
17 қазанда Францияның бірнеше қаласында мыңдаған адам биліктің ішкі саясатына қарсы наразылыққа шықты. Билік дерегінше, шеруге шамамен 550 мың адам қатысқан. Ал 1200 адам тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған.
Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньестің мәліметінше, Парижде 110 мыңға жуық адам жиналған. Алайда шеруді ұйымдастырушылардың бірі - Жалпы еңбек конфедерациясы (CGT) қатысушылар санын 800 мың деп бағалады.
Наразылық акциялары Парижбен қатар Лион, Марсель, Тулуза, Лилль, Страсбург, Лимож, Бордо және Гренобль қалаларында өтті. Кейбір жерлерде шерулер тонау, өрт қою және мүлікті бүлдіру әрекеттеріне ұласқан.
Францияда соңғы апталарда өмір сүру құнының қымбаттауына байланысты наразылық күшейіп келеді.
Францияда наразылыққа шыққандар президент Эммануэль Макронға король XVI Людовиктің тағдырын еске салды. Шеруге қатысушылар кезінде корольдің басы шабылғанын айтып, қазіргі мемлекет басшысы да осындай жағдайға тап болуы мүмкін екенін меңзейтін ұрандар айтты.
«Макрон, Макрон, біз мұны қайталаймыз!» деп айғайлаған наразылық білдірушілер Париж көшелерінде президенттің отставкаға кетуін талап етіп жүр. Шерушілер қатарында мектеп оқушылары, студенттер және «сары жилеттер» қозғалысының өкілдері бар.
❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз👇🏼
@infoztb немесе https://wa.me/77779419900
@ztb_qazaq









