ZTB - QAZAQSTAN Telegram channel photo

ZTB - QAZAQSTAN

@ztb_qazaqPublic Channel

Қазақ тіліндегі жаңалықтар

260

Last views

13.6k (13,596 subscribers)
Мүшелер
—
Rating
84
Total Posts
Oct 14, 2026, 7:24 AM
Жаңартылған
Apr 4, 2026
Created
Stats

Сіз қазақ тіліндегі контентті көріп отырсыз. Басқа тілдегі контентті көру үшін сайт тілін өзгертіңіз.

Channel Information

Channel Information
Channel NameZTB - QAZAQSTAN
Username@ztb_qazaq
CategoryЖаңалықтар және газеттер
Languageқазақ тілі
CountryҚазақстан
Мүшелер13,596
Channel TypePublic Channel
Created2026 ж. 4 сәу.
Last Updated2026 ж. 14 қаз. • 10 күн бұрын
StatusActive

Рейтинг

Жалпы рейтинг
#25531+85
Тіл бойынша рейтинг
#28Өзгеріс жоқ
Санат бойынша рейтинг
#237-5

Жазылушылардың өсуі

Барлығы: 13.6K30 Days growth: +1.6K13.4%
09/1509/2009/2509/3010/0510/1010/14
Жазылушылардың өсуі - 30 Days
DateSubscribers
15:09:202611,985
16:09:202611,983
17:09:202611,983
18:09:202611,983
19:09:202611,983
20:09:202611,983
21:09:202611,983
22:09:202611,983
23:09:202611,983
24:09:202611,983
25:09:202611,983
26:09:202611,983
27:09:202611,983
28:09:202611,983
29:09:202611,983
30:09:202611,983
01:10:202611,983
02:10:202611,983
03:10:202611,983
04:10:202611,983
05:10:202611,983
06:10:202611,983
07:10:202611,983
08:10:202611,983
09:10:202611,983
10:10:202611,983
11:10:202611,983
12:10:202611,983
13:10:202611,983
14:10:202613,596
Жазылушылардың өсуі - Weekly
DateSubscribers
Week of 30:03:202613,269
Week of 06:04:202613,176
Week of 13:04:202613,176
Week of 20:04:202613,176
Week of 27:04:202612,942
Week of 04:05:202612,942
Week of 11:05:202612,772
Week of 18:05:202612,772
Week of 25:05:202612,772
Week of 01:06:202612,487
Week of 08:06:202612,487
Week of 15:06:202612,487
Week of 22:06:202612,487
Week of 29:06:202612,234
Week of 06:07:202612,234
Week of 13:07:202612,234
Week of 20:07:202612,043
Week of 27:07:202612,043
Week of 03:08:202611,986
Week of 10:08:202611,986
Week of 17:08:202612,024
Week of 24:08:202612,002
Week of 31:08:202612,002
Week of 07:09:202611,985
Week of 14:09:202611,983
Week of 21:09:202611,983
Week of 28:09:202611,983
Week of 05:10:202611,983
Week of 12:10:202613,596
Жазылушылардың өсуі - Monthly
DateSubscribers
April 202612,942
May 202612,772
June 202612,234
July 202612,043
August 202612,002
September 202611,983
October 202613,596
Жазылушылардың өсуі - Yearly
DateSubscribers
202613,596

Top 10 posts

Most viewed posts from this channel

By views
  1. #1👀Әл-Фарабиде адам өлімімен аяқталған апатқа полиция қызметкерлерінің 20.8K
  2. #2😳Астанада ер адам балалар алаңында жалаңаш жүгіріп, тұрғындарды шошыт2.4K
  3. #3😳Алаяқтар eGov атын жамылып, банк деректерін ұрлап жатыр1.9K
  4. #4👀Владимир Путин Украинада Пасха мерекесіне байланысты 1,5 күндік біті1.8K
  5. #5👀Елімізде ет бағасы бір жылда 18%-ға қымбаттады1.8K
  6. #6😳Қамалған қаңғыбас иттер енді босатылмайды, олар өлтіріледі1.7K
  7. #7👀Иран Ормуз бұғазын қайтадан жапты1.7K
  8. #8😳Алматыда курьер балалар арбасына дәрет сындырған1.7K
  9. #9😳Ақтауда 600 мыңнан астам оқырманы бар блогер алаяқтық күдігімен ұста1.7K
  10. #10😢Шымкентте 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады1.7K

Соңғы посттар

ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 23 қаз., 11:57

Video
👀«Мені Назарбаев құрта алмаған»: Ринат Зайыт Қорғаныс министрлігінде жаңа қызметке келді

Айтыскер ақын әрі бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы болып тағайындалды.

