармен ақпарат алмасуды автоматты түрде жүзеге асыру жоспарланған.

Бұл ретте өтініш берушілердің биометриялық сәйкестендіруден нақты қалай және қандай жағдайларда өтетіні құжатта нақтыланбаған.
1,070008
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

Video
Маңғыстауда бір топ жасөспірім оқушы қызды тізерлетіп сабаған

Оқиғаның видеосы желіде тараған.

Полиция жанжалға қатысқандардың барлығы анықталып, бөлімшеге жеткізілгенін айтты. Ата-аналар балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдер профилактикалық есепке алынған.
1,0900016
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

Photo
💔🥀 21 жастағы қыздың денесі ерлер дәретханасынан табылды

Қайғылы жағдай Алматы облысы Ұзынағаш ауылында болған. 21 жастағы Диана Сансызбайдың денесі 29 маусымда дүкен жанындағы ерлер дәретханасынан табылған.

Марқұмның анасы қызының денесін қандай күйде тапқанын айтты. Оның сөзінше, қызының үстінде тек іш киім, шашы алба-жұлба, арасы шөп-шалаңға толы болған. Мойны бір жағына қисайып, бұрылмай қалған. Жауырыны мен арқасында дөңгелек пішінді көкпеңбек іздер, бір қолы мен белінен төмен қарай көгерген жерлер болған.

Оған қоса қыздың мойнындағы алқасы мен 100 мың теңгесі жоғалған. Сөмкесі мен телефоны басқа жерден табылған.

Анасының сөзінше, оқиғаға қатысты күмәнді жайттар бар. Сол түні дәретханаға барған қыздардың бірі сол маңда бірнеше жігіттің айғайлап, күліп отырғанын айтқан. Сол себепті марқұмның туыстары оқиға орнында басқа адамдар болған деп күдіктенеді.

Полиция "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда анасы қызының өзіне қол салғанына сенбейді.

Қазір тергеу жүріп жатыр.
1,1400024
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

Елде есірткі сақтағандарды түрмеге жаппау ұсынылды

Мұны Ішкі істер министрлігінің өзі ұсынды. Олар сату ниетінсіз есірткі заттарды заңсыз алып, сақтап, тасымалдағандарға қатысты қылмыстық жазаны әкімшілік жазаға ауыстыруды ұсынды.

Ұсыныс былай:

🔶 Аз мөлшерде сату ниеті жоқ есірткі заттарды алу, сақтау немесе тасымалдау үшін 30 АЕК (129 750 теңге) айыппұл салу немесе тәркілеумен 10 күнге дейін қамауға алу;

🔶 Өндіру немесе өңдеу үшін айыппұл 40 АЕК (173 000 теңге) айыппұл салу немесе жабдықтарды тәркілеумен бірге 15 күнге дейін қамауға алу;

🔶 Бір жыл ішінде қайталанған құқықбұзушылық 50 АЕК (216 250 теңге) айыппұл салуға немесе 20 күнге дейін қамауға алуға әкеп соғады.
1,1700024
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 30 там., 02:37

Photo
⚡️️️️ Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды 144 депутат оның кандидатурасын қолдады. Осылайша ол жасырын дауыс беруден кейін парламент төрағалығына кірісті. t.me/stankznews
1,1600016
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 03 там., 19:48

💔 Әскери бөлімнің 4-қабатынан сарбаз құлап кетті

Бұл оқиға Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Мерзімді әскери қызметкер терезеден құлап, жарақат алған. Ол оқиға орнынан бірден ауруханаға жеткізілген. Қазір оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Ведомство мәліметінше, сарбаз қызмет өткеру жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Бір күн бұрын ол ата-анасымен кездескен. Олардан да ешқандай шағым түспеген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызметтік тексеру тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
498007
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 03 там., 19:48

Video
Ер адам Бруклин көпіріне Қазақстанның туын іліп, өзенге секірді

Оқиға 2 тамыз күні күндіз Нью-Йоркте болған. 44 жастағы ер адам Манхэттен жағынан көпірдің солтүстік мұнарасына шамамен сағат 14:30-да көтерілген. Ол ілген тулардың арасында Қазақстанның мемлекеттік туы да болған. Оған қоса мұнарада жазуы анық оқылмайтын мата да болған.

Полиция ер адамды төмен түсіруге тырысқан. Алайда ол Ист-Ривер өзеніне секіріп кеткен. Желіде тараған видеодан ер адамның секірген сәтте арқасында сөмкесі болғанын көруге болады. Оның жанынан ешбір құжат табылмаған. Сондықтан оның кім екені, қай елден келгені және не себепті көпірге шыққаны әзірге белгісіз.
6530013
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 03 там., 19:48

Video
😍 Ультрамарафоншы тарихта алғаш болып Балтық теңізін жүзіп өтті

Ол польшалық Бартломей Кубковский. Ультрамарафоншы тарихта алғаш рет Балтық теңізін Швециядан Польшаға дейін жүзіп өтті.

