Қазақстанда мерзімді әскери қызметті өтеу тәртібі өзгереді. Алғашқы алты айда сарбаздар арнайы орталықтарда әскери дайындықтан өтсе, келесі алты айда әскери бөлімдерде қызмет етеді.
Әскерде не өзгереді?
▪️ Әскери басқару жүйесі қайта қаралып, армия құрылымы жаңартылады.
▪️ Ұшқышсыз жүйелердің жеке әскері құрылады.
▪️ Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау үшін уәкіл лауазымы енгізіліп, әскери кеңесшілер институты құрылады.
▪️ Әскердегі жарғыға қайшы қарым-қатынастар мен тәртіп бұзушылықтарға қарсы күрес күшейтіледі.
▪️ Арнайы әскери мектептер ашылып, “Жас айбын” әскери-патриоттық даярлық жүйесі дамытылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында армияға жекелеген өзгерістер емес, кешенді реформа қажет екенін атап өтті.
Алғашқы ұйымдастырушылық өзгерістерді 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланған. Ал реформаның негізгі шаралары 2027 жылы қолға алынбақ.
Сонымен қатар Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеруді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Реформаның орындалуын Үкімет пен Қауіпсіздік кеңесі бақылайды.
t.me/stankznews