Ол жаңа қызметіне қазан айының басында, Маңғыстауда 14 сарбаздың қаза табуынан кейін кіріскен. Бұл туралы Ринат Зайыт Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Осы қазан айының басында жаңа Қорғаныс министрінің шақыртуымен Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа келдім. Бұл орталыққа әскери ансамбль, оркестр, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары кіреді. Жалпы, әскердегі және әскерге дейінгі жастардың патриоттық санасын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырумен айналысады. Мен өзім жаңа өзгерістерге қатысқанды жақсы көретін адаммын. Сондықтан бұл қызметке қуана-қуана келдім», - деді ол.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
2600011
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 23 қаз., 10:54

Video
😳Ақмола облысында әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді

Ақмола облысында 77 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен Степногорск қаласының екі тұрғыны - әкесі мен ұлы ұсталды. Мал иесіне келтірілген шығын 25 млн 450 мың теңгеге бағаланған.

Жылқылардың жоғалғаны туралы арыз полицияға биыл мамыр айында түскен. Мал Ерейментау ауданындағы ауылдардың бірінің маңында еркін жайылымда жүрген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше ай бойы іздестіру жұмыстары жүргізілген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер көктемде жылқыларды көлікпен Степногорск қаласына жеткізіп, қала сыртындағы қораларда ұстаған. Кейін малды біртіндеп сатқан деген күдік бар.

Күдіктілер ұсталғаннан кейін 40-тан астам жылқы иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта әкесі мен баласы қамауда отыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмай, жайылымдарды тұрақты тексеріп отыруды ескертті.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
472009
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 23 қаз., 10:07

Photo1/2
😍Қазақстан паспорты Орталық Азияда көш бастады: әлемдік рейтингте 66-орын

Қазақстан паспорты әлемдегі ең мықты төлқұжаттар рейтингінде 66-орынға жайғасты. Бұл - Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Рейтингті Henley & Partners компаниясы жариялады.

Рейтингте төлқұжат иелерінің алдын ала виза рәсімдемей бара алатын елдерінің саны ескеріледі. Бұл көрсеткіш азаматтардың халықаралық деңгейде еркін жүріп-тұру мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Таиландпен бірге 66-орынға тұрақтаған. Ал көрші елдердің көрсеткіштері төмендегідей:

🔺Қырғызстан - 81-орын;
🔺Өзбекстан - 82-орын;
🔺Тәжікстан - 87-орын;
🔺Түрікменстан - 93-орын.

Рейтингте Сингапур паспорты бірінші орынға шықты. Жапония, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктері екінші орынды бөлісті. Швеция үздік үштікке енді. Ұлыбритания алтыншы, ал АҚШ оныншы орынға жайғасты.

Айта кетейік, бұған дейін Passport Reports рейтингінде Қазақстан паспорты 102-орынға қойылған еді. 2026 жылғы қыркүйектегі дерек бойынша, қазақстандықтар 90 бағытқа алдын ала виза алмай бара алады. Оның 43-іне визасыз кіруге болады, 41 бағытта виза келген кезде немесе жеңілдетілген тәртіппен рәсімделеді. Тағы 6 бағытқа электрондық сапарға рұқсат қажет.

Ал 108 бағытқа бару үшін қазақстандықтар визаны алдын ала рәсімдеуі керек.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
5360019
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 23 қаз., 09:00

Photo1/2
👀Meta компаниясына Facebook қолданушыларын алдағаны үшін 25 млрд доллар айыппұл салынуы мүмкін

АҚШ соты Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясын пайдаланушылардың жеке деректерінің қорғалуы туралы жалған ақпарат берді деп айыптады. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.

Алқабилер 43 миллионнан астам заңбұзушылықты анықтаған. Айыптау тарапының мәліметінше, Meta қолданушыларға олардың жеке деректеріне кімдердің қол жеткізе алатыны туралы толық ақпарат бермеген. Сонымен қатар компания өшпенділікке негізделген контент пен жалған ақпараттың таралуына қарсы жеткілікті күреспеген.

Іс британдық Cambridge Analytica компаниясының Facebook желісіндегі шамамен 87 миллион қолданушының деректерін жинауына байланысты қозғалған. Бұл мәліметтер саяси жарнама үшін, соның ішінде 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауы кезінде пайдаланылған.

Штат билігі ықтимал айыппұлдан түскен қаражатты білім беру саласына бағыттауды жоспарлап отыр.

Ал Meta сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, оған апелляциялық шағым түсіруге ниетті.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
6630013
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 17:08

Photo1/2
👀Украина болашағын айқындауы мүмкін үш оқиға

1. АҚШ Конгресіне сайлау - 2026 жылғы 3 қараша.

Киевте демократтар Конгрестің бір немесе екі палатасында да жеңіске жетсе, Дональд Трамп Вашингтондағы билікті республикашылдар толық бақылап отырған соңғы апталарда оларға қарсы әрекетін күшейтуі мүмкін деп қауіптенеді.

2. Қараша айының ортасында Қытайда Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің ықтимал саммиті өтеді.

Кездесудің мақсаты - соғысты аяқтау жолдарын талқылау. Алайда келіссөздерге Украина қатыспауы мүмкін.