Ол:

🔶 160 шақырымнан астам қашықтықта жүзді;

🔶 55 сағатқа жуық суда болды;

🔶 бір минут та ұйықтамады;

🔶 жанындағы қайыққа қол тигізбей, жарыс ережесін толық сақтады.

Мәреге небәрі 1,5 шақырым қалғанда спортшы қатты әлсіреп, командасына: «Бұдан әрі жүзуге күшім қалмады» деген. Алайда командасының қолдауынан соң бар күшін жинап, жағалауға жетті.

❤️‍🔥 Жүзу қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылды. Шара барысында онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен жастарға көмек көрсететін қорға 560 мың злотыйдан астам қаржы жиналды.
6820018
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 03 там., 19:48

Photo
Араға 70 жыл салып алғаш рет Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді

Үміт есімді аналық жолбарыс "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына жіберілді. Ал Амур атты аталық жолбарыс пен Тұран және Уссури есімді екі күшік әлі де дайындық кезеңінен өтіп жатыр.

Табиғи ортаға шығарылар алдында Үміт кешенді ветеринариялық тексеруден өтті. Мамандар оның денсаулығын, мінез-құлқын, аңшылық қабілетін және адамға реакциясын бағалады. Оған қоса жолбарысқа қозғалысын бақылайтын қарғыбау тағылды.
746008
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 03 там., 19:48

Photo
Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетень көрсетілді

Мұны Орталық сайлау комиссиясы көрсетті.

Қазір Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі өтіп жатыр. Ол 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады. Депутаттарды сайлау 23 тамыз өтеді.
855007
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 03 там., 19:48

Photo
Демалыста жүрген полицей өртенген пәтерден бес баланы құтқарды

Бұл жағдай Қарағандыда болған. Ал балаларды құтқарған азамат полиция полкінің аға инспекторы Дінмұхамет Сұлтан. Ол демалыстан үйіне қайтып келе жатып, көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы пәтер терезесінен қою түтін шығып жатқанын байқаған. Сосын дереу үйге кіріп, сегізінші қабатқа көтерілген. Қою түтінге оранған пәтерге кірген ол іште қорқып отырған бес баланы көріп, оларды қауіпсіз жерге алып шыққан.

Сосын пәтерге қайта кіріп, электр қуатын ажыратқан. Екі көршісімен бірге асүйдегі өртті сөндіруге кірісіп, өрт сөндірушілер келгенше жалынның таралуына жол бермеген.
8980025
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 03 там., 19:48

Video
Гидроциклмен су бетінде тайраңдаған

Бұл жағдай Маңғыстауда болған. Гидроцикл тізгіндеген жігіт демалушыларға кедергі келтірген.

Құтқарушылар демалыс базасына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде гидроцикл иесіне айыппұл салынды.
897009
Жаңалықтар - Stan.kz logo
Жаңалықтар - Stan.kz

2026 ж. 03 там., 19:48

Photo
АҚШ пен Иран бір-бірінің нысандарына қайта соққы жасап жатыр CENTCOM Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазын жапқаннан кейін Иран аумағындағы нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеді. "Бұл соққылардың мақсаты – Иранның Ормуз бұғазы арқылы…
9130014

Showing 30 of 32 posts

Рейтинг

Кіру қажет

Frequently Asked Questions

Жаңалықтар - Stan.kz Telegram арнасы не туралы?+

Жаңалықтар - Stan.kz (@stankznews) — tgdio сайтында Әлемдік жаңалықтар санатындағы Telegram арнасы. Рейтинг, пікірлер, ранг және соңғы посттарды қарап, жазылмас бұрын шешіңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 15 636 жазылушы бар.

Жаңалықтар - Stan.kz (@stankznews) арнасына Telegram-да қалай қосылуға болады?+

tgdio сайтында арна профилін ашып, Join / Open in Telegram арқылы @stankznews арнасына тегін жазылыңыз.

Жаңалықтар - Stan.kz жақсы Әлемдік жаңалықтар арнасы ма?+

tgdio сайтында қосылмас бұрын Жаңалықтар - Stan.kz рейтингін, пікірлерін, рангін және посттарын тексеріңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 15 636 жазылушы бар. ұқсас Әлемдік жаңалықтар арналарымен салыстырыңыз.

Жаңалықтар - Stan.kz статистикасы мен посттарды қайдан көруге болады?+

tgdio сайтында @stankznews бетін ашыңыз: жазылушылар статистикасы, ранг, рейтинг және посттар. Stats сілтемесі өсу графигін көрсетеді.