3. Желтоқсанның ортасында Майами маңында G20 саммиті өтеді.

Кеңесшілердің айтуынша, Трамп Путин мен Зеленский арасындағы делдал рөлін атқарып, бейбіт келісімге қол қоюға ықпал еткісі келеді. Ол үшін Украинаға қысым жасауға да баруы мүмкін.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,3500014
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 15:30

Photo1/2
😳Атырауда буллингке ұшыраған алтыншы сынып оқушысы мектепке пышақ алып келген

21 қазанда Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылардың бірі мектепке пышақ алып келіп, өзін ренжіткен сыныптастарымен есеп айырысатынын айтып қорқытқан.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, бала сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған болуы мүмкін. Бір кезде ол қарсылық көрсетуге бел буып, мектепке пышақ алып келген. Оны басқа балаларға көрсетіп, өзіне тиісіп жүргендерден кек алмақ болғанын аңғартқан.

Оқушылар бұл туралы мұғалімге хабарлаған. Педагог полиция мен жанжалға қатысқан балалардың ата-аналарын шақырды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал болғанын және олардың бірінен пышақ табылғанын растады. Алайда пышақтасу болды деген қауесетті жоққа шығарды.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,3400016
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 14:49

Video
😳Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде жарылыс болды: Әкімдік не дейді?

Алматыдағы Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінде бүгін жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, үш пәтер зақымданған.

Бүгін Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиғадан кейін өрт шықпаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұған табиғи газдың таралуы себеп болуы мүмкін.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

📹: Instagram/aidos.tru

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,3800013
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 13:35

Video
😳Ақтауда 600 мыңнан астам оқырманы бар блогер алаяқтық күдігімен ұсталды

Тергеу мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желі арқылы Қытайдан тауар жеткізіп беруге уәде етіп, жарнама жасаған. Осыған сенген азаматтар оларға ақша аударған. Алайда тапсырыс берушілер уәде етілген тауарларды алмаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, жиналған қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденген жоқ.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,7100023
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 13:12

Video
😍Ресейде соғыс қаупіне тап болған қазақ жігіттері елге оралды

Ресейге жұмыс істеуге барып, кейін соғысқа тартылу қаупіне тап болған қазақ жігіттері Қазақстанға оралды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Осы балалардың әрқайсысы бүгін өз жерінде, өз елінде, өз ата-анасының жанында. Аллаға сансыз шүкір», - деп жазды заңгер.

Еске салайық, бұған дейін Ресейге жұмыс іздеп барған бір топ қазақ жігіті соғысқа тартылуы мүмкін екенін айтып, Қазақстан билігінен көмек сұраған еді. Олардың айтуынша, Ресей аумағында жүрген кезде соғысқа жіберілу қаупіне тап болған.

Осы жағдайдан кейін жігіттердің елге оралуына көмектесу мәселесі көтерілді.

Елге нақты қанша қазақстандықтың оралғаны әзірге белгісіз. Бұған дейін 13 адамды қайтаруға дайындық жүріп жатқаны хабарланған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,5000029
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 12:32

Video
😳РФММ-де уланған балалар саны 51-ге жетті Бұл туралы балалар омбудсмені, Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева балаларды аралап қайтқаннан кейін мәлімдеді. «Барлығы 43 ұл және бес қыз бар. Жаңа ғана тағы үш бала жеткізілді. Олар РФММ интернатында…
1,3100012
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 12:01

Photo1/2
😳«Балаларымды қайтарғым келеді»: Ақбаян Мұқанғалиева туыстарының өлімінен бейхабар

Бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемалиев төрт туысын өлтіріп, өзін шетелге алып қашқан Атырау облысының тұрғыны Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ата-анасынан, бауыры мен әпкесінен айрылған әйел әлі күнге дейін отбасының басына түскен қайғылы оқиғадан бейхабар. Қазір ол өмірін қайта қалпына келтіріп, балалар үйіне орналастырылған бес баласын өз қамқорлығына алуға тырысып жүр.

Туыстарының үйінде тұрып жатқан Ақбаянның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Алайда оған ұзақ уақыт бойы емделіп, оңалту курсынан өту қажет. Жақындары әйелге қолдау көрсетіп, мамандардың көмегіне жүгінуіне жағдай жасауға тырысып жүр. Олар Ақбаянның ата-анасы мен бауырлары туралы сұрай бастауынан алаңдайды.

«Мамандар оған шындықты естуге әлі дайын емес екенін айтты. Сондықтан әзірге ештеңе айтпай отырмыз. Болған оқиғаның бәрін жеткізсек, оның жағдайы қалай өзгеретінін білмейміз. Қайтадан жанын жаралап алудан қорқамыз. Ең бастысы – оның аяғынан тұрып кетуі», - деді туысы Әсила Мұқанғалиева.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемалиев Ақбаянның ата-анасын, бауыры мен әпкесін өлтіргеннен кейін әйелді өзімен бірге Индонезияға алып қашқан. Кейін екеуі де табылды. Бастапқыда Ақбаянның өзіне де күдік түскен. Алайда оның жағдайы ауыр екені және айналасында не болып жатқанын толық түсінбейтіні анықталған.

Бесінші баласын ауыр босанғаннан кейін Ақбаянға ота жасалып, жадында үлкен олқылықтар пайда болған. Психиатриялық сараптамалардан соң оған қатысты күдіктер алынып тасталды. Әйел біраз уақыт психиатриялық диспансерде емделген.

Қазір Ақбаян балаларының есімдері мен туған күндерін жақсы есте сақтайтынын айтады. Ол балаларымен апта сайын кездесіп, оларды үйіне алып кетуді армандайды.

«Кенжем жылайды. “Мені алып кетші” деп сұрайды. Үлкен балаларым жағдайды түсінеді. Аптасына екі рет психологқа барамын. Әзірге басқа жерде дәрігердің бақылауында емделіп жүрген жоқпын. Кейде басым ауырады, бірақ кейін басылады», - деді ол.

Туыстарының сөзінше, Ақбаян бұрынғы өміріндегі адамдарды танып, өткенін біртіндеп еске түсіріп жүр. Дегенмен бесінші баласы дүниеге келгеннен кейінгі кезең оның жадынан өшіп қалған. Жақындары әйелдің сауығып кетуіне көмектесу үшін оны Алматы немесе Астанадағы білікті мамандарға көрсетуді жоспарлап отыр.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,5200013
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 10:45

Photo1/2
👀«Ештеңе істей алмаймын»: Илон Маск ЖИ-дің адамзатқа қаупін мойындады

Илон Маск жасанды интеллект адамзатқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің өмірбаянын жазған Уолтер Айзексонға берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мен мұны тоқтату үшін ештеңе істей алмаймын», - деді кәсіпкер.

Масктың айтуынша, оның алдында екі таңдау болған: жасанды интеллектіні дамытуға тікелей қатысу немесе сырттан бақылап отыру. Нәтижесінде ол технологияның дамуына араласуды жөн көрген.

Кәсіпкер бұл арқылы жасанды интеллектінің қай бағытта дамитынына ықпал ете алатынына сенеді. Сондай-ақ оның қатысуы технологияны қауіпсіз бағытта дамытуға көмектеседі деп үміттенеді.

Алайда Масктың өзі де бұл технологияның адамзат үшін ықтимал қауіптерін жоққа шығармайды. Оның сөзінен жасанды интеллектінің дамуын толық тоқтату мүмкін емес деген көзқарасты аңғаруға болады.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,1900013
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 10:02

Photo1/2
👀Қазақстандықтар зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы зейнетақы төлемдерін ала алады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2026 жылы зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге қойылатын жас талаптары:

🔺Ерлер – 55 жастан бастап;
🔺Әйелдер – 53 жастан бастап;
🔺Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде 60 ай төленген азаматтар – 50 жастан бастап.

Ал кейінге қалдырылған аннуитетті ерлер мен әйелдер 45 жастан, ал тиісті кәсіптік жарналары бар азаматтар 40 жастан бастап рәсімдей алады. Бұл жағдайда төлемдер келісімшартта көрсетілген мерзімде басталады.

Аннуитет бойынша төлем мөлшері жыл сайын кемінде 8%-ға өсіп отырады. Алайда оны рәсімдеу үшін зейнетақы жинағында жеткілікті қаражат болуы керек.

📌Маңыздысы: зейнетақы аннуитеті мемлекеттік зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік бермейді. Ол жинақтың бір бөлігін сақтандыру компаниясына аудару арқылы ертерек төлем алуға мүмкіндік береді.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,1000020
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 22 қаз., 09:19

Photo1/2
👀Тергеуге іліккен «күдікті» әскерилерге 85 мың теңге ғана төленеді

Қазақстанда Ішкі істер министрлігіне қарасты әскери қызметкерлердің жалақысы мен жәрдемақысын төлеу тәртібі өзгереді. Енді себепсіз жұмысқа келмеген күндері үшін жалақы төленбейді. Ал тергеуге алынған әскери қызметкерлерге төленетін ақша мен басқа да төлемдерге қатысты жаңа талаптар енгізілді.

Өзгерістер Ішкі істер министрінің 28 қыркүйектегі №682 бұйрығымен бекітілген. Жаңа ережелер 30 қазаннан бастап күшіне енеді.

📌Жұмысқа келмеген күндерге ақша төленбейді

Егер әскери қызметкер бір ай бойы толық жұмыс істемесе, оның жалақысы нақты қызмет атқарған күндеріне қарай есептеледі. Себепсіз жұмысқа келмеген күндері үшін ақы төленбейді. Ол үшін командир қызметкердің жұмысқа келмеген күндерін көрсетіп, арнайы бұйрық шығаруы керек.

📌Тергеуге алынған әскери қызметкерлер қанша алады?

Егер әскери қызметкер қылмыстық іске байланысты күдікті деп танылып, уақытша командирдің қарамағына берілсе, оған осы кезеңде ең төменгі жалақы мөлшерінде ақша төленеді. Қазір бұл - 85 мың теңге.

Ал тергеу аяқталғаннан кейін әскери қызметкердің кінәсі дәлелденбесе және ол ақталса, осы кезеңде ала алмаған ақшасы қайтарылады.

📌Басқа қызметке ауысқанда жалақы сақтала ма?

Егер әскери қызметкер бұрынғы лауазымынан босатылып, жаңа қызметке бірден тағайындалмаса, бұрынғы жалақысы белгілі бір мерзімге сақталуы мүмкін.

🔺Басқа лауазымға ауысқан жағдайда – екі айға дейін.
🔺Әскери бөлімнің құрылымы немесе штат саны өзгерген жағдайда – үш айға дейін.

📌Далалық оқу-жаттығуға қатысқандарға қосымша ақы төленеді

Бір тәуліктен ұзақ далалық оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметкерлерге қосымша ақша беріледі. Төлем оқу-жаттығу аяқталып, қызметкер әскери бөлімге оралғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жасалуы тиіс.

Ол үшін командир арнайы бұйрық шығарады.

📌Әскерден босатылатын жетім балаларға қатысты өзгеріс

Мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға әскерден босатылған кезде берілетін жәрдемақыны рәсімдеу тәртібі де нақтыланды.

Енді қажетті растау құжатын алу үшін әскери бөлімнің жауапты қызметкерлері жергілікті әкімдікке алдын ала сұрау жіберуі керек. Осылайша, әскери қызметкер құжатты өзі іздеп жүруге міндетті болмайды.

📌Шетелде оқитын әскери қызметкерлердің төлемі

Шетелдегі әскери оқу орындарында білім алып жүрген қызметкерлерге төленетін ақша халықаралық келісімдер мен жасалған шарттарға сәйкес есептеледі.

Жаңа талаптар Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі әскери қызметкерлерге қатысты және 30 қазаннан бастап қолданылады.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,1800014
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 21 қаз., 17:34

Video
😳Көкшетауда жасөспірім ашық қалған құдыққа түсіп кетті

Оқиға туралы жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде видео жариялап, құдықтың ашық жатқанына наразылығын білдірді.

Жағдайға «Көкшетау Су арнасы» жауап берді. Кәсіпорынның мәліметінше, қазір құдықтардың кімге тиесілі екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құдықтың люгі уақытша жабылып, айналасы қоршалды», - делінген мекеме хабарламасында.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,4500017
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 21 қаз., 15:32

Photo1/2
👀Каспий теңізінің жағалауынан 173 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауынан бекіре тұқымдас 173 балықтың өлексесі табылды. Олардың қырылу себебі анықталып жатыр.

Өлген балықтар жағалау аумағын мониторингтеу кезінде анықталған. Тексеру жұмыстарына балық инспекциясының, полицияның және өңірлік экология департаментінің қызметкерлері қатысты.

Мамандар ықтимал себептерді анықтау үшін теңіз суынан сынама алып, зертханалық талдауға жіберді.

Маңғыстау облысының экология департаменті зерттеу нәтижелері қосымша жарияланатынын хабарлады.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,2800022
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 21 қаз., 14:34

Video
😳Орал облысында 16 жастағы жасөспірім секіріп, саябақтағы орындықты сындырды

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында үш жасөспірімнің серуені қала мүлкін бүлдірумен аяқталды. 16 жастағы оқушы демалуға арналған орындықтың үстіне секіріп, оны сындырып алған. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Оқиға жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция жасөспірімнің кім екенін анықтап, істің материалдарын сотқа жолдады.

Сот шешімімен жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды.

Полицияның ескертуінше, біреулер қаланы көркейтуге күш салса, енді біреулер ортақ мүлікті санаулы секундта бүлдіреді. Ал жасөспірімдердің ойланбай жасаған әрекеті үшін ата-анасы да жауап беруге мәжбүр болуы мүмкін.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,2500019
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 21 қаз., 13:33

Video
😳Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылған

Тергеу мәліметінше, Маңғыстау облысының кәсіпкері мұнай сатып алып, оны шағын зауыттарда өңдеген. Кейін жалған құжаттар рәсімдеген. Осыдан соң мұнай өнімдерін пеш отыны ретінде көрсетіп, Ақтау порты арқылы танкермен шетелге жөнелтіп отырған.

2019-2023 жылдар аралығында осы тәсілмен 160 мың тоннадан астам өнім заңсыз шығарылуы мүмкін. Жасалған операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 млрд теңгені құраған.

Топтың бес мүшесі 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, мемлекет кірісіне 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.

Схеманы ұйымдастырды деген күдікті халықаралық іздеуде жүр.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,3500020
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 21 қаз., 13:11

Photo1/2
😳Астанада интернет-дүкен есірткі қосылған тәтті сатқан

Жалдамалы пәтерлерде каннабис қосылған салмасы бар тәтті бәліш дайындап, буып-түйіп, сатумен айналысқан бес ер адам ұсталды.

«Шамамен 12 келі түрлі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 8 келіден астам марихуана, 1,5 келі гашиш және 2 келі каннабис шайыры бар», - деп хабарлады ІІМ.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,2000016
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 21 қаз., 12:32

Photo1/2
👀Алматыдағы ірі базарды сүре бастады

Алматының Қайрат шағынауданында орналасқан «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жалпы аумағы 56 мың шаршы метрден асатын сауда нысандары қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған.

Сот процестерінен кейін нысанды бұзу туралы шешім күшінде қалды. Қазір базарды сүріп жатыр. Жұмыстарды сот шешімін орындау мақсатында нысанның меншік иесінің өзі жүргізеді.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,2000012
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 18 қаз., 15:37

Video
😳«Макрон, кет!»: Францияда 550 мың адам билікке қарсы шықты

17 қазанда Францияның бірнеше қаласында мыңдаған адам биліктің ішкі саясатына қарсы наразылыққа шықты. Билік дерегінше, шеруге шамамен 550 мың адам қатысқан. Ал 1200 адам тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньестің мәліметінше, Парижде 110 мыңға жуық адам жиналған. Алайда шеруді ұйымдастырушылардың бірі - Жалпы еңбек конфедерациясы (CGT) қатысушылар санын 800 мың деп бағалады.

Наразылық акциялары Парижбен қатар Лион, Марсель, Тулуза, Лилль, Страсбург, Лимож, Бордо және Гренобль қалаларында өтті. Кейбір жерлерде шерулер тонау, өрт қою және мүлікті бүлдіру әрекеттеріне ұласқан.

Францияда соңғы апталарда өмір сүру құнының қымбаттауына байланысты наразылық күшейіп келеді.

Францияда наразылыққа шыққандар президент Эммануэль Макронға король XVI Людовиктің тағдырын еске салды. Шеруге қатысушылар кезінде корольдің басы шабылғанын айтып, қазіргі мемлекет басшысы да осындай жағдайға тап болуы мүмкін екенін меңзейтін ұрандар айтты.

«Макрон, Макрон, біз мұны қайталаймыз!» деп айғайлаған наразылық білдірушілер Париж көшелерінде президенттің отставкаға кетуін талап етіп жүр. Шерушілер қатарында мектеп оқушылары, студенттер және «сары жилеттер» қозғалысының өкілдері бар.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
9810018
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 17:11

Photo1/2
😁Өзбекстанда баласының тәрбиесіне жауапсыз қараған ата-ана 15 тәулікке қамалуы мүмкін

Өзбекстанда балаларының тәрбиесіне жауапсыз қараған ата-аналарға 9 млн сумға дейін айыппұл салынып, 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Ел президенті ата-аналар мен қамқоршылардың жауапкершілігін күшейту туралы заңға қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес, мынадай жаза түрлері қарастырылған:

🔺Баланы тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамағаны үшін 5-10 БРВ мөлшерінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 10-15 БРВ-ға дейін өседі.
🔺Баланы діни білім алуға заңсыз тартқаны үшін 10-15 БРВ көлемінде айыппұл салынады. Құқықбұзушылық қайталанса, 15–20 БРВ айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.
🔺Баланың міндетті білім алуына кедергі келтіргені үшін 15-20 БРВ мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда айыппұл 20-30 БРВ-ға дейін өседі немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылады.

Ескерту: БРВ - Өзбекстандағы базалық есептік шама. Айыппұлдың нақты сомасы оның қолданыстағы мөлшеріне байланысты.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,5700024
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 16:34

Photo1/2
😳Қазақстанда 2027 жылдан бастап автонесие алу қиындауы мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір автонесиелерге қойылған жеңілдіктер тоқтатылуы ықтимал. Мұндай жағдайда банктер қарыз алушыларға қойылатын талаптарды қатаңдатуы мүмкін.

Қазір Қазақстанда қарыз жүктемесі коэффициентінің (ҚЖК) стандартты шегі 50% деңгейінде. Яғни ай сайынғы расталған табысы 400 мың теңге болатын адамның барлық несие бойынша төлемі, әдетте, 200 мың теңгеден аспауы керек.

Қазіргі уақытта кейбір автонесиелер бұл талаптан босатылған. Егер жеңілдік ұзартылмаса, 2027 жылдан бастап оларға да жалпы талаптар қолданылуы мүмкін. Алайда Ұлттық банк әзірге түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

📌Алғашқы жарнаға қатысты қандай талап бар?

Қолданыстағы ережелер бойынша ҚЖК шектеуінен босату үшін жүрілген көліктерге мынадай ең төменгі алғашқы жарна қарастырылған:

🔺Үш жылға дейінгі көлікке – құнының кемінде 30%-ы;
🔺Үш жылдан асқан көлікке – кемінде 50%.

Ал елде алғаш рет тіркелетін жаңа көліктер үшін бұл жеңілдік аясында ең төменгі алғашқы жарна мөлшері белгіленбеген. Дегенмен банктер өз талаптарын қоя алады. Егер жеңілдік тоқтатылса, алғашқы жарна төлеу қарыз алушыны қарыз жүктемесі коэффициентінің талабынан автоматты түрде босатпайды.

📌Неліктен талаптар қайта қарастырылып жатыр?

Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 1,2 трлн теңгеге автонесие берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға аз. Сонымен қатар автонесиелердің жалпы портфелі өсіп келеді. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша оның көлемі 4,3 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 16,3%-ға артқан.

Ұлттық банк жеңілдіктерді ұзарту мәселесін кредиттік портфельдің сапасы мен халықтың борыш жүктемесін ескере отырып қарастырып жатыр.

Бұған дейін рәсімделген несиелердің шарттары ықтимал өзгерістерге байланысты автоматты түрде өзгермейді. Ал жаңа автонесие алатын азаматтарға өтініш берген кезде қолданыста болатын талаптар қойылады.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,2800014
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 15:42

Video
👀Алматыда жолаушылардың шағымынан кейін №118 автобусының қозғалыс кестесі өзгереді

Желіде №118 автобустағы жағдай жарияланды. Кадрлардан жолаушылардың шамадан тыс көптігінен автобус есігі жабылмай қалғанын көруге болады.

«Күн сайын жұмысқа бара жатқанда өзімді заманауи мегаполисте жүрген адамдай емес, консерві құтысына нығыздап тығып қойған еттей сезінемін. Адамдар баспалдақта салбырап тұрады. Жүргізуші кенет тежесе, дөңгелектің астына түсіп кетуіміз мүмкін», - деп жазды ол.

Алматы әкімдігі шағымға жауап беріп, қарбалас уақытта №118 автобустың қозғалыс кестесі әзірленіп жатқанын хабарлады.

Жаңа кесте автобустар арасындағы интервалды қысқартып, аялдамада күту уақытын азайтуға және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,1900012
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 14:42

Video
😳Түркияда су тасқынынан үйлер құлап жатыр

Түркияның Сакарья провинциясында су тасқыны салдарынан екі қабатты тұрғын үй өзенге құлап кетті.

Жағалауға жақын орналасқан ғимараттың іргетасын тасқын су шайып кеткен. Соның салдарынан үй санаулы секунд ішінде ағыны қатты өзенге опырылып түскен. Оқиға сәтін жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өңірде қатты дауыл соғып, жағдай күрделене түскен. Көршілес Сапанджа ауданында су тұрғын үй кешендерін басып, туристерге арналған бунгало үйлердің бірін ағызып әкеткен.

Тасқынға байланысты Сакарья, Ыстанбұл және тағы төрт провинцияның билігі мектептердегі дәстүрлі оқу сабақтарын тоқтатты.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,2100015
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 13:42

Photo1/2
😳АҚШ-тағы мектептегі атыстан мұғалім мен үш бала қаза тапты

АҚШ-тың Орегон штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, төрт адам көз жұмды. Күдікті - 16 жастағы жасөспірім. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Қаза тапқан балалар бес, сегіз және 11 жаста болған. Тағы екі адам - жеті жастағы оқушы мен 54 жастағы мұғалім ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім мектепке кіріп, жабық есіктер арқылы оқ атқан. Кейін оның соңынан қаруланған жергілікті тұрғын қуған. Ақырында ол шабуыл жасаған жасөспірімді атып өлтірді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,1800010
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 12:30

Photo1/2
👀«Мұнда жалақы да аз»: Алматыдағы баға оңтүстіккореялық туристі таңғалдырды

Оңтүстік Кореядан келген турист қыз Алматыдағы күнделікті шығындарды Сеулдегі бағалармен салыстырып, таңданысын жасырмады. Оның айтуынша, Қазақстандағы кейбір тауарлар мен қызметтердің құны өз еліндегіден арзан емес, тіпті бірдей болып шыққан.

Турист әсіресе мейрамханадағы бағаға наразы болған. Оның сөзінше, 9 мың теңгеге алған тағамның порциясы өте аз болған. Бұған қоса, есепшотқа 10 пайыздық шайпұл қосылған.

Қызды Қазақстандағы бағалар мен жергілікті тұрғындардың табысы арасындағы айырмашылық та таңғалдырды. Ол кейбір шығындардың Сеулмен шамалас екенін айтып, мұндай бағаның қалай қалыптасатынына түсінбеген.

Туристің әсері әлеуметтік желіде талқыланып жатыр.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,2400038
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 11:34

Video
😳Алматыда жасөспірімдер 11 жастағы баланы ұрып-соғып, аузы мен құлағына шикі балық тыққан

Алматыда 13-14 жастағы жасөспірімдер 11 жастағы баланы және ауладағы өзге балаларды қорлаған. Бұл туралы Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы жазды.

Әйелдің айтуынша, жасөспірімдер оның ұлын аулада ұрып-соғып, аузы мен құлағына шикі балықты аямай тыққан.

Осы оқиғадан кейін баланың анасы полицияға арыз берді.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,2500019
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 10:46

Photo1/2
👀Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы жаңа компания ашты

Forbes Kazakhstan рейтингтеріне енген Гүлнар Досаева 14 қазанда DOS&Co. Ltd. атты жаңа компанияны тіркеді.

Компания Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген. Сипаттамасына сәйкес, ол холдингтік құрылым ретінде жұмыс істеп, еншілес және үлестес компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестерді сатып алу мен иеленуге бағытталады. Сондай-ақ топтың стратегиясын үйлестіріп, еншілес құрылымдарға корпоративтік және әкімшілік қолдау көрсетеді.

DOS&Co. Ltd. компаниясының капиталы - 100 млн теңге. Оның жалғыз құрылтайшысы - Гүлнар Досаева.

2026 жылы Forbes Kazakhstan-ның ең ықпалды 25 әйелі рейтингінде ол 13-орынға, ал ең бай 25 әйел тізімінде 10-орынға жайғасқан. Басылым оның байлығын 61 млн долларға бағалаған.

Гүлнар Досаеваның бизнес активтерінің қатарында мұнай-газ сервистері, өнеркәсіптік инфрақұрылым, жер қойнауын пайдалану, тау-кен өндірісі, фармацевтика, білім беру және HR қызметтерімен айналысатын Lancaster Holding тобының үлесі бар.

Сондай-ақ ол Гауһар Қаппаровамен бірге люкс тауарлар саудасы мен онлайн сатылымға маманданған «G and G Гламур» және GGonline компанияларын иеленеді. Бұл компаниялардың Алматы мен Астанада 10 бутигі бар.

Гүлнар Досаева әлеуметтік жобаларға да қатысады. 2005 жылы ол жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Дара» қорын құрған. Бұдан бөлек, Dos.community зияткерлік волонтерлік платформасын іске қосып, Нұрлан Каппаров атындағы қоғамдық қордың теңқұрылтайшысы болған.

Ол - Алматы қаласын 2022-2025 жылдары басқарған Ерболат Досаевтың жұбайы.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,3500013
ZTB - QAZAQSTAN logo
ZTB - QAZAQSTAN

2026 ж. 16 қаз., 09:41

Photo1/2
😳Мәскеу Башар Асадқа баспана беру туралы шешімін өзгертпейтінін мәлімдеді

Ресей мен Сирия 2026 жылдың соңына дейін Хмеймим әуе базасы мен Тартус қаласындағы Ресей Әскери-теңіз күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету пунктінің мәртебесіне қатысты үкіметаралық келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Георгий Борисенко RTVI телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Дипломаттың айтуынша, Сириядағы Ресей нысандары іс жүзінде бірлескен оқу-жаттығу орталықтарына айналып жатыр. Онда сириялық әскери қызметшілерді де даярлау көзделген.

Сонымен қатар Георгий Борисенко Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадқа Ресейден баспана беру туралы шешімнің өзгеріссіз қалғанын растады.

❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼

@infoztb немесе https://wa.me/77779419900

@ztb_qazaq
1,3800014

Showing 30 of 84 posts

Рейтинг

Кіру қажет

Frequently Asked Questions

ZTB - QAZAQSTAN Telegram арнасы не туралы?+

ZTB - QAZAQSTAN (@ztb_qazaq) — tgdio сайтында Жаңалықтар және газеттер санатындағы Telegram арнасы. Рейтинг, пікірлер, ранг және соңғы посттарды қарап, жазылмас бұрын шешіңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 13 596 жазылушы бар.

ZTB - QAZAQSTAN (@ztb_qazaq) арнасына Telegram-да қалай қосылуға болады?+

tgdio сайтында арна профилін ашып, Join / Open in Telegram арқылы @ztb_qazaq арнасына тегін жазылыңыз.

ZTB - QAZAQSTAN жақсы Жаңалықтар және газеттер арнасы ма?+

tgdio сайтында қосылмас бұрын ZTB - QAZAQSTAN рейтингін, пікірлерін, рангін және посттарын тексеріңіз. Қазір tgdio сайтында шамамен 13 596 жазылушы бар. ұқсас Жаңалықтар және газеттер арналарымен салыстырыңыз.

ZTB - QAZAQSTAN статистикасы мен посттарды қайдан көруге болады?+

tgdio сайтында @ztb_qazaq бетін ашыңыз: жазылушылар статистикасы, ранг, рейтинг және посттар. Stats сілтемесі өсу графигін көрсетеді.